• Мое избранное
Атырау облысының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру және қайта атау туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Атырау облысының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру және қайта атау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 369 қаулысы

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, темiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есiмiн беру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 11, 81-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мынадай білім беру ұйымдарына:
1) "Жалпы білім беретін № 2 орта мектебі" мемлекеттік мекемесіне Жұмекен Нәжімеденовтің есімі;
2) "№ 33 жалпы орта білім беретін мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесіне Қасым Қайсеновтің есімі;
3) "Жалпы білім беретін № 23 орта мектебі" мемлекеттік мекемесіне Ахмет Байтұрсыновтың есімі;
4) "№ 35 мектеп-гимназиясы" мемлекеттік мекемесіне Хамит Ерғалиевтің есімі;
5) "Жалпы білім беретін № 22 орта мектебі" мемлекеттік мекемесіне Әлия Молдағұлованың есімі;
6) "Жалпы білім беретін № 6 орта мектебі" мемлекеттік мекемесіне Мұрат Мөңкеұлының есімі;
7) "№ 1 мектеп-гимназиясы" мемлекеттік мекемесіне Ығылман Шөрековтің есімі берілсін.
2. Мынадай білім беру ұйымдары:
1) "Жалпы білім беретін № 1 В.И. Ленин атындағы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі – Атырау қаласы білім бөлімінің "Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп" мемлекеттік мекемесі;
2) "Жалпы білім беретін Абай Құнанбаев атындағы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі – Атырау қаласы білім бөлімінің "Мақаш Бекмұхамбетов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп" мемлекеттік мекемесі;
3) "Таңдай" орта мектебі" мемлекеттік мекемесі – Атырау облысы Махамбет аудандық білім бөлімінің "Қаршымбай Ахмедияров атындағы орта мектеп" мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.  
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Сағынтаев