Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2017 жылғы 18 мамыр
№ 49 бұйрығына
2-қосымша
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық басқармалары шегінде мұрағат анықтамаларын және/немесе мұрағат құжаттарының көшірмелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық басқармалары шегінде мұрағат анықтамаларын және/немесе мұрағат құжаттарының көшірмелерін беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық басқармалары (бұдан әрі - қызмет беруші) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің стандарттарын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 95 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің стандарттарына сәйкес көрсетеді (бұдан әрі – стандарт), (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12055 болып тіркелді).
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру мыналар арқылы жүзеге асырылады:
1) қызмет көрсетуші кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық басқармалары шегінде мұрағат анықтамаларын және/немесе мұрағат құжаттарының көшірмелерін беру.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттер тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімін (іс-әрекетін) бастаудың негізі стандарттың 9-тармағына сәйкес қызметті алушы құжаттарының болуы (бұдан әрі - құжаттар) болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әр рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) қызмет көрсетуші кеңсесі арқылы:
қызмет көрсетуші кеңсе қызметкері қызмет алушының құжаттарын қабылдап, тіркейді, оларды қызмет берушінің басшысына жолдайды (қызмет алушының құжаттарын алған күні отыз минут ішінде);
қызмет көрсетуші басшысы екі сағаттың ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгілеу үшін құрылымдық бөлімшенің басшысына жолдайды;
құрылымдық бөлімшенің басшысы екі сағаттың ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді де ұсынылған құжаттарды оған жолдайды;
жауапты орындаушы «Арнайы есепке алулар» ААЖ автоматтандырылған деректер базасы бойынша тексеріс жүргізгеннен кейін жиырма жеті күнтізбелік күн ішінде қызмет беруші мұрағаттарының картотекалары бойынша ақпаратты іздейді және сұрау салынған тұлғаларға қатысты мәліметтер бар болған жағдайда мұрағаттық анықтаманы, мұрағаттық көшірмені немесе мұрағаттық үзінді-көшірмені дайындайды, ал болмаған жағдайда - қызмет алушыға мәліметтің болмағандығы туралы жазбаша жауап дайындайды;
қызмет көрсетушінің басшысының мұрағаттық анықтамаға, мұрағаттық көшірмеге немесе мұрағаттық үзінді-көшірмеге немесе мәліметтің болмағандығы туралы жазбаша растауға қол қоюы;
кеңсе қызметкері мөрмен расталған мұрағаттық анықтаманы, мұрағаттық көшірмені немесе мұрағаттық үзінді-көшірмені немесе сұратылған мәліметтің болмағандығы туралы жазбаша жаупты қызметті алушыға анықтама беру журналында қол қоя отырып, береді.
2) Мемлекеттік корпорация арқылы:
қызмет көрсетуші кеңсе қызметкері Мемлекеттік корпорация арқылы келіп түскен қызмет алушының құжаттарын қабылдап, отыз минут ішінде тіркейді және қызмет берушінің басшысына жолдайды;
қызмет көрсетуші басшысының қызмет көрсетуге жауапты құрылымдық бөлімшені, орындаушыны белгілеуі;
жауапты орындаушы қызмет алушы ұсынған құжаттарды алған күннен бастап жиырма жеті күнтізбелік күннен асырмай мұрағаттық анықтаманы, мұрағаттық көшірмені немесе мұрағаттық үзінді-көшірмені дайындайды, болмаған жағдайда - қызмет алушыға мәліметтің болмағандығы туралы жазбаша жауап дайындайды;
қызмет көрсетуші басшысындағы жауапты орындаушының мұрағаттық анықтамаға, мұрағаттық көшірмеге немесе мұрағаттық үзінді-көшірмеге немесе мәліметтің болмағандығы туралы жазбаша растауға қол қоюы;
курьер арқылы Мемлекеттік корпорацияға мұрағаттық анықтаманы, мұрағаттық көшірмені немесе мұрағаттық үзінді-көшірмені немесе мәліметтің болмағандығы туралы жазбаша жауапты қағаз жеткізгіште беруі;
қызмет алушының Мемлекеттік корпорация операторы арқылы мұрағаттық анықтаманы, мұрағаттық көшірмені немесе мұрағаттық үзінді-көшірмені немесе мәліметтің болмағандығы туралы жазбаша жауапты алуы;
6. Келесі рәсімді (әрекетті) орындауға негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсім (әрекет) нәтижесі:
1) қызмет көрсетуші кеңсесінде мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті қызмет алушының ұсынған құжаттарының қабылдануы және тіркелуі, олардың басшыға берілуі;
2) құрылымдық бөлімшенің басшысына қарау үшін қызмет берушінің басшысының бұрыштамасы;
3) жауапты орындаушының қарауы үшін құрылымдық бөлімшенің басшысының бұрыштамасы;
4) жауапты тұлғаның ақпаратты ресімдеуі және қызмет берушінің басшысына қол қоюға жіберуі;
5) қызмет көрсетуші басшысының ақпаратқа қол қоюы;
6) қызмет алушыға мұрағаттық анықтаманы, мұрағаттық көшірмені немесе мұрағаттық үзінді-көшірмені немесе мәліметтің болмағандығы туралы жазбаша жауапты беру.
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекеттесу тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үрдісіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізімі:
1) қызмет көрсетуші кеңсесінің қызметкері (құжатты қабылдау, тіркеу және басшыға беру, мұрағаттық анықтаманы, мұрағаттық көшірмені немесе мұрағаттық үзінді-көшірмені тіркеу және беру);
2) қызмет көрсетушінің басшысы (құжаттарды қарау, мұрағаттық анықтамаға, мұрағаттық көшірмеге немесе мұрағаттық үзінді-көшірмеге қол қою);
3) қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы (құжаттарды қарау және жауапты орындаушыны белгілеу);
4) жауапты орындаушы - қызмет көрсетушінің қызметкері (мәлімет іздеу, тексеру, мұрағаттық анықтаманы, мұрағаттық көшірмені немесе мұрағаттық үзінді-көшірмені дайындау).
8. Қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдер (әрекеттер) жүйелілігінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық басқармалары шегінде мұрағат анықтамаларын және/немесе мұрағат құжаттарының көшірмелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
«Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы
есепке алу жөніндегі комитеті мен
оның аумақтық басқармалары
шегінде мұрағат анықтамаларын
және/немесе мұрағат құжаттарының
көшірмелерін беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық басқармалары шегінде мұрағат анықтамаларын және/немесе мұрағат құжаттарының көшірмелерін беру»