• Мое избранное
Кепілдік шартының нысанын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 21.12.2018 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Кепілдік шартының нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 320 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 13 қыркүйекте № 15691 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 21 желтоқсаннан бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.11.2018 жылғы № 85 Бұйрығына сәйкес
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту және «Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған кепілдік шартының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
  • 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  • 1
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына, сондай-ақ ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
  • 1
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың
1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 29тамыздағы
№ 320 бұйрығымен
бекітілген
Нысан 
_____ кепілдік шарты

__________ қ.

20___ ж. «___» ____________

  Бұдан әрі «Кепілгер» деп аталатын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының атынан __________ негізінде әрекет ететін __________________ бір тараптан, бұдан әрі «Екінші деңгейдегі банк/Микроқаржы ұйымы (қажеттісін таңдаңыз)» деп аталатын «_______» акционерлік қоғамы/жауапкершілігі шектеулі серіктестігі/заңды тұлғаның өзге нысаны (қажеттісін таңдаңыз) атынан ________ негізінде әрекет ететін ____________ екінші тараптан және бұдан әрі «Қарыз алушы» деп аталатын ______________________________________________________________ атынан
  (Қарыз алушының толық атауы)
  _____________________________ негізінде әрекет ететін _____________________________________ үшінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп Тараптар, ал жеке алғанда жоғарыда көрсетілгендей немесе «Тарап» деп аталатындар, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысына (бұдан әрі – Бағдарлама);
«Қалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларын және Қалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 31 қантардағы № 33 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14856 тіркелген) сәйкес төмендегілер туралы осы кепілдік шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты.
1-тарау. Терминдер мен анықтамалар
1. Осы Шартта мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) Банк – Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;
2) банктік қарыз шарты – банк пен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның шарттары бойынша банк кәсіпкерге кредит береді. Банктік қарыз шартына кредит желісін ашу туралы келісім де жатады;
3) Қарыз алушы – банктік қарыз шартына/ микрокредит беру туралы шартқа қол қоятын, кредит/микрокредит алатын және алынған ақшаны қайтару бойынша міндеттемелерді және алынған кредитті/микрокредитті толық төлеуді, оның ішінде кредит/микрокредит бойынша сыйақылар мен басқа төлемдерді өзіне қабылдайтын жеке немесе заңды тұлға;
4) Кепілгер – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы;
5) кепілдік – банктік қарыз шарты/микрокредит беру туралы шарт бойынша негізгі борыштың бір бөлігін төлеу бойынша кепілдік шартынан туындайтын қарыз алушы міндеттемелерін орындау үшін кепілдік сомасының шегінде Кепілгердің микроқаржы ұйымы/Банк алдында жауап беру міндеттемесі;
6) микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ) – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелумен және есептік тіркеуден өтумен айқындалатын, микрокредиттер беру жөніндегі қызметті, сондай-ақ «Микроқаржы ұйымдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңында рұқсат етілген қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;
7) кредит/микрокредит – МҚҰ/банктер қарыз алушыға Микрокредит беру туралы шарт бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарында беретін қарыз ақша;
8) микрокредит беру туралы шарт – МҚҰ мен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның шарттары бойынша МҚҰ кәсіпкерге микрокредит береді. Микрокредит беру туралы шартқа кредит желісін ашу туралы келісім де жатады.
9) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – микрокредит беру туралы шартты/банктік қарыз шартын жасасу кезінде сол шартта белгіленген микрокредит/кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі.
2-тарау. Шарттың нысанасы
2. Осы Шарт талаптарында Кепілгер Банк/МҚҰ алдында Қарыз алушының Банк/МҚҰ және Қарыз алушы арасында жасалған банктік қарыз шарты/микрокредит беру туралы шарт (бұдан әрі – кредит шарты) бойынша есептелген сыйақының, комиссиялардың, тұрақсыздық айыбының, өсімпұлдың, айыппұл санкцияларының, борышты өндіріп алу бойынша сот шығасыларының сомасын, Қарыз алушының міндеттемелерді орындамауынан және (немесе) тиісінше орындамауынан туындаған Банктің/МҚҰ басқа шығындарын есептемегенде, кредит бойынша негізгі борыштың бір бөлігін төлеу бойынша міндеттемелерді орындау үшін жауап беруге міндеттенеді:
  1) кредит шартының атауы және нөмірі: ____________________________;
  2) кредит шартының жасалған күні: ________________________________;
  3) кредит/микрокредит сомасы: ___________________________________;
  4) кредит/микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі: _____________;
  5) кредит/микрокредит мерзімі: ___________________________________;
  Кредиттің/микрокредиттің нысаналы мақсаты: ______________________
  ____________________________________________________________________.
Осы тармақтағы мәліметтер кредит шартының талаптарына сәйкес көрсетіледі.
  3. Кепілгердің осы Шарт бойынша Банк/МҚҰ алдындағы жауапкершілігі _________________ (_____________________________) теңге ______ тиын мөлшерінде шектелген, бұл кредит шарты бойынша негізгі борыш сомасының _______ % құрайды және Кепілдік сомасы болып табылады: Банк/МҚҰ Кепілгерге осы Шарт бойынша талап қойған жағдайда, оның ішінде талап – арыз берген жағдайда Кепілгер Банк/МҚҰ алдында осы Шарт бойынша осы сома шегінде ғана және егер Банктің/МҚҰ-ның тиісті талабы кредитті/микрокредитті қайтаруды талап етуді көздесе ғана жауапты болады.
4. Кепілгердің Кепілдік бойынша міндеттемелерінің мөлшері Кепілгер орындаған талап сомасына азаяды.
5. Кредит желісінің жаңартылмайтын лимиті бойынша негізгі борышты өтеу/ішінара өтеу кезінде кепілдік сомасы кепілдік сомасының пайыздық мәндегі негізгі борыш сомасына арақатынасы ретінде қатысу мөлшеріне көбейтілген негізгі борышты өтеу сомасына тең сомаға азайтылады. Кредит желісінің жаңартылатын лимиті бойынша кепілдік сомасы кредит шартында көрсетілген қолжетімділік кезеңі аяқталғаннан кейін жүргізілген негізгі борышты өтеу сомасына пропорционалды азайтылады.
6. Кепілдік Қарыз алушы кредит шарты бойынша негізгі борыш сомасын қайтару бойынша міндеттемелерді орындамаған және/немесе тиісінше орындамаған жағдайда ғана орындалуы тиіс. Талап қою және Кепілдікті орындау тәртібі осы Шартта белгіленеді.
7. Осы Шартқа қол қою арқылы Қарыз алушы Кепілгерге Қарыз алушыға, кредит шартына, оның мазмұнына және оның орындалуына қатысты кез келген ақпаратты, оның ішінде кредит шартындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы, ол бойынша жүзеге асырылған төлемдер және ол бойынша мерзімі бұзылған орындаулар, кредит шарты бойынша өтелген сомалар және несиелік берешек қалдықтары туралы ақпаратты қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, коммерциялық, банктік және өзге де заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді ұсыну құқығын Банкке/МҚҰ береді. Қарыз алушы Кепілгерге және Банкке/МҚҰ өзі туралы дербес деректерді «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес жинауға және өңдеуге сөзсіз және кері қайтарып алынбайтын келісімін де береді (жеке тұлғалар үшін).
8. Осы Шартқа қол қою арқылы Қарыз алушы Кепілгердің Кепілгер акционеріне және уәкілетті мемлекеттік органдарға мынадай мәліметтерді ұсынуға келісімін береді: Қарыз алушының фирмалық атауы, Қарыз алушының Бағдарламаға қатысуы, Қарыз алушы жобасының атауы, Қарыз алушының жобасы іске асырылатын өңір және сала, кредит сомасы және мерзімі, кепілдік сомасы, кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі, кепілдік бойынша комиссияның мөлшері. Қарыз алушы Кепілгерге осы тармақта көрсетілген мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Кепілгердің интернет-ресурсында жариялау құқығын береді.
  • 1
9. Қарыз алушының кредит шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде кредит шартында Қарыз алушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде көрсетілмеген және (немесе) кредит шартына Кепілгердің алдын ала жазбаша келісімінсіз енгізілген мүлік, құқықтар, кепілдіктер, кепілгерліктер және басқалары қолданылмайды.
10. 9-тармақтың талаптарын сақтамау кепілдіктің тоқтатылуына алып келеді, ал кепілдікті Кепілгер толығымен немесе ішінара орындаған жағдайда Кепілгердің жазбаша талаптарын алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Банк/МҚҰ Кепілгерге кепілдік бойынша алған барлық сомасын қайтару міндетінің орындалуына әкеп соғады.
11. Кредит шарты бойынша қамтамасыз ету ретінде қабылданған мүлік Шарттың қолданылу мерзімі ішінде Қарыз алушының және (немесе) үшінші тұлғалардың (Кепілгермен жазбаша хабардар ету жағдайларын қоспағанда) басқа да міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету ретінде қолданылмайды.
  • 1
12. Кепілдік жарамдылығының міндетті шарты Кепілгердің мынадай талаптарды сақтауы болып табылады:
  1)__________________________________________________________;
  2)__________________________________________________________;
  3)__________________________________________________________.
3-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
13. Кепілгер:
1) Банк/МҚҰ талаптарын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні мерзімінен кешіктірмей осы Шарттың талаптарында Банк/МҚҰ кепілдігі бойынша төлем жүргізуге міндетті.
14. Кепілгер:
1) Банктен/МҚҰ және Қарыз алушыдан осы Шартта белгіленген міндеттемелерді орындауын талап етуге;
2) Банктен/МҚҰ Қарыз алушының кредитті нысаналы пайдалануын бақылауды және Банктің/МҚҰ және Қарыз алушының осы Шартты және (немесе) кредит шартын орындауына мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті толық және анық ақпаратты, сондай-ақ осы Шартқа байланысты өзге де қажетті ақпаратты, оның ішінде банктік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтау бойынша талаптарды сақтай отырып, Кепілгер өкілдерінің Банкке/МҚҰ баруы арқылы да ақпарат алуға;
3) кредит шарты бойынша қаржыландырылған жобаның іске асырылу барысын тексеру мақсатында Қарыз алушы жобасының іске асырылу орнына баруды өз есебінен жүзеге асыруға;
4) осы Шарт талаптарына сәйкес ұсынылған Кепілдік сомасы шегінде Кепілдік бойынша міндеттемелерді орындау туралы Кепілгерге қойылатын Банктің/МҚҰ талабын (бұдан әрі – талап) орындаудан:
егер мұндай талапты Банк/МҚҰ дұрыс қоймаса, Банк/МҚҰ қойылған талапта анықталған бұзушылықтарды жойғанға дейін;
егер Кепілгер осы Шарт шеңберінде жүргізетін мониторинг барысында осы Шарттың 4-тарауында көрсетілген осы Шарт талаптарының бұзылғанын анықтаса, Банкке/МҚҰ жазбаша дәлелді жауап жіберу арқылы бас тартуға;
5) Қарыз алушы беруі мүмкін, тіпті Қарыз алушы борышын таныған және (немесе) Қарыз алушы Банкке/МҚҰ өз қарсылығын білдіруден бас тартқан жағдайда да Банк/БҚҰ талаптарына қарсылық білдіруге;
6) Қарыз алушыдан және Банктен/МҚҰ Кепілгер сұранысын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні мерзімінен кешіктірмей, Қарыз алушының кредит шарты бойынша міндеттемелерді орындауы, оның ішінде жасалған кредит шарты талаптарының жол берілген бұзушылықтары туралы ақпарат беруді талап етуге;
7) Банктен/МҚҰ (Кепілгер кепілдік бойынша міндеттемелерді орындаған жағдайда) Банктің/МҚҰ Қарыз алушыға талап қою құқығын растайтын құжаттарды және ақпаратты беруді және Кепілгерге осы талаптарды қамтамасыз ететін құқықтарды осы Шартта белгіленген көлемде беруді талап етуге;
8) Қарыз алушыдан (Кепілгер кепілдік бойынша міндеттемелерді орындаған жағдайда) Кепілгерге кепілдік бойынша жүргізілген төлем сомасын және Қарыз алушы үшін жауапкершілікпен байланысты келтірілген өзге де шығындарды толық көлемде өтеуді талап етуге;
9) Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында көзделген тәртіппен Қарыз алушының кез келген шотынан осы Шарт бойынша туындаған берешек сомасын акцептсіз тәртіппен алуға (есептен шығаруға) не Қарыз алушының Банкте/МҚҰ ашқан банктік шоттарынан ақшаны банктік шоттарды тікелей дебеттеу арқылы есептеп шығаруға құқылы. Қарыз алушының банктік шоттарын тікелей дебеттеуге осы Шарттың көшірмесі және Қарыз алушының Кепілгер алдындағы берешегін растайтын құжаттардың көшірмелері негіз болып табылады. Бұл Қарыз алушының Банкте/МҚҰ ашылған шоттарынан тікелей дебеттеу арқылы төлемдерді жүзеге асыруға келісімі болып табылады;
10) осы Шартта және Бағдарламада көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
15. Қарыз алушы:
1) кредитті Банкке/ МҚҰ растайтын құжаттарды бере отырып, кредит шартында белгіленген нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануға;
2) Банктің/МҚҰ және (немесе) Кепілгердің бірінші талабы бойынша оның өкілдеріне кредиттің мақсатты пайдаланылуын, оның қамтамасыз етілуін және Қарыз алушының қаржы-шаруашылық қызметін оның өндірістік (сауда) объектілерін тікелей қарау және (немесе) Банкке/МҚҰ және (немесе) Кепілгерге қажетті шарттарда (мерзімі, көлемі) қаржы-шаруашылық қызметі туралы құжаттар мен ақпаратты беру арқылы тексеруге мүмкіндік беруге;
  • 1
3) Кепілгерге кредит шартының барлық жол берілген бұзушылықтары туралы, оның ішінде негізгі борыштың және (немесе) кредитті пайдаланғаны үшін сыйақы сомасын төлеу (қайтару) мерзімін кешіктіру туралы, сондай-ақ Қарыз алушының кредит шарты бойынша өз міндеттемелерін орындауға әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін барлық жағдайлар туралы кредит шартының талаптары бұзылған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша хабарлауға;
4) Банк/МҚҰ кредит шарты бойынша міндеттемелерді орындау туралы талап қойған жағдайда өз міндеттемелерін тиісінше орындауға қатысты қалыптасып отырған жағдайда барлық ақылға сыйымды және қолжетімді шараларды қабылдауға;
  • 1
5) Кепілгер кепілдік бойынша міндеттемелерін орындаған жағдайда Кепілгер кепілдік бойынша жүргізген төлемдердің сомасын Кепілгерге толық көлемде өтеуге және (Кепілгердің тиісті талабы болған жағдайда) Қарыз алушының Кепілгер алдындағы берешегінің сомасына есептелген сыйақыны Кепілгер Банкке/МҚҰ кепілдік бойынша соманы аударған күннен бастап Қарыз алушының ақшаны Кепілгерге нақты қайтару күніне дейін Банкке/МҚҰ кепілдік бойынша төленген сомада кредит шартында көрсетілген мөлшерлеме бойынша төлеуге, сондай-ақ Қарыз алушы үшін жауапкершілікпен байланысты Кепілгерге келтірілген өзге де шығындарды Кепілгер талабында көрсетілген тәртіппен және мерзімде өтеуге міндетті. Кепілгердің осы Шартта көрсетілген банктік шотына ақша аударған күні Қарыз алушының Кепілгерге ақшаны нақты қайтару күні болып саналады;
  • 1
6) Кепілгерден кредит шарты бойынша міндеттемелердің орындалуы, оның ішінде жасалған кредит шарты талаптарының жол берілген бұзылуы туралы ақпаратты беру жөнінде жазбаша сұрау салу алған кезде оны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні мерзімінен кешіктірмей Кепілгерге сұрау салуда көрсетілген ақпаратты жазбаша нысанда беруге;
  • 1
7) банк деректемелері және (немесе) орналасқан жері өзгерген кезде
3 (үш) жұмыс күні ішінде Банкті/МҚҰ және Кепілгерді жазбаша хабардар етуге;
8) Кепілгердің шешімі бойынша кредит шарты бойынша сатып алынатын мүлікті сақтандыруды жүзеге асыруға;
9) осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған жағдайда Кепілгер алдында барлық жеке мүлкімен жауапты болуға;
10) Кепілгердің талабы бойынша:
кірістер;
жұмыскерлер саны;
жұмыскерлердің есептелген кірістері және жеке тұлғаларға өзге де төлемдер бойынша шығыстар;
бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы;
салықтық төлемдер сомасы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ереженің 17-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне беру туралы келісімді Кепілгерге беруге;
  • 1
11) Кепілгердің мынадай талаптарын сақтауға міндетті:
  1) __________________________________________________________;
  2) __________________________________________________________;
  3) __________________________________________________________
  (Осы тармақшаға мәліметтер Кепілгердің уәкілетті органының талаптарына сәйкес толықтырылады).
16. Банк/МҚҰ:
1) кредит шартының талаптарына Кепілгер жауапкершілігінің ұлғаюына немесе Кепілгер үшін өзге де қолайсыз салдарға алып келмейтін өзгерістер енгізілген кезде кредит шартына өзгерістер енгізілген күннен кейінгі 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей, ол туралы Кепілгерге жазбаша хабарлауға міндетті.
Кредит шартына Кепілгер жауапкершілігінің ұлғаюына немесе Кепілгер үшін өзге де қолайсыз салдарға алып келетін өзгерістер енгізілген кезде Банк/МҚҰ Кепілгерден осындай өзгерістерді енгізуге алдын ала жазбаша келісім алуға міндетті.
Шарттың осы тармағының екінші абзацында көрсетілген өзгерістер кредит шартына Кепілгердің алдын ала жазбаша келісімінсіз енгізілген жағдайда кепілдік тоқтатылады;
2) Кепілгерден кредит шарты бойынша міндеттемелердің орындалуы, оның ішінде жасалған кредит шарты талаптарының жол берілген бұзушылықтары туралы ақпарат беру жөнінде жазбаша сұрау салу алған кезде оны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні мерзімінен кешіктірмей, Кепілгерге сұрау салуда көрсетілген ақпаратты жазбаша нысанда ұсынуға;
3) Қарыз алушының кредит шарты бойынша өз міндеттемелерін толық көлемде орындағаны туралы, оның ішінде міндеттемелерін мерзімінен бұрын орындаған жағдайда 5 (бес) жұмыс күні мерзімінен кешіктірмей Кепілгерге жазбаша хабарлауға;
4) осы Шартта белгіленген жағдайларда Кепілгерге осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде ақшаны қайтаруды жүзеге асыруға;
  • 1
5) Кепілгер кепілдік бойынша міндеттемелерді орындаған жағдайда Банк/МҚҰ Кепілгерден алған барлық сома кредит шарты бойынша негізгі борышты өтеуге жіберіледі;
6) Кепілгер кепілдік бойынша міндеттемелерді орындаған жағдайда осы Шарттың 31-тармағын орындағаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күні мерзімінен кешіктірмей Кепілгерге Банктің/МҚҰ Қарыз алушыға талап қою құқығын куәландыратын құжаттар мен ақпаратты беруге және Кепілгерге осы талаптарды қамтамасыз ететін құқықтарды осы Шартта белгіленген көлемде беруге міндетті. Банк/МҚҰ құжаттары Кепілгерге түпнұсқаларда, ал мұны жасау мүмкін болмаған жағдайда, нотариат куәландырған көшірмелер түрінде тапсырылады. Құжаттарды Банктен/МҚҰ Кепілгерге тапсыру құжаттарды қабылдау-тапсыру актісін жасау арқылы жүзеге асырылады;
7) Қарыз алушы кредит шарты бойынша негізгі борышты төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындамаған және/немесе тиісінше орындамаған жағдайда Кепілгерге осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде Қарыз алушының кредиттік дерекнамасына мониторинг жүргізу үшін рұқсат беруге, өзінің келісімін растайды;
8) Кепілгердің кепілдікті орындау нәтижесінде алған құқықтарын жүзеге асыруға кедергі келтірмеуге;
9) осы Шартта белгіленген өзге де міндеттемелерді тиісінше орындауға міндетті.
  • 1
17. Банк/МҚҰ:
1) Қарыз алушы кредит шарты бойынша негізгі борышты төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындамаған (тиісінше орындамаған) жағдайда Кепілгерге осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде талап қоюға;
2) Кепілгерден және Қарыз алушыдан осы Шартта көзделген өзге де міндеттемелердің орындалуын талап етуге;
3) Кепілгер шешімі бойынша кепілдік беру тоқтатылған/кепілдіктің қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда қолданыстағы кредит шарты бойынша Қарыз алушыға бұрын қолданылған қаржыландыру шарттарын (оның ішінде сыйақы мөлшерлемесін, комиссияларды, алымдарды және (немесе) өзге де төлемдер мен басқа да шарттарды) осы Шартты жасағанға дейін/жаңа кредит берген жағдайда Банк/МҚҰ ұйғарымына қарай қаржыландырудың стандартты шарттарын белгілеуге құқылы.
18. Осы Шартты орындау кезінде Банк/МҚҰ Кепілгер алдындағы өз міндеттемелерін Кепілгер Банкке/МҚҰ Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламаларын іске асыру шеңберінде орналастырған қаражат есебінен азайтуға құқығы жоқ.
4-тарау. Кепілдікті орындау тәртібі
  • 1
19. Қарыз алушы кредит шарты бойынша негізгі борыш сомасын өтеу міндеттемелерін үздіксіз орындамаған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні мерзімінен кешіктірмей Банк/МҚҰ ол туралы Кепілгерді Кепілгердің Кепілдік мөлшері есептелетін негізгі борыш бойынша берешек мөлшерін бекітуі үшін Кепілдік мөлшерінің қалдығын көрсете отырып және Қарыз алушының Банк/МҚҰ алдында берешегінің бар екендігі туралы анықтаманы және Банктің/МҚҰ Қарыз алушыға жіберген мерзімі өткен берешегін өтеу туралы жазбаша талабының көшірмесін қоса бере отырып, жазбаша хабардар етеді.
20. Қарыз алушы кредит шарты бойынша негізгі борыш сомасын өтеу бойынша міндеттемелерін орындамаған күннен бастап күнтізбелік 120 (бір жүз жиырма) күн ішінде Банк/МҚҰ Қарыз алушыдан және қамтамасыз етуді берген тұлғалардан мерзімі өткен берешекті алу мақсатында қалыптасып отырған жағдайда барлық ақылға сыйымды және қолжетімді шараларды (оның ішінде қамтамасыз етуден ақы өндіріп алу, үшінші тұлғалардың банк кепілдігі, кепілдіктері/кепілгерліктері бойынша талап қою (кепілдіктерді қоспағанда), Қарыз алушының шоттарына төлем талап қою және тағы басқалар) қабылдауға құқылы.
21. Банктің/МҚҰ Кепілгерге талап қойғанға дейін Қарыз алушының берешегін өндіріп алу бойынша қабылдаған шаралары нәтижесінде алынған сома Банктің/МҚҰ ішкі құжаттарында белгіленген және кредит шартының талаптарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы банктік және азаматтық заңнамасының талаптарына кезектілікпен сәйкес келетін Қарыз алушының берешегін өтеуге жіберіледі.
22. Егер Қарыз алушы кредит шарты бойынша негізгі борыш сомасын өтеу бойынша міндеттемелерін орындамаған күннен бастап күнтізбелік
60 (алпыс) күн ішінде Қарыз алушы кредит шарты бойынша негізгі борыш сомасын өтеу бойынша міндеттемелерін орындамаған/тиісінше орындамаған жағдайда Кепілгер осы Шарт талаптарының сақталуы тұрғысынан мониторинг жүргізеді.
23. Қарыз алушы кредит шарты бойынша негізгі борыш сомасын өтеу бойынша міндеттемелерін орындамаған күннен бастап күнтізбелік 120 (бір жүз жиырма) күн өткен соң Қарыз алушы кредит шарты бойынша негізгі борыш сомасын өтеу бойынша міндеттемелерін орындамаған/тиісінше орындамаған жағдайда Банк/МҚҰ Кепілгерге талап қоюға құқылы.
24. Талапта:
1) Кепілдік шартының деректемелері;
2) кредит шартының деректемелері;
3) Қарыз алушының атауы;
4) Кепілгердің кепілдік бойынша төлем сомасының есептеулері;
5) ақша аударылуы тиіс Банк/МҚҰ шотының деректемелері көрсетіледі.
25. Талапқа:
1) Қарыз алушының Шарттың 19-тармағына сәйкес жазбаша хабарлама жіберу күніне және Кепілгерге талап қою күніне кредит шарты шеңберінде Қарыз алушы жобасы бойынша кепіл мүлкінің тізбесі көрсетілген Банк/МҚҰ алдында берешегінің бар-жоғы туралы анықтама;
2) кредит берген күннен бастап Кепілгерге талап қойған күнге дейінгі кезең ішінде Қарыз алушының банктік шотынан үзінді көшірме;
3) Қарыз алушының кредит қаражатын алғандығын растайтын құжат көшірмесі;
4) Банктің/МҚҰ Қарыз алушыға жіберген Қарыз алушының кредит шарты бойынша міндеттемелерін бұзғандығы туралы талабының (наразылығының) көшірмесі;
5) Қарыз алушының Банк/МҚҰ талабына (наразылығына) жауабының көшірмесі (бар болса);
6) Банктің/МҚҰ кредит шарты бойынша берешекті өндіріп алу жөніндегі қолданған шаралары және растайтын құжаттарды қоса бере отырып (бар болса) қабылданған шаралардың нәтижесінде алынған сома туралы ақпарат;
7) соттың берешекті өндіріп алу туралы шешімінің көшірмесі (бар болса);
8) орындау парақтарының көшірмелері (бар болса);
9) кредит шартына қосымша келісімдердің көшірмелері (бар болса);
10) Қарыз алушының Банк/МҚҰ алдындағы берешегін және Банктің/МҚҰ берешекті өндіріп алу бойынша қабылдаған шараларын растайтын өзге де құжаттардың көшірмелері (бар болса) қоса беріледі.
26. Талапта көрсетілген сома осы Шарт талаптарына сәйкес келеді және осы Шартта белгіленген кепілдіктің шекті сомасынан аспайды.
27. Банк/МҚҰ талапты Кепілгерге осы Шартта көрсетілген мекенжай бойынша тапсырыс хат жіберу немесе қолма-қол беру жолымен жібереді.
28. Талап Астана уақыты бойынша ағымдағы жұмыс күні сағат 16:00-ге дейін Кепілгерге қойылады. Астана уақыты бойынша сағат 16.00-ден кейін қойылған талап келесі жұмыс күні ұсынылды деп саналады.
29. Банк/МҚҰ талабын алғаннан кейін Кепілгер осы Шартта көрсетілген Қарыз алушының мекенжайына тапсырыс хатпен немесе Қарыз алушыға қолма-қол табыстау арқылы хабарлама жіберу жолымен Қарыз алушыға Банктің/МҚҰ талап қойғандығы туралы жазбаша нысанда хабарлайды. Хабарламаны тапсырыс хатпен жіберу кезінде хабарлама пошта мекемесі берген құжатта көрсетілген күннен кейін 3 (үшінші) күні алынды деп саналады.
30. Кепілгер Банктің/МҚҰ талабын және осы Шартта көзделген барлық құжаттарды алған күннен бастап, сондай-ақ талапқа және ұсынылған құжаттарға қарсылықтар болмаған кезде 10 (он) жұмыс күні мерзімінен кешіктірмей Банкке/МҚҰ талапта көрсетілген сома мөлшерінде төлем жүргізеді не Банкке/МҚҰ барлық қарсылықтарды көрсете отырып, хат жібереді.
  • 1
31. Банк/МҚҰ кепілді қамтамасыз етуді іске асыру бойынша жұмыс жүргізеді. Банк/МҚҰ Қарыз алушының берешектерін өндіріп алу бойынша шаралар нәтижесінде, оның ішінде қамтамасыз етуді іске асыру арқылы алынған соманың барлығы Кепілгер мен Банк/МҚҰ арасында мынадай кезектілікпен бөлінеді:
1) кредит шарты бойынша Банк/МҚҰ алдында сыйақыны өтеу;
2) Қарыз алушының Банк/МҚҰ алдындағы негізгі борышының қалдық сомасын өтеу;
3) Қарыз алушының Кепілгер алдындағы берешегін өтеу;
4) Қарыз алушының Банк/МҚҰ алдындағы кредит шарты бойынша тұрақсыздық айыбы мен өзге де берешегін өтеу.
Бұл ретте ақшаны бөлу Банк/МҚҰ оларды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
32. Егер осы Шарттың 31-тармағын орындағаннан кейін Қарыз алушының Кепілгер алдындағы берешегі өтелмеген/толық көлемде өтелмеген жағдайда Банк/МҚҰ кепілдік бойынша міндеттемелерді орындаған Кепілгерге Банк өткізбеген барлық мүлікті, сондай-ақ кепілдіктер, кепілгерліктер және кредит шартында Қарыз алушының міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету ретінде көрсетілген құқықтарды және Кепілгер орындаған міндеттемелер көлемінде қамтамасыз етуді ұсына отырып, шарттар бойынша кепіл ұстаушы ретінде Банкке/МҚҰ тиесілі құқықтарды беруге міндеттенеді.
Осы Шарттың 31-тармағы орындалған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде Банк/МҚҰ Кепілгерге қабылдау-тапсыру актісі бойынша мына құжаттарды:
кредит шартына қосымша келісімдермен бірге оның түпнұсқасын немесе нотариат растаған көшірмесін;
қамтамасыз етуді беру туралы шартқа қосымша келісімдермен бірге оның түпнұсқасын немесе нотариат растаған көшірмесін;
кепіл мүлкіне құқық белгілейтін құжаттар мен Кепілгердің талабы бойынша өзге де құжаттарды тапсыруға міндеттенеді.
5-тарау. Кепілдіктің қолданылу мерзімі
  33. Кепілдік _____ жылғы «___»_____ қоса алғандағы мерзімге беріледі.
34. Кепілдіктің қолданылуы мынадай жағдайлардың кез келгені болған кезде:
1) кепілдікпен қамтамасыз етілген кредит шарты бойынша негізгі борыш сомасын толық өтеу кезінде;
2) осы Шартта көрсетілген кепілдік мерзімі аяқталған кезде;
3) егер Кепілгер жаңа борышкер үшін жауап беруге келісімін бермесе, кепілдікпен қамтамасыз етілген кредит шарты бойынша борышты басқа адамға аударған кезде;
4) егер кепілдікпен қамтамасыз етілген міндеттемелерді орындау мерзімі басталғаннан кейін Банк/МҚҰ Қарыз алушы немесе Кепілгер ұсынған тиісті орындауды қабылдаудан бас тартқан болса;
5) Кепілгердің алдын ала жазбаша келісімінсіз жауапкершілікті арттыруға алып келетін немесе алып келуі мүмкін кредит шартының кез келген талаптарының өзгеруі;
6) анық емес мәліметтер (ақпарат) және (немесе) құжаттардың берілуі Қарыз алушының тарапынан алаяқтық әрекеттерден туындаған және оны Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелдеген жағдайларды қоспағанда, Банк/МҚҰ Кепілгерге анық емес мәліметтер (ақпарат) және (немесе) Кепілгердің кепілдік беру туралы шешім қабылдауы үшін қажетті құжаттар берген жағдайда;
7) Қарыз алушы және (немесе) Банк/МҚҰ осы Шарттың 12-тармағында көзделген міндеттемелер мен талаптарды орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда;
8) кредитті мақсатқа сай пайдаланбау фактілері анықталған кезде;
9) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Бағдарламада және (немесе) осы Шартта көзделген өзге де негіздер бойынша тоқтатылады.
6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
35. Кепілгер Банкке/МҚҰ талапта көрсетілген соманы уақтылы төлемеген жағдайда Кепілгер Банкке/МҚҰ мерзімі өткен әрбір күн үшін уақтылы төленбеген соманың 0,01 % (нөл бүтін жүзден бір пайыз) мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды) төлейді.
36. Банк/МҚҰ Кепілгерге осы Шарт талаптарына сәйкес Кепілгерге тиесілі болатын кез келген соманы уақтылы қайтармаған жағдайда Банк/МҚҰ Кепілгерге мерзімі өткен әрбір күн үшін уақтылы төленбеген соманың 0,01 %-ы (нөл бүтін жүзден бір пайыз) мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды) төлейді.
37. Банк/МҚҰ осы Шарттың 16-тармағының 5) тармақшасында белгіленген міндеттемелерді бұзған жағдайда Банк/МҚҰ Кепілгерге мерзімі өткен әрбір күн үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.
38. Қарыз алушы осы Шарттың 15-тармағының 3), 5), 6), 7), 11) тармақшаларында белгіленген міндеттемелерді бұзған жағдайда Қарыз алушы Кепілгерге мерзімі өткен әрбір күн үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды) төлейді.
39. Тұрақсыздық айыбын төлеу талабы кінәлі Тарап құқығын бұзған Тараптың құқығы болып табылады. Тараптың тұрақсыздық айыбын төлеуді талап ету құқығын пайдалануы тұрақсыздық айыбын төлеу туралы жазбаша талап жіберу болып саналады. Тұрақсыздық айыбын төлеу кінәлі Тарапты осы Шарт талаптарын тиісінше орындаудан босатпайды.
40. Банк/МҚҰ кредит шартын тиісінше ресімдеуге, сондай-ақ кредит беру талаптарының Кепілгердің Уәкілетті органының шешімінде көрсетілген талаптарға сәйкес келуіне толықтай жауапты болады. Аталған міндеттемелер Банк/МҚҰ тарапынан бұзылған жағдайлар анықталған кезде Кепілгер Банкке/МҚҰ тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды) белгілеуге құқылы.
7-тарау. Еңсерілмейтін күш жағдайлары
41. Еңсерілмейтін күш жағдайлары – кез келген Тараптың Шарт бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара орындауы мүмкін болмайтын жағдайлар (су тасқындарын, жер сілкіністерін, жарылыстарды, дауылдарды, індеттерді, эпизоотияларды, стихиялық өрттерді, ереуілдерді, соғысты, көтерілістерді, мемлекеттік органдардың ресми актілерін қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей). Бұл ретте еңсерілмейтін күш жағдайларының сипаты, әрекет ету кезеңі, басталу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталуға тиіс.
42. Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін еңсерілмейтін күш жағдайларының салдарынан орындамағаны не тиісінше Шарт бойынша міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
43. Еңсерілмейтін күш жағдайлары басталған кезде Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауы мүмкін болмаған Тарап еңсерілмейтін күш жағдайлары басталған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде басқа Тарапқа осындай жағдайлар жөнінде уақтылы хабарлауға тиіс.
44. Уақтылы хабарлама болмаған жағдайда Тарап басқа Тарапқа хабарламаудың немесе уақтылы хабарламаудың салдарынан келтірілген залалды өтеуге міндетті.
45. Еңсерілмейтін күш жағдайларының туындауы Шартты орындау мерзімінің аталған жағдайлар әрекет еткен кезеңге сай ұзартылуын туындатады.
46. Егер осындай жағдайлар 2 (екі) айдан астам уақытқа созылса, онда Тараптардың әрқайсысы Шарт бойынша міндеттемелерді одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы.
8-тарау. Дауларды шешу
47.Осы Шартты өзгертумен, бұзумен және орындаумен байланысты барлық даулар мен келіспеушіліктерді Тараптар келіссөздер және талқылаулар арқылы шешетін болады, келіссөздер нәтижесінде Тараптар келісімге келмеген жағдайда, осындай дау Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген сот тәртібімен қаралатын болады.
9-тарау. Қорытынды ережелер
48. Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша нысанда ресімделеді, Тараптардың уәкілетті өкілдерінің қолдары қойылады және Тараптардың мөр бедерлерімен бекітіледі.
  49. Осы Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде ___ (__________) данадан әрқайсысының заңды күші бірдей мемлекеттік және орыс тілдерінде ___ (______) бірдей данада жасалды.
50. Осы Шартта көзделмеген өзге жағдайлардың бәрінде Тараптар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасын басшылыққа алады.
51. Кредит шартының көшірмесі осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
52. Тараптардың келісімі бойынша Кепілгер осы Шарт бойынша өз міндеттемелерінің орындалуы үшін өз қаражаты шегінде ғана жауап береді.
10-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары мен банктік деректемелері

Кепілгер:

Банк/Микроқаржы ұйымы:

Қарыз алушы:

мекенжайы______________

телефоны________________

БСН____________________

БСК ___________________

ЖСК __________________

КБе_____________________

Мөр орны

мекенжайы_________

БСН_______________

БСК ______________

ЖСК ______________

КБе________________

Мөр орны

мекенжайы___________

телефоны_____________

жеке басты куәландыратын құжаттың №__________________

ЖСН_________________

БСН_________________

БСК _________________

ЖСК ________________

КБе________________

Мөр орны