БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
«Жерді бағалаудың экологиялық критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 188 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы энергетика министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 276 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 12 қыркүйекте № 15660 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 9 тамыздан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 01.07.2021 жылғы № 228 Бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жерді бағалаудың экологиялық критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 188 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10887 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жерді бағалаудың экологиялық критерийлері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушы М. Досмұхамбетов
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы _________________ Қ. Айтуғанов 2017 жылғы 7 август «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі __________________ Е. Біртанов 2017 жылғы 8 августа
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 2 тамыздағы № 276 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 188 бұйрығымен бекітілген
Жерді бағалаудың экологиялық критерийлері
1. Қоныстану аумақтары жерінің ластануын бағалау критерийлері
Көрсеткіштер |
Экологиялық апат |
Төтенше экологиялық жағдай |
Салыстырмалы орташа жағдай |
Негізгі көрсеткіштер |
|||
Топырақ бетінен 1 метр (бұдан әрі – м) деңгейдегі техногенді радионуклидтерден түскен эквиваленттік доза қуатының аядан асуы, сағатқа микрозиверт (бұдан әрі – мкЗв/сағ) |
0,57-ден астам |
0,57-0,11 |
кемінде 0,11 |
*Радиоактивті ластану (алаңдық белсенділік), шекті мәндер, кБк/м2 |
|
|
|
цезий-137 |
400-ден астам |
400-75 |
кемінде 75 |
стронций-90 |
630-дан астам |
630-120 |
кемінде 120 |
плутоний-238, плутоний (239+240) (изотоптар жиынтығы) |
2080-нен астам |
2080-410 |
кемінде 410 |
америций-241 |
2500-ден астам |
2500-490 |
кемінде 490 |
Химиялық ластанудың жиынтық көрсеткіші (бұдан әрі – Zс) |
128-ден астам |
128-32 |
кемінде 32 |
Қосымша көрсеткіштер |
|||
1 килограмм (бұдан әрі – кг) топырақтағы гельминттер жұмыртқаларының мөлшері |
100-ден астам |
100-10 |
кемінде 10 |
1 грамм (бұдан әрі – г) топырақтағы патогенді микроорганизмдердің саны |
106-дан астам |
106-105 |
кемінде 105 |
**Коли-титр |
кемінде 0,001 |
0,01-0,001 |
0,01-ден астам |
Ескертпелер:
* Алаңдық белсенділіктен үлестіге ауысу үшін мына параметрлер қолданылады – тереңдігі 5 см топырақ қабаты, топырақ тығыздығы – 1,3 кг/дм3)
Бірнеше радионуклидтер болған жағдайда мына шарттар сақталуы керек:
– экологиялық апат,
– төтенше экологиялық жағдай,
– салыстырмалы орташа жағдай, мұндағы:
ACs-137 – цезий-137 радионуклидінің алаңдық белсенділігі (топырақтағы мөлшері);
ASr-90 – стронций-90 радионуклидінің алаңдық белсенділігі (топырақтағы мөлшері);
APu-238,(239+240) – плутоний-238 және плутоний-(239+240) (изотоптар жиынтығы) радионуклидтерінің алаңдық белсенділігі (топырақтағы мөлшері);
AAm-241 – америций-241 радионуклидінің алаңдық белсенділігі (топырақтағы мөлшері);
AшмCs-137 – кестеде көрсетілген цезий-137 радионуклидінің алаңдық белсенділігінің (топырақтағы мөлшері) шекті мәндері;
AшмSr-90 – кестеде көрсетілген стронций-90 радионуклидінің алаңдық белсенділігінің (топырақтағы мөлшері) шекті мәндері;
AшмPu-238,(239+240) – кестеде көрсетілген плутоний-238 және плутоний-(239+240) (изотоптар жиынтығы) радионуклидтерінің алаңдық белсенділігінің (топырақтағы мөлшері) шекті мәндері;
AшмAm-241 – кестеде көрсетілген америций-241 радионуклидінің алаңдық белсенділігінің (топырақтағы мөлшері) шекті мәндері.
** топырақ үшін коли-титр – граммен ішінде 1 ішек таяқшасы болатын топырақтың ең аз массасы.
2. Тозған топырақ пен жерді анықтауға арналған диагностикалық критерийлер
1) Жердің бұзылуы
Бұзылған жердің диагностикалық критерийлері мыналар болып табылады:
жер бедерінің морфометрикалық сипаттамасы;
салыстырмалы түрде табиғи жер бетінің тереңдігі немесе биіктігі (м);
жер кертпешінің еңістік бұрышы (град.);
жердің дитологиялық құрылысының бұзылуы;
0-30 см және 0-100 см қабатта органогендік қабат пен қарашірінді қорының қуаты бойынша құнарлы қабат пен әлеуетті құнарлы жыныстың болуы;
жер бетінің бөтен үйінділермен жабылуы.
Жер беті және жер асты суларының сипаттамасы:
жер асты суының деңгейі (м);
сулардың минералдануы (г/дм3);
су жайылуының ұзақтығы (ай).
2) Физикалық (егіншілік) азып-тозу
Физикалық азып-тозу мынадай негізгі критерийлер бойынша бағаланады:
гранулометриялық құрамы;
жыртылатын (қарашірінді) топырақ қабатының біркелкі тығыздығы, г/см3;
текстуралық (агрегатішілік) кеуектілік, см3/г;
тұрақты құрылымдық (жарылып кеткенін есептемегенде, агрегатаралық) кеуектілік, см3/г.
Топырақтың жыртылатын (қарашірінді) қабатының құрылымы:
агрономиялық тұрғыдан бағалы және суға төзімді агрегаттардың болуы;
құрылымдық бөліктердің жай-күйі мен қасиеттері.
Топырақтың су-физикалық параметрлері:
су өткізгіштігі және топырақтың сүзу коэффициенті (м/тәулік);
негізгі гидрологиялық константтары (ВЗ, НВ) және аэрацияның кеуектілігі;
бөртуі.
3) Аграрлық тозу
Топырақтың мынадай теңгерімділік сипаттамалары (органикалық заттар, қоректік элементтер, катионды-анионды құрамы) аграрлық тозудың диагностикалық критерийлері болып табылады:
топырақ бейініндегі қарашірінді қорының кемуі (А+В) бастапқы мөлшерден %;
бастапқы рН мөлшерден рН%;
физикалық батпақтың кемуі (%);
қарашіріндінің сапалық құрамы;
негізгі қоректендіру элементтерінің жалпы қорының азаюы;
қоректендіру элементтерінің қозғалмалы нысандарымен өсімдіктердің қамтамасыз етілуі;
катиондық алмасу сыйымдылығы, топырақтың негіздермен толығу дәрежесі, сіңірілген негіздердің құрамы.
Аграрлық құнарсызданудың қосымша критерийлері мыналар болып табылады:
лайлы фракцияның минералогиялық құрамы;
белсенді микробтық биомасса деңгейінің төмендеуі (есе саны);
фитоуыттылығы;
топырақ ферментациялық белсенділігінің төмендеуі;
топырақ мезофаунасының биомассасы;
биологиялық әртүрліліктің азаюы (Симпсон индексі, нормадан %);
шымтезектің түзілуі (мм/жыл).
4) Эрозия
Эрозияны бағалау үшін статикалық немесе динамикалық критерийлер пайдаланылады, мұның соңғысы топырақ бетінің де ландшафтың да жай-күйін көрсетуі мүмкін.
Су эрозиясы:
Жазықтық су эрозиясы
Жазықтық су эрозиясының диагностикалық критерийлері мыналар болып табылады:
топырақ бейіні қуатының азаюы (А+В), %;
топырақ бейінінде қарашірінді қорының азаюы (А+В), сол ортадағының %;
топырақтың үстіңгі көкжиегінің гранулометриялық құрамының өзгеруі;
топырақ массасының жоғалуы, т/га/жыл;
ашық қалған топырақ түзетін жыныстың (С) немесе төселіп жатқан жыныстың (D) көлемі, жалпы көлемнің %-ы;
эрозияға ұшыраған топырақ алаңының ұлғаюы, жылына %.
Қосымша критерийлер мыналар болып табылады:
қарашірінді (жыртылатын жер) көкжиек (см) қуаттың кемуі;
құнарлы заттар қорының кемуі;
шаю жылдамдығы;
жер бетінің еңістігі және эрозиялық үдерістер дамуының қауіптілігі.
Сызықтық су эрозиясы
Сызықтық су эрозиясының диагностикалық критерийлері мыналар болып табылады:
аумақтың жыралармен бөлінуі (км/км2);
жер бетіне қатысты алғанда су шайып кеткен орлардың тереңдігі, см;
топырақ массасының жоғалуы (т/га/жыл);
жаңа жыралардың пайда болуы және барларының өсуі.
Қосымша критерийлер мыналар болып табылады:
жыраның тереңдігі;
алаңының бірлігіне келетін жыра саны;
алаңының бірлігіне келетін жыралардың жалпы алаңы;
жыралардың су жинау алаңының кейбір сипаттамалары.
Жел эрозиясы:
Санамаланғаннан басқа жел эрозиясының диагностикалық критерийлері мыналар болып табылады:
құнарсыз қабаттың дефляциялық үйіндісі, см;
жер пайдаланудан шығып қалған алқаптардың алаңы (табиғи алқаптарда өсімдіктер өспей қалған), жалпы алаңының %;
жайылымдық өсімдіктердің проективті жауып қалуы, аймақтық алаңының %;
азып-тозған жайылымдар алаңының өсу жылдамдығы, жылына %;
қозғалмалы құм алаңы, жалпы алаңының %;
қозғалмалы құм алаңының артуы, жылына %.
Қосымша параметрлердің арасында мынадай критерийлер пайдаланылады:
дефляцияның үдемелілігі немесе дефляцияның жылдамдығы;
«А+В қарашірінді шегі қуатының кемуі»;
гранулометриялық құрамның жеңілдеуі;
шөп қалыңдығы мен егістің сиреу дәрежесі.
5) Тұздану
Тұздану дәрежесінің негізгі критерийлері мыналар болып табылады:
үстіңгі құнарлы қабаттағы уытты тұздардың құрамы (%);
уытты сілтіліктің ұлғаюы (тұзданудың бейтарап типінен сілті типіне ауысқан кезде), мг-экв/100 г топыраққа;
тұздалған жер алаңының артуы, жылына %;
ортаның реакциясы (тұз және су сығындысындағы рН).
Қосымша критерийлер ретінде жер асты суларының деңгейі мен минералдануы туралы деректер пайдаланылады.
6) Сортаңдану
Сортаңданудың негізгі критерийлері мыналар болып табылады:
алмасатын натрий құрамының артуы (катионды алмасу сыйымдылығынан (КАС) %-бен);
алмасатын магний құрамының артуы (КАС %-бен);
ортаның реакциясы (рН).
Топырақтың физикалық қасиеттері және әсіресе топырақ құрылымының сортаңдануының қосымша критерийлері болып табылады.
7) Батпақтану
Диагностикалық критерийлер мыналар болып табылады:
топырақ суларының деңгейін көтеру, м;
су жайылуының ұзақтығы (ай);
топырақ суларының минералдануы (г/дм3).
Қосымша бейіннің (гидроморфизм белгілері) морфологиялық құрылысының сипаттамалары пайдаланылуы мүмкін.
3. Топырақ және жердің тозу дәрежесін белгілеу критерийлері
Көрсеткіштер |
Тозу деңгейі |
||||
0 (өте әлсіз) |
1 (әлсіз) |
2 (орташа) |
3 (көтерілген) |
4 (жоғары) |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Абиотикалық үйіндінің қуаты, см |
<2 |
2-10 |
11-20 |
21-40 |
>40 |
Беткі қабатына қатысты (тұтастығы бұзылмаған) ойылу тереңдігі (см) |
<20 |
20-40 |
41-100 |
101-200 |
>200 |
Физикалық саз өлшерінің шамаға азаюы, бастапқыдан %* |
<5 |
5-15 |
16-25 |
26-32 |
>32 |
Топырақтың жыртылатын қабаты тұтастығының тең салмақты тығыздығының артуы, бастапқы мөлшерден %* |
<10 |
10-20 |
21-30 |
31-40 |
>40 |
Тұрақты құрылымдық (жарылуды есепке алмағанда, агрегатаралық) кеуектілік, см3/г |
>0,2 |
0,2-0,11 |
0,1-0,06 |
0,05-0,02 |
<0,02 |
Текстуралық кеуектілік (агрегатішілік), см3/г |
>0,3 |
0,3-0,26 |
0,25-0,2 |
0,19-0,17 |
<0,17 |
Сүзу коэффиценті, м/тәулік |
>1,0 |
1,0-0,3 |
0,29-0,1 |
0,09-0,01 |
<0,01 |
Тастақтылығы, жамылғының %-ы |
<5 |
5-15 |
16-35 |
36-70 |
>70 |
Топырақтық бейіні қуатының төмендеуі (А+В), бастапқыдан %* |
<3 |
3-25 |
26-50 |
51-60 |
>60 |
Топырақ бейінінде қарашірінді шегі қуатының азаюы (А+В), бастапқыдан %* |
<10 |
10-20 |
21-40 |
41-60 |
>60 |
Микроэлементтер (Мn, Со, Мо, В, Сu, Fе, Zn) құрамының азаюы, қамтамасыз етілуінің орташа дәрежесінен % |
<10 |
10-20 |
21-40 |
41-80 |
>80 |
Жылжымалы фосфор құрамының азаюы, қамтамасыз етілуінің орташа дәрежесінен % |
<10 |
10-20 |
21-40 |
41-80 |
>80 |
Алмасатын калий құрамының азаюы, қамтамасыз етілуінің орташа дәрежесінен % |
<10 |
10-20 |
21-40 |
41-80 |
>80 |
Топырақ ортасындағы РН-тың өзгеруі, орташа көрсеткіштен % |
<10 |
10-15 |
16-20 |
21-25 |
>25 |
Топырақ массасының шығыны т/га/жыл |
<5 |
5-25 |
26-100 |
101-200 |
>200 |
Ашылған топырақ түзетін жыныстың (С) немесе төсеме жыныстың (D) алаңы, жалпы алаңнан % |
0-2 |
3-5 |
6-10 |
11-25 |
>25 |
Эрозияға ұшыраған топырақ алаңының ұлғаюы, жылына % |
<0,5 |
0,5-1,0 |
1,1-2,0 |
2,1-5,0 |
>5,0 |
Беткі қабатқа қатысты шайылу және су қазуының тереңдігі, см |
<20 |
20-40 |
41-100 |
101-200 |
>200 |
Аумақтың жыралармен бөлінуі, км/км2 |
<0,1 |
0,1-0,3 |
0,4-0,7 |
0,8-2,5 |
>2,5 |
Құнарсыз қабаттың дефляциялық үйіндісі, см |
<2 |
2-10 |
11-20 |
21-40 |
>40 |
Жерді пайдаланудан шығарылған табиғи алқаптардың алаңы (өсімдік өспеген), жалпы алаңнан % |
<10 |
10-30 |
31-50 |
51-70 |
>70 |
Жайылымдық өсімдіктің жобалық жамылғысы, аймақтықтан % |
>90 |
90-71 |
70-51 |
50-10 |
<10 |
Тозған жайылымдар алаңының ұлғаю жылдамдығы, жылына % |
<0,25 |
0,25-1,0 |
1,1-3,0 |
3,1-5,0 |
>5 |
Жылжымалы құмдар алаңы, жалпы алаңнан % |
0-2 |
3-5 |
6-15 |
16-25 |
>25 |
Жылжымалы құмдар алаңының ұлғаюы, жылына % |
<0,25 |
0,25-1,0 |
1,1-2,0 |
2,1-4,0 |
>4 |
Жоғарғы құнарлы қабаттағы уытты тұздар сомасының құрамы (%): - соданың қатысуымен |
<0,1 |
0,1-0,2 |
0,21-0,3 |
0,31-0,5 |
>0,5 |
- тұзданудың сульфатты, хлоридті-сульфатты типі кезінде |
<0,3 |
0,3-0,6 |
0,61-1,0 |
1,1-2,0 |
>2,0 |
- тұзданудың хлоридті, сульфатты-хлоридті типі кезінде |
<0,2 |
0,2-0,5 |
0,51-0,7 |
0,71-1,0 |
>1,0 |
- тұзданудың содалы, хлоридті-содалы, сульфатты-содалы, содалы-сульфатты, содалы-хлоридті типі кезінде |
<0,1 |
0,1-0,4 |
0,41-0,6 |
0,61-0,8 |
>0,8 |
- тұзданудың басқа түрлері үшін |
<0,1 |
0,1-0,25 |
0,26-0,5 |
0,51-0,8 |
>0,8 |
Уытты сілтіліктің артуы (тұзданудың бейтарап типінен сілті типіне ауысқан кезде), мг-экв/100 г топыраққа |
<0,7 |
0,7-1,0 |
1,1-1,6 |
1,7-2,0 |
>2,0 |
Тұзданған топырақ алаңының артуы, жылына % |
0-0,5 |
0,51-1,0 |
1,1-2,0 |
2,1-5,0 |
>5,0 |
Алмасу натрий құрамының артуы (КАС-тан %-бен): - құрамында < 1% натрийі бар топырақ үшін - басқа топырақ үшін |
<1,0 <5,0 |
1,0-3,0 5,0-10,0 |
3,1-7,0 10,1-15,0 |
7,1-10,0 15,1-20,0 |
>10,0 >20,0 |
Алмасатын магний құрамының артуы (КАС-тан %) |
<40 |
40-50 |
51-60 |
61-70 |
>70 |
3 г/дм3 дейін минералданумен жер асты сулары деңгейінің жиналу тереңдігі, м: - гумидті аймақта |
>1,0 |
1,0-0,81 |
0,80-0,61 |
0,60-0,30 |
<0,30 |
- жартылай шөлейтті, шөлейтті аймақтарда |
>3,0 |
3,0-2,0 |
1,99-1,5 |
1,49-1,0 |
<1,0 |
- далалық аймақта |
>4,0 |
4,0-3,1 |
3,0-2,1 |
2,0-1,0 |
<1,0 |
Минералданған (>3 г/ дм3) жер астындағы сулар деңгейінің жату тереңдігі, м |
>7,0 |
7,0-5,1 |
5,0-3,1 |
3,0-2,0 |
<2,0 |
Су басу ұзақтығы (беткі ылғалдану), ай |
<3 |
3-6 |
6-12 |
12-18 |
>18 |
Ескертпе:
* бастапқы ретінде жұтаңданбаған ұқсас жердің жай-күйі (нөлдік жұтаңдану дәрежесі) қабылданады.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |