Ақтөбе облысының білім беру ұйымдарына атау беру және қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 мамырдағы № 302 қаулысы.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 11, 81-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Ақтөбе медициналық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың есімі берілсін.
2. "Қызылжұлдыз орта мектебі" мемлекеттік мекемесі Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының "Жақия Сәрсенов атындағы орта мектеп" мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев