Toggle Dropdown
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2014 жылғы 11 сәуірдегі 12-бабы 1-тармағының 70-23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте

«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 3 қыркүйектен бастап ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 17.08.2021 жылғы № 405 Бұйрығына сәйкес
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2014 жылғы 11 сәуірдегі 12-бабы 1-тармағының 70-23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильинге жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ. Қасымов
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек 2017 жылғы « » «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов 2017жылғы « »
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығымен бекітілген
«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті
1-тарау. Қолданылу саласы
1. Осы «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі, «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленген.
2. Техникалық регламент өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеудің негізгі ережелерін айқындайды және:
1) осы Техникалық регламентке 1-қосымшада келтірілген өрт және оның қауіпті факторларының, заттары мен материалдарының, сондай-ақ өрт- жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша технологиялық орталардың; жарылыс қауіпті және өрт қауіпті аймақтардың; өрт қауіптілігі бойынша құрылыс материалдарының; құрылыс конструкциялары мен өртке қарсы тосқауылдардың; өрт-жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша электр жабдығының, сыртқы қондырғылардың, ғимараттардың, құрылыстар мен үй-жайлардың сыныптамасын;
2) қалалық және ауылдық елді мекендерді жобалау, ғимараттар мен құрылыстарды жобалау және салу кезінде өмірлік циклінің барлық сатысында әртүрлі мақсаттағы шаруашылық жүргізу объектілеріне қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптарын белгілейді.
3. Осы Техникалық регламенттің ережелері мақсаты мен меншік нысанына қарамастан жобалау, құрылыс, күрделі жөндеу, күрделі құрылыс объектілерін реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыру, функционалдық мақсатын өзгерту, техникалық қызмет көрсету, объектілерді пайдалану кезінде орындау үшін міндетті.
4. Әскери мақсаттағы объектілерге, радиоактивті және жарылыс заттары мен материалдарын қайта өңдеу, сақтау объектілеріне, химиялық қару мен жару құралдарын жою және сақтау объектілеріне, жерүсті ғарыш объектілері мен старттық кешендерге; тау-кен қазбалары объектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының ведомстволық нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өрт қауіпсіздігі талаптары сақталуы тиіс.
2-тарау. Терминдер мен анықтамалар
5. Осы Техникалық регламентте мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) адамдарды эвакуациялаудың есептік уақыты - эвакуациялау жолының берілген көлемдік-жоспарлау және конструкциядық шешімдері кезінде адамдарды өрт туралы хабарландырған сәттен бастап ғимарат, имараттан қауіпсіз аймаққа эвакуациялау аяқталған сәтке дейінгі уақыт аралығы;
2) авариялық шығу - эвакуация жолына, тікелей сыртқа немесе қауіпсіз аймаққа алып келетін, адамдарды құтқару үшін қосымша шығу ретінде пайдаланылатын, алайда эвакуация жолдары мен шығу есіктерінің қажетті саны мен көлемінің өрт кезінде адамдарды қауіпсіз эвакуациялау шарттарына сәйкестігін бағалау кезінде ескерілмейтін шығу жолы (есік, люк);
2-1) автоматтық автожанармай құю станциясы – технологиялық жүйесі көлік құралдарына сұйық мотор майын құюға арналған және резервуарларының жер астында орналасуымен және мұнай өнімдерін отын тарату колонкалары арқылы автоматтандырылған (оператордың қатысуысыз) түрде жіберумен сипатталатын стационарлық автожанармай құю станциясы;
5-тармақ 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Ішкі істер министрінің 28.06.2019 жылғы № 598 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 14.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) бықсу - жалынсыз жану;
4) ғимараттың биіктігі (эвакуациялау және құтқару үшін) – ғимаратқа жақын өту жолының өту бөлігінің қабатынан бастап жердің жоспарлы белгілеу деңгейінің және жоғарғы техникалық қабатты (қабаттарды) санамағандағы жоғарғы қабаттың (мансард қабатын қоса алғанда) еденінің деңгейіне дейінгі белгілеулердің айырымы. Еңісі бар немесе бірнеше өту жолдары бар жер учаскелерінде орналасқан ғимараттың биіктігі жоспарлы белгілеуінің төменгі деңгейінің немесе өту жолының төменгі деңгейінің және жоғары қабаттың едені деңгейінің белгілеулерінің айырымымен анықталады;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 15.06.2020 жылғы № 470 Бұйрығына сәйкес (28.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-1) дайындаушы – өнімді өз атынан өндіруді немесе өнімді өндіру мен өткізуді жүзеге асыратын және оның Қазақстан Республикасының техникалық регламенттері талаптарына сәйкестігіне жауапты заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға, оның ішінде шетелдік дайындаушы;
