Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
«Ұлттық инвестициялық стратегия» инвестицияларды тарту жөніндегі бағдарламаны бекіту және «Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 498 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.07.2022 жылғы № 482 Қаулыcына сәйкес
Редакция 29.07.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Ұлттық инвестициялық стратегия» инвестицияларды тарту жөніндегі бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар Бағдарламаны іске асыру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу, бағалау және бақылау, сондай-ақ Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын әзірлеу, іске асыру және бақылау қағидаларына сәйкес Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне жүктелсін.
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 03.06.2019 жылғы № 361 Қаулысына сәйкес (19.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 498 қаулысымен бекітілген
«Ұлттық инвестициялық стратегия» инвестицияларды тарту жөніндегі бағдарлама
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы |
«Ұлттық инвестициялық стратегия» инвестицияларды тарту жөніндегі бағдарлама |
Әзірлеу үшін негіздеме |
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы ;
Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Стратегиясы» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауы ;
«Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығы ;
«Инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын бекіту және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 1030 Жарлығы ;
«Ұлт Жоспары - 100 нақты қадам» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы бағдарламасы ;
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы ;
«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 420 Жарлығы . |
Үкіметтік бағдарламаны әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік органды көрсету |
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі |
Мақсаты |
Қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру және тиімділікті арттыруға бағытталған инвестицияларды тарту |
Міндеттері |
Бірінші бағыт. Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын жақсарту: 1. Инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау 2. Инвесторлардың құқықтарын қорғау деңгейін арттыру 3. Сауда логистикасын жақсарту және шетелдік инвесторлар мен жергілікті компаниялар арасындағы өндіру-өткізу байланыстарын дамыту
Екінші бағыт. Тиімді операциялық шараларды іске асыру және инвестицияларды тартудың жаңа тәсілдерін әзірлеу: 4. Инвесторларды тарту, сүйемелдеу және қолдау бойынша институционалдық тетіктерді жетілдіру 5. Инвестицияларды тартудың және ұстап қалудың алдын ала белсенді тәсілдерін қалыптастыру
Үшінші бағыт. Жекешелендіру жоспары мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерінің шетелдік инвестицияларды тарту басымдықтарымен сәйкестігі: 6. Жекешелендіру процесіне шетелдік инвесторлардың қатысуын қамтамасыз ету. 7. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына инвестицияларды тарту |
Іске асыру мерзімі |
2018 - 2022 жылдар |
Нысаналы индикаторлар |
2022 жылға қарай мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізіледі: 1. Тікелей шетелдік инвестициялардың (бұдан әрі - ТШИ) жалпы ағыны 1,26 есе ұлғаяды (2016 жылғы деңгейге қарағанда); 2. ТШИ-дің жалпы көлемінің жалпы ішкі өнімге арақатынасы; 3. ТШИ-дің өңдеу өнеркәсібіне ағыны 1,5 есе ұлғаяды (2016 жылғы деңгейге қарағанда); 4. Экономиканың шикізаттық емес секторының негізгі капиталына жасалатын инвестициялардың көлемі 1,46 есе ұлғаяды (2016 жылғы деңгейге қарағанда); 5. Экономиканың шикізаттық емес секторының негізгі капиталына жасалатын сыртқы инвестициялардың көлемі 1,5 есе ұлғаяды (2016 жылғы деңгейге қарағанда). |
Қаржыландыру көздері мен көлемдері |
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына қайшы келмейтін бюджеттен тыс қаражат есебінен Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне көзделген қаражат есебінен және соның шегінде |
2. Кіріспе
«Ұлттық инвестициялық стратегия» инвестицияларды тарту жөніндегі бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің»Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмасына сәйкес әзірленді.
Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту мен жаңғырту мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етуге арналған бағдарлама инвестицияларды арттыру мен әртараптандыруға бағытталған елдің инвестициялық пайымын қалыптастырады. Тиімділікті көп мөлшерде арттыруға бағытталған инвестицияларды тартуды қамтамасыз ететін елдің инвестициялық бәсекеге қабілеттілігін арттыру Бағдарламаға негіз болды.
Бұл Бағдарлама әлемдік экономика жаһандық қаржы дағдарысынан енді-елді оңала бастаған кезде іске асырылмақшы. Тауар нарығындағы әлемдік бағалардың түсуі жекелеген кәсіпорындардың қаржы-экономикалық күйі үшін де, біріктірілген макрокөрсеткіштер үшін де жағдайды қиындатты.
Сонымен бірге Қазақстан Республикасы елдің бай табиғи ресурстарына қол жеткізуге бағытталған инвестициялар үшін тартымды жер болып қала береді.Бұған қоса елде Қазақстан Республикасының өсіп келе жатқан ішкі нарығына қызығушылық танытатын инвесторларды тартуды жалғастырылып отыр.
