• Мое избранное
«Ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Внимание! Документ утратил силу с 02.05.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 2

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 299 бұйрығына 12-қосымша

12-қосымша күшін жойды 2020 жылғы 2 мамырдан бастап ҚР Энергетика министрінің 01.04.2020 жылғы № 123 Бұйрығына сәйкес         
Осы Бұйрық 12-қосымшамен толықтырылды ҚР Энергетика министрінің 24.02.2017 жылғы № 69 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.04.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 12.02.2019 жылғы № 43 Бұйрығына сәйкес (28.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 19.03.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-тарау.Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 12.02.2019 жылғы № 43 Бұйрығына сәйкес (28.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау.Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
заңды тұлғаның (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап –30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар пакетін тапсырған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу туралы куәлік немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 12.02.2019 жылғы № 43 Бұйрығына сәйкес (28.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса есептегенде, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Өтініштерді қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
  • 1
9. Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша көрсетілетін қызметті алушының өкілі), оның ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті жеңілдіктері бар тұлғалардың көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) құрылтай құжаттарының көшірмелері;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 28.05.2018 жылғы № 215 Бұйрығына сәйкес (12.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (16.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды)
3) аккредиттеу саласында немесе аккредиттеу саласымен тікелей байланысты қызметте кемінде бес жыл практикалық жұмыс тәжірибесі барын растайтын құжаттар;
4) персоналдың біліктілігін растайтын құжаттардың көшірмелері;
5) мәлімделген жұмыстарды орындау үшін бағдарламалық-техникалық құралдар және (немесе) есептеу әдістемелері.
Бағдарламалық-техникалық құралдарға ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздікті негіздеу үшін қажетті нәтижелерді алуға бастапқы деректер мен формулаларды енгізуге мүмкіндік беретін электрондық-есептеу машиналарының бағдарламалық қамтылымы жатады.
  • 1
10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіздеме болып табылады:
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 28.05.2018 жылғы № 215 Бұйрығына сәйкес (12.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (16.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды)
1) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарда дәйексіз ақпараттың болуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттарының Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушы персоналы біліктілігінің мәлімделген аккредиттеу саласына сәйкес келмеуі;
4) көрсетілетін қызметті алушының есептеу әдістемелері мен бағдарламалық құралдарының мәлімделген аккредиттеу саласына сәйкес келмеуі;
5) мәлімделген түр бойынша көрсетілетін қызметті алушының қызметпен айналысуға тыйым салу туралы сот шешімінің болуы.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себебін жойған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта жүгіне алады.
Ескертпе алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Ескертпе алынып тасталды ҚР Энергетика министрінің 28.05.2018 жылғы № 215 Бұйрығына сәйкес (12.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (16.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды)
3-тарау.Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымданған жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе Министрліктің басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
Шағымдар жазбаша түрде пошта арқылы немесе қолма-қол көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері, немесе «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы қабылданады (бұдан әрі – Портал).
Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды, онда оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.
Шағымның қабылданғанын растау оның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні көрсетіле отырып тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы, немесе Портал арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
13. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуі мүмкін.
4-тарау.Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
14. Мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушылар (олардың өкілдері) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кездегі мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: «Министрліктер үйі» ғимаратының он төртінші және он бесінші кіреберістері арасында орналасқан мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған жеке кіретін есікпен жабдықталған.
15. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мекенжайы:
15-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 28.05.2018 жылғы № 215 Бұйрығына сәйкес (12.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (16.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды)
1) Министрліктің интернет-ресуросында - www.energo.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі»;
2) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында www.kaenk.energo.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі.» орналасқан»;
  • 1
16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
16-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 12.07.2017 жылғы № 238 Бұйрығына сәйкес (24.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
  • 1
17. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 12.07.2017 жылғы № 238 Бұйрығына сәйкес (24.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
  • 1
«Ядролық, радиациялық, ядролық физикалық 
қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына
 ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін 
​қызмет стандартына
1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 12.02.2019 жылғы № 43 Бұйрығына сәйкес (28.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Нысан
Елтаңба
 Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу туралы КУӘЛІК
«Атом энергиясын пайдалану туралы» 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы
 Заңының 26-бабына сәйкес__________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы)
 ________________________________________________ жүзеге асыру үшін аккредиттеледі (аккредиттеу саласындағы жұмыс түрі)
 ________________________________________________________________________________
 _____________________________қауіпсіздіктің түрі(-лері) бойынша
 _________________________________________________________________________________
 _________________________________________________________________________________
 _____________________________________________________________________________
пайдалану (есеп айырысу әдістемесі(-лері) және (немесе) бағдарламалық- техникалық құралдары)
 _________________________________________________________________________________
 _________________________________________________________________________________
 _________________________________________________________________________________
 _________________________________________________________________________________
 Куәлік 20__ жылғы «___»___________ дейін жарамды
Уәкілетті органның басшысы
 ________________________________________________ ________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
 Сериясы ______№ _______________
Берілген күні:
  • 1
«Ядролық, радиациялық, ядролық физикалық 
қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына 
ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік
​көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 28.05.2018 жылғы № 215 Бұйрығына сәйкес (12.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (16.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды)
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 12.02.2019 жылғы № 43 Бұйрығына сәйкес (28.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Нысан
 Кімге:_________________________
 (уәкілетті орган
 _________________________
басшысының тегі, аты,
 ________________________
әкесінің аты (болған жағдайда),
 ________________________
лауазымы)
 Кімнен:________________________
 (заңды тұлға басшысының тегі,
 ________________________
аты, әкесінің аты (болған жағдайда),
 ________________________
лауазымы (болған жағдайда))
 Деректемелер:_____________________
бизнес сәйкестендіру
 ______________________
нөмірі, мекенжайы,
 _____________________
байланыс телефоны)
Өтініш
 ________________________________________аккредиттеуді сұраймын (заңды тұлғаның атауы)
 __________________________________________________________________
 _____________________________________________жүзеге асыру үшін (аккредиттеу саласындағы жұмыс түрі)
 _____________________________қауіпсіздіктің түрі (түрлері) бойынша
 _____________________________________________________________
 ____________________________________________________________
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
 1. ___________________________________________________________
 2. ___________________________________________________________
 3. ___________________________________________________________
 4. ___________________________________________________________
 5. ___________________________________________________________
 6. ___________________________________________________________
 Ұйымның басшысы_________________________________ ________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
 Толтырылған күні 20__жылғы «____» ___________