5-тармақ 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Ішкі істер министрінің 28.06.2019 жылғы № 598 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 14.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-2) дайындаушы уәкілеттік берген тұлға – дайындаушымен, оның ішінде шетелдік дайындаушымен шарт негізінде сәйкестікті растау және өнімді Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа шығару кезінде осы дайындаушының атынан әрекеттерді жүзеге асыратын, сондай-ақ өнімнің Қазақстан Республикасының техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмегені үшін жауаптылықта болатын, мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен оның аумағында тіркелген заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретіндегі жеке тұлға;
5-тармақ 4-2-тармақшамен толықтырылды ҚР Ішкі істер министрінің 28.06.2019 жылғы № 598 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 14.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) жалын таралуының температуралық шегі (жалындау) - қаныққан бу тотықтырғыш ортада жалын таралудың сәйкесінше төменгі (төменгі температуралық шегі) және жоғарғы (жоғарғы температуралық шегі) концентрациялық шегіне тең концентрация жасайтын зат температурасы;
6) жалын таралудың қалыпты жылдамдығы - жалын фронтының оның бетіне перпендикуляр бағытта жанбаған газға қатынаста орын ауыстыру жылдамдығы;
7) жалын таралудың төменгі (жоғарғы) шоғырланған шегі - жалынның жану көзінен қоспа бойынша кез келген қашықтыққа таралуы мүмкін болатын қышқыл ортасы бар біртекті қоспада жанғыш заттың ең аз мөлшері;
8) жалындау - от алу көзінен басталған және оны жойғаннан кейін де жалғасатын заттың жалындап жануы;
9) жану - от алу көзінің әсерінен өртене бастауы;
10) жану жылдамдығы - аудан бірлігінен уақыт бірлігіне жанатын сұйықтық мөлшері;
11) жанғыш орта - тұтану көзі әсері кезінде жалындауға қабілетті орта;
12) жанғыштық - заттар мен материалдардың жалындауға, өздігінен жану және (немесе) бықсу қабілеттілігі;
12-1) импорттаушы – мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен оның аумағында жеке кәсіпкер ретінде тіркелген, шетелдік дайындаушымен (сатушымен) өнім беруге сыртқы сауда шартын жасасқан, осы өнімді Қазақстан Республикасының аумағына айналысқа шығарудыжәне (немесе) сатуды жүзеге асыратын және оның техникалық регламенттіңталаптарына сәйкестігі үшін жауапты болатын заңды тұлға немесе жеке тұлға;
5-тармақ 12-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Ішкі істер министрінің 28.06.2019 жылғы № 598 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 14.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13) жылу өздігінен жанудың шарты - қоршаған орта температурасы, зат (материал) саны және оның өздігінен жану сәтіне дейінгі уақыт арасындағы эксперименттік анықталған тәуелділік;
14) заттар мен материалдардың өрт-жарылыс қауіптілігі - өрт жағдайында (немесе) физикалық-химиялық қасиеттерімен және қалпымен сипатталатын, заттар мен материалдардың жанғыш (өрт қауіпті немесе жарылыс қауіпті) ортаны жасау қабілеті;
15) конструкцияның отқа төзімділік шегі (өртке қарсы тосқауылдардың ойықтарын толтыру) - от әсерінің басынан бастап оттөзімділік бойынша осы конструкция үшін нормаланатын шекті күйге дейінгі уақыт;
16) қажетті эвакуациялау уақыты - өрттің қауіпті факторлары әсерлерінің нәтижесінде өмірі мен денсаулығына зиян келтірмей өрттің қауіпті факторлары жоқ аймаққа адамдар эвакуациялануы тиіс өрттің туындаған сәтінен бастап уақыт;
17) құтқару - ададмардың өміріне (денсаулығына) өрттің қауіпті факторларының әсер етуінен қауіп болған кезде өрттің қауіпті факторлары болмайтын аймаққа, оның ішінде тиісті техникалық құтқару және қорғау құралдарын пайдалана отырып, адамдарды жеке немесе ұжымдық ауыстыру процесі;
18) құтқару құралдары (құрылғылары) - адамдарға өрттің қауіпті факторларының әсер етуі және (немесе) олардың ілеспе көріністерінің болуы мүмкін және эвакуациялау өрттің қауіпті факторларымен немесе басқа да себептермен бұғатталған жерлерден адамдарды дербес немесе мәжбүрлі көшіруді қамтамасыз ететін техникалық құралдар;
19) мұнай және мұнай өнімдері қоймалары - мұнай және мұнай өнімдерін қабылдау, сақтау және беру үшін арналған ғимараттар, сұйық қоймалар және басқа да имараттар кешені;
20) объектінің өрт қауіпсіздігі - өрттің пайда болуы және дамуының, сондай-ақ өрттің қауіпті факторларының адам және материалдық құндылықтарға әсерін алдын алу мүмкіндігін сипаттайтын объектінің жай-күйі;
21) объектінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі - өрттің алдын алу және объектіге одан келетін шығысты азайтуға бағытталған ұйымдастыру шаралары мен техникалық құралдар кешені;
22) объектінің өрт қауіптілігі - өрт туындай және дамуы, сондай-ақ өрттің қауіпті факторларының адамдарға және материалдық құндылықтарға әсер ету мүмкіндігін сипаттайтын объекті күйі;