Қазақстан Республикасын дамыту мақсаттарына қол жеткізудегі, экономиканы әртараптандыру деңгейін арттырудағы, өнімділікті, экспортты өсірудегі және жұмыс орындарын ашудағы инвестициялардың маңыздылығы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бірқатар құжаттарында (Қазақстан 2050, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары, Инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, «Жаңғырту 3.0.») атап өтілген.
Тиімділікті арттыруға бағытталған инвестицияларды көбірек тарту Қазақстан Республикасы үшін өзекті міндет болып табылады. Инвестициялардың осы түрі Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалының бәсекелестік артықшылықтарын пайдалану арқылы халықаралық нарықтар мен қосылған құнның жаһандық тізбектерінде қаржыландырылатын өндірістің бәсекелестік қабілетін арттырады, алушы ел үшін экономикалық әртараптандыруға қол жеткізу үшін салаларды жаңғыртуға және өндірістік мүмкіндіктерді кеңейтуге ықпал ететін капитал, ноу-хау және технологиялар жиынтығын ұсынады.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы
Инвестициялардың бұл түрі ішкі нарыққа бағытталған инвестициялар сияқты елімізге «келіп түспейді». Оларды тарту және ұстап қалу Қазақстан Республикасының халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруды, сондай-ақ инвестициялық ахуалды жақсартуды талап етеді.
Бағдарлама тиімділікті арттыруға бағдарланған инвестицияларды ынталандыруға бағытталған белсенді мемлекеттік және инвестициялық саясат жүргізуді болжайды. Бағдарламаны іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі еліміздің инвестициялық ахуалының бәсекеге қабілеттілігін және тартымдылығын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі - ЭЫДҰ) стандарттарына сәйкес жақсартуды жалғастыратын болады.
Осы Бағдарламаны табысты іске асыру елдің тұрақты экономикалық өсуіне ықпал етуі тиіс. Жекелеген ұсыныстар мен іс-шараларды негіздеу үшін ел бойынша және өңірлік талдау жүргізіледі, сондай-ақ инвестициялық саясатты іске асыру бойынша шетелдердің тәжірибесі, сондай-ақ елдің артықшылықтарына жетуге ықпал ететін факторлар талданатын болады.
Бағдарлама мен оның іс-шаралары инвестицияларды тарту үшін институционалдық және нормативтік-реттеуші ортаны егжей-тегжейлі бағалауға негізделген. Бағалауды Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Дүниежүзілік банк тобының техникалық қолдауымен іске асырды. Бұған басқа Бағдарламаны әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының 2016 және 2017 жылдардағы инвестициялық ахуалын егжей-тегжейлі шолуда баяндалған ЕЭДҰ-ның талдамалық қорытындылары, сондай-ақ басқа да халықаралық және ұлттық ұйымдардың, талдау орталықтарының зерттеушілік және талдамалық жұмыстары ескерілді.
Негізгі терминдер мен анықтамалар
Осы Бағдарламада мынадай жаңа терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) тиімділікті арттыруға бағдарланған инвестициялар - басқа елдерге немесе өңірлерге экспорт мүмкіндігін қамтамасыз ететін, оның бәсекеге қабілеттілігі факторларын пайдалану мақсатында белгілі бір елде өндірісті ұйымдастыруға бағытталған инвестициялар түрі. Бәсекеге қабілеттіліктің мұндай факторлары құн, білім немесе мамандану, шетелдік нарықтарға жеңіл қолжетімділік, сапалы инфрақұрылым және т.б. жағынан тиімді жұмыс күшін қамтуы мүмкін. Инвесторға қандай да бір ел ұсынатын халықаралық нарықтардағы бәсеке қабілеттіліктің деңгейі, атап айтқанда, құнды жасаудың жаһандық тізбегіне бірігу қабілеттілігі инвестициялардың осы түрін тартудағы ынталандырушы факторлар болып табылады;
2) ішкі нарыққа бағытталған инвестициялар - қабылдаушы елдің ішкі нарығын дамытуға бағытталған инвестициялар түрі. Осылайша ішкі нарықтың өсу қарқыны мен мөлшері инвестициялардың бұл түрінің басты факторы болып табылады;
3) ІRM (follow-up) ақпараттық-мониторингтік жүйесі - инвесторлар, инвестициялық жобалар, өндірістік алаңдар мен әлеуетті инвесторлардың ақпараттық сұрау салулары туралы толық, сенімді және өзекті ақпаратты қамтитын қазақстандық, шетелдік инвесторлар мен кәсіпкерлерге арналған бірыңғай ақпараттық алаң;
4) штаттан тыс кеңесшілер - орталық және жергілікті атқарушы органдармен, өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл арқылы проблемалық мәселелерді шешу бойынша инвесторлармен атаулы жұмыс, инвестициялық жобалардың іске асырылуын толық сүйемелдеу мен мониторингті жүзеге асыратын облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің штаттан тыс кеңесшілері қызметін қоса атқаратын «Kazakh Invest» ҰК» АҚ өңірлік директорлары және олардың орынбасарлары;
5) инвестициялық преференциялар - инвестициялық жобаны іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына және инвестициялық жобаны іске асыру аясында инвестициялық жобаны іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары үшін қаржы лизингі келісімшарты негізінде технологиялық жабдықты импорттайтын лизингілік компанияларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлетiн атаулы сипаттағы артықшылықтар;
6) инвестициялық омбудсмен - Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын (айқындайтын), инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу жөніндегі функциялар жүктелетін лауазымды тұлға;
7) «бір терезе» («бірыңғай терезе») - құжаттарды жинау мен дайындауда инвесторлардың қатысуын азайтуды және олардың мемлекеттік органдармен тікелей байланыс жасауын шектеуді көздейтін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуда инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган тарапынан инвесторларға жәрдемдесудің орталықтандырылған түрі.
