• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Нормативтік құқықтық актілерді ресiмдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 және «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 6 қазандағы № 569 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 30.07.2023 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Нормативтік құқықтық актілерді ресiмдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 және «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 6 қазандағы № 569 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 506 қаулысы

Осы Қаулы 2023 жылғы 30 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2023 жылғы № 560 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Нормативтік құқықтық актілерді ресiмдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 49, 313-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актiлердi ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларында:
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«45. Орталық органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілерін тіркеуді аумақтық әділет органдары құжаттар ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жүзеге асырады.
Бірлескен нормативтік құқықтық актілерді бірлесіп қабылдаған орталық органдар, олардың ведомстволары немесе жергілікті органдар оларды күшін жойды деп таниды не тоқтата тұрады.
Осы тәртіп өзге де мемлекеттік органдармен келісу бойынша қабылданған актілерге де қолданылады.»;
46-тармақ алып тасталсын;
2) «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 569 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 50, 316-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларында:
43-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қолданыстағы нормативтік құқықтық актiлерге өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгiзудi көздейтiн нормативтік құқықтық актінің жобасына енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың тиiсті негiздемесімен нормативтік құқықтық актінің бұрынғы және жаңа редакциясының салыстырмалы кестесi қоса берiледi.»;
47, 48 және 49-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«47. Нормативтік құқықтық актінің жобасы келісуге жіберілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдары, егер заңнамада өзге мерзім белгіленбесе не жоғары тұрған мемлекеттік органдардың (лауазымды адамдардың) тапсырмаларынан туындамаса, нормативтік құқықтық актінің жобасы келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде ол бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын дайындауға немесе олардың жоқтығы туралы нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеген органға хабарлауға тиіс.
Нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп тану, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің немесе олардың жекелеген нормаларының қолданысын тоқтата тұру туралы нормативтік құқықтық актінің жобасын келісу келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ескертулері кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды қамтуға, сондай-ақ оның құзыретіндегі мәселелерге тікелей қатысты, негізделген және толық болуға тиіс.
Ескертулер болған кезде нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеген орган қажеттілігіне қарай оны пысықтайды, одан кейін әзірлеуші орган мемлекеттік органның бірінші басшысы орынбасарының не жауапты хатшысының ЭЦҚ-сы қойылған нормативтік құқықтық акт жобасының пысықталған нұсқасын МО ИП-да орналастырады және оны мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге қайта жібереді.
Нормативтiк құқықтық актінің жобасын әзiрлеген орган келiсушi мемлекеттiк органдардың ескертулерiмен келiспеген жағдайда, бiрiншiсi осындай ескертудің әрқайсысы бойынша келiспеудiң жазбаша негiздемесiн қоса бере отырып, нормативтiк құқықтық актінің жобасын бұрыштама соғуға жiбередi.
Келiсу мерзiмi аяқталғаннан кейiн нормативтік құқықтық актінің жобасын әзiрлеушi орган мүдделi мемлекеттiк органдардың барлық ұсыныстарын жобаның соңғы нұсқасына жинақтайды (ескертулердi жояды).
Бұл ретте әзiрлеушi орган соңғы нұсқаны дайындау процесінде мемлекеттiк органдардың өзi келiскен ескертулерiн жояды.
48. Нормативтік құқықтық актінің жобасын МО ИП арқылы мемлекеттік органдарда түпкілікті келісу мерзімі келісуші мемлекеттік органның бірінші басшысының не оның міндетін атқарушы адамның ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, бұрыштама қою мерзімін қоса алғанда, бес жұмыс күнінен аспауға тиіс, бұл ретте мерзімдер нормативтік құқықтық актінің жобасы осы мемлекеттік органға түскен күннен бастап есептеледі.
Нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп тану, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің немесе олардың жекелеген нормаларының қолданысын тоқтата тұру туралы нормативтік құқықтық акті жобасын түпкілікті келісу келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
49. Нормативтік құқықтық акт жобасын төлнұсқада қағаз жеткізгіште мемлекеттік органдарда түпкілікті келісу мерзімі мемлекеттік органға түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп тану, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің немесе олардың жекелеген нормаларының қолданысын тоқтата тұру туралы нормативтік құқықтық актінің жобасын төлнұсқада түпкілікті келісу келіп түскен күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде жүргізіледі.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев