Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2017 жылғы 18 мамыр
№ 49 бұйрығына
1-қосымша
«Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламенті
1. «Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 95 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12055 санымен тіркелген) сәйкес, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық басқармаларымен (бұдан әрі-қызмет беруші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру жүзеге асырылады:
1) коммерциялық емес акционерлік қоғам «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;
2) «электрондық үкімет» www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (болмаса) қағаз тасымалдағышта.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі 79 бабына сәйкес, «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасының нысанына сәйкес.
2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметте қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің және Мемлекеттік корпорацияның іс-әрекеті тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетiлетiн қызметті алушының Стандарттың 9-тармағымен қарастырылған құжаттарының (бұдан әрі – құжаттар) болуы, мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімін (іс-әрекетін) бастаудың негізі болып табылады.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті жүргізудің іс-әрекетінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1) Мемлекеттік корпорация арқылы:
мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Мемлекеттік корпорация қызметкерінің қызмет алушыдан құжаттарды қабылдауы – 1 минут;
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің осы регламенте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығаруы және Мемлекеттік корпорация операторының қызмет алушының, сонымен бірге қызмет алушының өкілінің деректерін сенімхат бойынша сұрау нысанына енгізуі (нотариат бекіткен сенімхат бойынша ғана), кәмелеттік жасқа толмаған қызмет алушының заңды өкілі болған жағдайда, қосымша заңды өкілдің деректерінің енгізілуі – 1 минут;
«электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) қызмет алушының, оның заңды өкілінің (егер қызмет алушы кәмелеттік жасқа толмаса) деректері туралы, сондай-ақ бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі - БНАЖ) – қызмет алушының өкілінің сенімхаты туралы сұрау салу – 1 минутта;
ЖТ МДҚ қызметті алушының деректерінің болуын, БНАЖ сенімхат деректерінің болуын тексеру – 1 минут;
Мемлекеттік корпорация операторының сұрау нысанын толтыруы және қызмет көрсету сұрауының толтырылған нысанын (енгізілген деректер) электронды цифрлы қолы (бұдан әрі - ЭЦҚ) арқылы куәландыру (қол қою) – 1 минут;
Мемлекеттік корпорация операторының ЭҮШ арқылы ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты өңдеу үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ) жолдауы – 1 минут;
электрондық құжатты тіркеу және ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ сұрауды өңдеу – 30 секунд;
ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ деректерді тексеру (өңдеу) – 30 секунд;
ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ мәліметтерін сәйкестендіру бойынша ұқсастық болмаған жағдайда жауапты, қызмет нәтижесін (электрондық құжат) қалыптастыру – 1 минут;
ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ жүйесінің көмегімен қалыптастырылған қызметтің нәтижесін (электрондық құжатты) Мемлекеттік корпорацияның операторы арқылы қызмет алушының алуы. Электрондық құжат қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылуы-1 минут.
2) Қосымша тексеру жүргізу қажет болған жағдайда:
ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ тексеру сәйкестігі бойынша ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ жүйесімен қызмет алушының сауалнама деректірін салыстыруды орнату және қызмет алушыға қолмен өңдеуге жолдау – 1 минут;
сұраудың қосымша тексерілуге қалдырылғаны туралы Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесі бойынша хабарлама жолдау – 1 минут;
Мемлекеттік корпорация қызметкерімен қызмет алушыға қызмет нәтижесін беру күні көрсетілген қолхаттың берілуі – 1 минут;
ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ жүйесінен деректерді қосымша тексеру (өңдеу), оның ішінде соттылықтың жойылу мерзімін есептеу – 4 (төрт) жұмыс күні;
қызмет берушімен жауап, қызмет нәтижесін (электрондық құжаттың) қалыптастыру – 1 минут;
ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ жүйесінің көмегімен қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электрондық құжатты) Мемлекеттік корпорация операторы арқылы қызмет алушының алуы. Электрондық құжаттың қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылуы – 1 минут.
3) Шетелге шыққан жағдайда:
мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз тасымалдағышта алу үшін Мемлекеттік корпорация қызметкерінің қызмет алушыдан құжаттарды қабылдауы – 1 минут;
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің осы регламенте көрсетілген қызметті таңдауы, нәтиженің нысанын – қағаз тасымалдағышта таңдауы, қызмет көсету үшін экранға сұрау нысанын шығаруы және Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының деректерін сұрау нысанына енгізуі, қызмет алушының өкілі болған жағдайда - сенімхат бойынша (нотариалды куәландырылған сенімхат болғанда) өкілінің деректерін қосымша сұрау нысанына енгізуі, кәмелеттік жасқа толмаған қызмет алушының заңды өкілі болған жағдайда қосымша заңды өкілдің деректерін енгізуі – 1 минут;
көрсетілетін қызмет алушының, оның заңды өкілінің (егер қызмет алушы кәмелеттік жасқа толмаса), сондай-ақ БНАЖ көрсетілетін қызмет алушының өкілінің сенімхатының деректері туралы ЭҮШ арқылы ЖТ МДҚ сұрау салу – 1 минут;
көрсетілетін қызмет алушының, оның заңды өкілінің деректерінің ЖТ МДҚ болуын, БНАЖ сенімхат деректерінің болуын тексеру – 1 минут;
Мемлекеттік корпорация операторының сұрау нысанын толтыруы және қызмет көрсету сұрауының толтырылған нысанын (енгізілген деректер) ЭЦҚ арқылы куәландыруы (қол қоюы) – 1 минут;
ЭҮШ арқылы ААЖ Мемлекеттік корпорация операторымен ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электронды құжаттарды (қызмет алушының сұрауын) өңдеу үшін ҚР БП ҚСжАЕК жолдау – 1 минут;
электрондық сұрауды тіркеу және ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ сұрауды өңдеу – 30 секунд;
ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ деректерді тексеру (өңдеу) – 30 секунд;
ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ сәйкестендіру бойынша ұқсастық болмаған жағдайда қызмет берушімен жауапты қалыптастыру және қызмет нәтижесін қағаз жүзінде дайындау – 3 сағат;
ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ сәйкестендіруі бойынша қызмет алушының сауалнамалық деректеріндегі сәйкестік ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ жүйесімен анықталғанда,қызмет алушыға қолмен өңдеуге жолдау – 1 минут;
ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ жүйесінен деректерді қосымша тексеру (өңдеу), оның ішінде соттылықтың жойылу мерзімін есептеу – 3 (үш) жұмыс күні;
қызметтің нәтижесін қағаз тасымалдағышта дайындау – 1 сағат;
қызмет берушінің уәкілетті тұлғасымен қағаз тасымалдағыштағы қызметтің нәтижесіне қол қоюы – 1 сағат;
қағаз тасымалдағыштағы қызметтің нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға тізімдеме бойынша Мемлекеттік корпорацияның курьері арқылы беру – қызметтің нәтижесіне қол қойылған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күнінде;
Мемлекеттік корпорацияның операторы арқылы қызмет алушының қағаз тасымалдағышта көрсетілген қызмет нәтижесін алуы - 1 сағат.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету іс-әрекетінде қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлердің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің іс-әрекетіне қатысатын қызмет берушінің (қызметкерлердің) және Мемлекеттік корпорацияның құрылымдық бөлімшелерінің тізімі:
1) Мемлекеттік корпорацияның инспекторы - құжаттарды қабылдайды және береді;
2) Мемлекеттік корпорацияның жинақтау бөлімінің инспекторы - тізілім құрастырады және қызмет берушіге жолдайды;
3) қызмет көрсетушінің кеңсе қызметкері – дайындалған анықтаманы Мемлекеттік корпорацияға курьер арқылы, сонымен қатар пошта байланысы арқылы жолдайды;
4) қызмет берушінің жауапты орындаушысы - анықтаманы дайындайды;
5) қызмет берушінің уәкілетті тұлғасы – анықтамаға қол қояды.
7. Әрбір іс-әрекеттің ұзақтығын көрсете отырып, қызмет берушінің қызметкерлерінің арасындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша іс-әрекеттің сабақтастығын сипаттау:
1) Электрондық нысанда анықтама бергенде:
қызмет берушінің жауапты қызметкерімен өтінішті қабылдау және өңдеу – 1 минут;
қосымша тексеру жүргізу, оның ішінде сотталу туралы мәлімет болған жағдайда соттылықтың жойылуын есептеу – 4 (төрт) жұмыс күні;
қызметтің нәтижесін электронды түрде қалыптастыру – 1 минут;
электронды анықтаманы қызмет берушінің уәкілетті тұлғасына қол қоюға жолдау – 1 минут;
ЭЦҚ қолданып қызмет берушінің уәкілетті тұлғасымен қол қою – 1 сағат;
электрондық анықтаманы Мемлекеттік корпорацияға,
порталға - «қызмет алушының жеке кабинетіне» жолдау - 1 минут.
2) Анықтаманы қағаз тасымалдағышта бергенде:
қызмет берушінің жауапты қызметкерімен өтінішті қабылдау және өңдеу – 1 минут;
қосымша тексеру жүргізу, оның ішінде сотталу туралы мәлімет болған жағдайда соттылықтың жойылуын есептеу – 3 (үш) жұмыс күнінде;
қызмет берушінің жауапты қызметкерімен қызметтің нәтижесін қағаз тасымалдағышта дайындау – 1 минут;
қағаз тасымалдағыштағы қызметтің нәтижесіне қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының қол қоюы – 1 минут;
қызмет берушінің кеңсесіне анықтаманы беру – 10 минут;
Мемлекеттік корпорацияға кеңсемен анықтаманы курьер арқылы беру – 10 минут, пошта байланысымен – 2 жұмыс күнінде.
4-тарау. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) басқа қызмет берушілермен өзара іс-қимыл жасаудың, сонымен бірге мемлекеттік көрсетілетін қызметтің іс-әрекетінде ақпараттар жүйесін пайдалану тәртібінің сипаттамасы
8. Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алғандағы қызмет алушының өтініш беру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің іс-әрекетінде ақпараттар жүйесін пайдалану тәртібінің сипаттамасы:
1) қызмет алушы порталда тіркелуді жеке сәйкестендіру нөмірінің (әрі қарай – ЖСН) көмегімен жүзеге асырады (порталда тіркелмеген қызмет алушылар үшін жүзеге асырылады);
1 - үрдіс – қызмет алушымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталға ЖСН және парольды енгізу (авторизация іс-әрекеті);
1 - шарт –ЖСН және пароль арқылы қызмет алушының деректерінің түпнұсқасын порталдан тексеру;
2 - үрдіс – қызмет алушының деректерінде бұзушылықтың болуына байланысты, авторизация жасаудан бас тарту туралы порталмен хабарлама қалыптастыру;
3 - үрдіс – осы регламентте көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті қызмет алушының таңдауы;
2 - шарт – ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және тіркеу куәліктерін кері қайтарған (күшін жойған) тізімде болмауын, сонымен бірге сәйкестендіру деректерінің дәл келуін (сұрауда көрсетілген ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы) порталмен тексеру;
4 - үрдіс – экранда «он-лайн» қызметіне тапсырыс беруді» таңдау.
3 - шарт – ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және тіркеу куәліктерін кері қайтарған (күшін жойған) тізімде болмауын, сонымен бірге сәйкестендіру деректерінің дәл келуін (сұрауда көрсетілген ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы) порталмен тексеру;
5 - үрдіс – қызмет алушының ЭЦҚ түпнұсқасының расталмауына байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
6 - үрдіс –Мемлекеттік корпорация операторының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электронды құжатты (сұрауды) өңдеу үшін ЭҮШ арқылы ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ жолдау;
7 - үрдіс – электрондық құжатты тіркеу және сұрауды ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ өңдеу;
4 - шарт – ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ түскен мәліметтерді тексеру (өңдеу);
8 - үрдіс – қызмет алушымен ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ көмегімен қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін (электрондық құжатты) алу. Электрондық құжат қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдаланумен қалыптастырылады.
9. Мемлекеттік корпорация арқылы алатын қызметке жүгінгендегі қызмет алушылардың жүгіну тәртібінің және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің іс-әрекетінде ақпараттар жүйесін қолдану тәртібінің сипаттамасы:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу үшін Мемлекеттік корпорацияның қызметкерімен қызмет алушыдан құжаттарды қабылдау;
1 - үрдіс – мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу үшін, Мемлекеттік корпорация операторының Мемлекеттік корпорацияның ақпараттар жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ХҚКО АЖ АЖО) логин және парольды (авторизация іс-әрекеті) енгізуі;
2 - үрдіс - Мемлекеттік корпорация операторының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығаруы және Мемлекеттік корпорация операторының қызмет алушының деректерін, сонымен бірге сенімхат бойынша қызмет алушының өкілінің деректерін сұрау нысанына енгізуі;
3 - үрдіс - қызмет алушының, заңды өкілінің деректері туралы сұрауды ЭҮШ арқылы ЖТ МДҚ, сонымен қатар қызмет алушының өкілінің сенімхаты туралы деректерді БНАЖ жолдау;
1 - шарт - қызмет алушының деректерін ЖТ МДҚ, ал сенімхат деректерін БНАЖ тексеру;
4 - үрдіс - қызмет алушының деректерінің ЖТ МДҚ, ал сенімхат деректерінің БНАЖ болмауына байланысты деректер алудың мүмкін еместігі туралы хабарлама қалыптастыру;
5 - үрдіс - Мемлекеттік корпорация операторының сұрау нысанын толтыруы және көрсетілетін қызмет үшін толтырылған сұрауға (енгізілген деректерді) ЭЦҚ арқылы қол қою;
6 - үрдіс - Мемлекеттік корпорация операторының ЭЦҚ қойылған электронды құжатты (қызмет алушының сұрауын) ЭҮШ арқылы ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ жолдау;
7 - үрдіс - электронды құжатты тіркеу және сұрауды ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ өңдеу;
2 - шарт - МК АЖ АЖО түскен деректерді тексеру (өңдеу) ;
8 - үрдіс - қызмет алушымен Мемлекеттік корпорация операторы арқылы ҚР БП ҚСжАЕК ААЖ көмегімен қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін (электрондық құжатты) алу; Электрондық құжат қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдаланумен қалыптастырылады;
9 - үрдіс - қызмет берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз тасымалдағышта алуға сұрауды алуы;
3 - шарт - АЖ АЖО келіп түскен деректерді тексеру (өңдеу);
10 - үрдіс - қызмет берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қағаз тасымалдағышта дайындауы;
11 - үрдіс - қағаз тасымалдағыштағы қызметтің нәтижесіне қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының қол қоюы;
12 - үрдіс - қағаз тасымалдағыштағы қызметтің нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға курьер арқылы жолдау;
13 - үрдіс - қызмет алушының Мемлекеттік корпорацияның операторы арқылы қағаз тасымалдағыштағы қызметтің нәтижесін алуы;
14 - үрдіс – орнату деректерін тексеру қажет болған жағдайда (процестік шешімді анықтау үшін тиісті мемлекеттік органдарға сұрау жолдау) қызмет алушыға аралық жауап жолданады, онда қызмет алушының қайтадан қызмет берушінің өтінішті алған сәтінен бастап 20 жұмыс күні өткен соң Мемлекеттік корпорацияға жүгінуі қажеттігі хабарланады;
15 - үрдіс - Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мерзімнің ұзартылуы туралы ақпараттар жүйесіне белгі қояды.
10. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде қызмет беруші мен қызмет алушының жүгіну тәртібінің және рәсімдердің (іс-әрекеттің) реттілігінің сипаттамасы осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметке қатысты ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл жасау кестесінде келтірілген.
11. Мемлекеттік көрсетілетін қызметте қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимыл рәсімдері реттілігінің сипаттамасы, сонымен қатар басқа қызмет берушілермен немесе Мемлекеттік корпорациямен өзара әрекеттесу тәртібінің және мемлекеттік көрсетілетін қызметте ақпараттық жүйені пайдалану тәртібінің толық қадамдық сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестері анықтамалығында көрсетіледі.
«Соттылықтың болуы немесе
болмауы туралы анықтама беру»
мемлекеттік қызмет көрсету
регламентіне 1-қосымша
Ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылының сызбасы
«Соттылықтың болуы немесе
болмауы туралы анықтама беру»
мемлекеттік қызмет көрсету
Регламентіне 2-қосымша
«Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес іс- әрекетінің анықтамасы