3. Ағымдағы жағдайды талдау Жаһандық экономикалық жағдайды жақсарту
Ішкі қаржылық ресурстардың шектеулілігі жағдайында экономиканы әртараптандыру мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру негізінде Қазақстан Республикасының тұрақты және теңдестірілген экономикалық өсуін қамтамасыз ету міндетін инвестицияларды тартудың ынталандырушы саясатын іске асырмай жүзеге асыру мүмкін емес.
Инвестициялар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі ықпал етеді:
макродеңгейде кеңейтілген ұдайы өндіріс саясатын, өндірістік секторды құрылымдық қайта құру және экономиканың барлық салаларын теңдестіріп дамыту, инновацияларды енгізу, ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін негіз болып табылады;
микродеңгейде өндірісті кеңейту мен дамыту, оның техникалық және технологиялық деңгейін арттыру, негізгі қорлардың моральдық және физикалық тозуын төмендету, өнімдердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ қоршаған ортаға зиянды экологиялық әсерін төмендету үшін қажет.
Қазақстан Республикасы инвестицияларды тарту бойынша жаңа Бағдарламаны әлемдік экономика жаһандық қаржы дағдарысынан кейін қалыпқа келе бастаған уақытта іске асыратын болады. Әлсіз әлемдік экономикалық өсу, әсіресе, дамушы елдер мен экономикасы өтпелі елдердегі әлемдік сауда көлемі серпінінің әлсіздігіне байланысты 2016 жылы ТШИ-дің әлемдік ағынының 13 %-ға азаюына қарамастан, 2017 және 2018 жылдары экономикалық белсенділіктің ұлғаюы күтілуде.
Еліміздің экономикасына сыртқы инвестициялауды қарау барысында әдетте ТШИ тартылған көлем бойынша қаралатынын ерекше атап өту керек, осыған орай шетелдік инвесторлармен жұмыстың тиімділігі сынға түседі.
Жаһандық геосаяси және экономикалық тұрлаусыздыққа қарамастан, ТШИ дағдарыстан кейінгі оңалудың алдыңғы кезеңінде тұр. ЮНКТАД (ЮНКТАД - Біріккен Ұлттар Ұйымының сауда және даму конференциясы) деректеріне сәйкес әлемдік инвестициялық ағынның ең үлкен деңгейі дағдарыс алдында 2007 жылы белгіленген, ол 1,9 трлн. АҚШ долл. құрады. Бұл ретте 2015 және 2016 жылдары ТШИ жалпы кіріс ағыны 1,8 трлн. АҚШ долл. дейін ұлғайды (1-сурет), бұл 2008 жылдан бері ең үлкен көрсеткіш болып табылады.
ТШИ-дің соңғы екі жылда ұлғаюына дамушы нарықтардың өсу қарқынының азаюы және шикізат тауарларына бағалардың күрт төмендеуі басым болған әлемдік макроэкономикалық жағдай себеп болды. Сонымен қатар мұндай өсімге трансұлттық деңгейдегі компаниялардың қосылу және сіңісу (бұдан әрі - ҚжС) процесі әсер етті.
1-сурет
Жаһандық деңгейде және мемлекеттердің жекелеген топтары бойынша ТШИ ағынының көрсеткіштері
(млрд. АҚШ доллары)
Дереккөз: UNCTAD
ЮНКТАД деректері бойынша дамушы елдерде, оның ішінде экономикасы өтпелі елдерде тіркелген ірі инвестициялардың жалпы көрсеткіштерінің өсімі күтілуде. Сонымен қатар 2017 жылы әлемдік тауарлар және көрсетілетін қызметтер саудасының көлемі 3,8%-ға ұлғаяды деп күтілуде, бұл 2016 жылға қарағанда көбірек (2,3%).
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |