Қазақстан Республикасының есірткіге және психотроптық заттарға 2018 жылға арналған қажеттілік нормалары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 504 қаулысы
«Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі халықаралық квоталарды бекiту үшiн осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының есiрткiге және психотроптық заттарға қажеттілігінің 2018 жылға арналған нормаларын Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Есiрткiнi бақылау жөнiндегi халықаралық комитетiнiң штаб-пәтерiне (Вена, Аустрия Республикасы) жiберсiн.
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі халықаралық квоталарды бекіткеннен кейін есiрткiге, психотроптық заттар мен прекурсорларға 2018 жылға арналған мемлекеттiк квотаны бекiту үшiн лицензиялары бар заңды тұлғалар айналымын жүзеге асыратын шектердегі қажеттілiк есебiн белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметіне енгiзсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының есірткіге және психотроптық заттарға қажеттілігінің 2018 жылға арналған нормалары
Есiрткiге қажеттiлiктердiң жылдық есептеулері, синтетикалық есірткілерді дайындау көлемі және апиын көкнәрі, каннабис өсімдігі мен кокаин бұтасын өсіру алаңы
1961 жылғы Есiрткi құралдары туралы бiрыңғай конвенция: 1, 12 және 19-баптар
1961 жылғы Есiрткi құралдары туралы бiрыңғай конвенцияға түзетулер туралы 1972 жылғы хаттама: 5 және 9-баптар
I бөлiм
Жалпы ақпарат және әдісті баяндау
IІ бөлiм
Есiрткiге қажеттiлiктердің жылдық есептеулері
(барлық елдер мен аумақтар үшін)
* – Омнопон дәрілік препаратын ескере отырып
1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвенцияның I, II, III және IV тiзiмдерiне енгiзілген заттарға жыл сайынғы медициналық және ғылыми қажеттiлiктердi бағалау (Экономикалық және Әлеуметтiк кеңестің 1981/7, 1991/44, 1993/38 және 1996/30 қарарларына сәйкес Есiрткiнi бақылау жөнiндегi халықаралық комитетке ұсынылады)
Осы есептеулер бiр данада:
ECIPTKІHI БАҚЫЛАУ ЖӨНIНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОМИТЕТКЕ тапсырылады
International Narcotics Control Board
Vienna International Centre
P. O. Box 500, A-1400 Vienna, Austria
Teлефон: + (43) (1) 26060-4277 Фaкс: + (43) (1) 26060-5867 или 26060-5868
Эл. почта: secretariat@incb.org, Psychotropics@incb.org
Негізгі бет: www.incb.org
Ішкі медициналық және ғылыми мақсаттарға арналған жылдық сұраныс
Комитет ұсынылатын бағалауды үш жылдың ішінде, егер осы кезең ішінде қандай да бір түзетулер енгізілмесе, басшылыққа алатын болады. Экспортқа қажетті мөлшерді жеке көрсеткен жөн. Егер олар енгізілген болса, көрсетуді сұраймыз.
I тiзiмге енгiзілген психотроптық заттарға қажеттiлiктерді бағалау
II тiзiмге енгiзілген психотроптық заттарға қажеттiлiктерді бағалау
III тiзiмге енгiзілген психотроптық заттарға қажеттiлiктерді бағалау
IV тiзiмге енгiзілген психотроптық заттарға қажеттiлiктерді бағалау