• Менің таңдаулыларым
«Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Назар аударыңыз! Құжаттың 27.06.2025 күші жойылды

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)

«Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 511 бұйрығы

Осы Бұйрық 2025 жылдың 27 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 17.06.2025 жылғы № 290 Бұйрығына сәйкес 
БҰЙЫРАМЫН:  
1. «Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14623 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 11 қаңтарында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:  
бұйрықтың кіріспесінің орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілген, мемлекеттік тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Бюджеттiк мониторинг жүргізу нұсқаулығында:  
1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бюджеттік мониторингті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бюджетті атқару жөніндегі орталық, жергілікті уәкілетті органдар, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары жүзеге асырады.»;
5-тармақмынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бюджет кірістерінің атқарылуын талдау субъектілері бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары, өндіріп алуға жауапты және олардың түсуіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар болып табылады.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы бойынша талдау жүргізеді.
Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары облыстың, атап айтқанда облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің, аудандар  бюджеттерінің, аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы бойынша талдауды, сондай-ақ бюджеттің төмен тұрған деңгейіне бөлінген нысаналы трансферттердің талдауын жүзеге асырады.
Бюджеттік мониторинг бюджеттің атқарылуына талдау жүргізу функциясына кіретін бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдардың құрылымдық бөлімшелері алған ақпараттың негізінде жүзеге асырылады.»;
7-тармақ алып тасталсын;
8-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жергілікті бюджет кіріс бөлігінің артығымен атқарылу немесе атқарылмау себептерін талдауды бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары тоқсан сайын есептіден кейінгі айдың 25-і күніне дейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және жергілікті атқарушы органдарға ұсынады.»;
21-тармақ алып тасталсын;
24-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Бюджет шығыстары атқарылуының бюджеттік мониторингін республикалық және тиісті жергілікті бюджеттердің атқарылуы жөніндегі бюджеттік есептілік және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері беретін ақпарат негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары жүзеге асырады.»;
25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Талдамалы есепті жасау үшін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары есептіден кейінгі айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде, сыртқы қарыздарды есептемегенде бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бөлінісінде қаржыландыру жоспарлары мен төленген міндеттемелер бойынша деректерді ақпараттық жүйеде (бұдан әрі – АЖ) жүктейдi. Сыртқы қарыздарды ескере отырып, есепті деректердің қалыптастырылуына қарай бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар көрсетілген ақпаратты АЖ-ға қайталап жүктейдi.
26. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері есепті айдан кейінгі айдың алғашқы жеті күнінен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарға АЖ-да қалыптастырылған осы Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес 1- МББӘ нысаны бойынша бюджеттік бағдарламаларды іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есепті ұсынады. Аталған есепте әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша төлемдер бойынша жоспарлардың орындалмау себептері және қаржыландыру жоспарларының орындалмауына әкеп соқтырған факторларды көрсете отырып, міндеттемелер бойынша жоспарға сәйкес міндеттемелерді уақтылы қабылдамау себептері егжей-тегжей толтырылады.
Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 7-нен кешіктірмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органына осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес 1- МУО нысаны бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы талдамалы есепті ұсынады.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары ай сайын есептіден кейінгі 10-ы күнінен кешіктірмей облыстың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органына осы Нұсқауға 9-қосымшаға сәйкес 1- МУО нысаны бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінің атқарылуы туралы талдамалы есепті ұсынады.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі 15-і күнінен кешіктірмей және қаржы жылының қорытындылары бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес 1-МУО нысаны бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бюджетінің атқарылуы туралы талдамалы есепті ұсынады.»;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«30. 1-МББӘ нысаны бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есеп АЖ-ды қолдана отырып жасалады.
1-МББӘ және 1-МУО нысандары мынадай түрде толтырылады:
1) 1-11, 13, 14-бағандарды толтырылмайды (осы бағандардың мазмұны АЖ-дан автоматты түрде алынатын болады) және түзету құқығынсыз оқу режимінде пайдаланылатын болады;
2) 12-бағанда бюджет шығыстары жөніндегі бір жылдағы күтілетін атқарылуды әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша 1 қазандағы жағдай бойынша және ағымдағы жылдың соңына дейін бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептен бастап көрсетіледі;
3) 15-бағанда төлемдер бойынша жоспардың орындалмауы көрсетіледі;
4) 17-19-бағандарда қалыптасқан бюджет қаражатын жалпы үнемдеу сомасы 16-бағанда көрсетіледі;
5) 17-бағанда мемлекеттік сатып алу нәтижесі бойынша бюджет қаражатын үнемдеу көрсетіледі;
6) 18-бағанда ЕТҚ бойынша үнемдеу көрсетіледі;
7) 19-бағанда өзге де бюджет қаражатын үнемдеу көрсетіледі;
8) 20-бағанда Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган резервінің бөлінбеген қалдығы көрсетіледі;
9) 21-бағанда есепті кезеңде бюджет қаражатының игерілмеу көлемі көрсетіледі;
10) 22-25-бағандарда Нұсқаулықтың 29-тармағында жазылған жеке, себептер бойынша қалыптасқан сомалар көрсетіледі;
11) 26-27-бағандарда ай сайын есепті кезеңде игерілмеу және есепті кезеңде міндеттемелердің уақтылы қабылданбау не қабылданбау себептерінің негіздемелері көрсетіледі.»;
38-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына:»;
мынадай мазмұндағы 38-1-тармақпен толықтырылсын:
«38-1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органына:
1) ағымдағы нысаналы трансферттердің, нысаналы даму трансферттері мен аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен бөлінген және республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен іске асырылатын кредиттердің іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы есептерді:
есепті айға – есепті айдан кейінгі айдың 4-нен кешіктірмей;
есепті жылға – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 25 қаңтарынан кешіктірмей осы Нұсқаулыққа 15-1-қосымшаға сәйкес 2-НТАО нысаны бойынша;
2) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратының өткен қаржы жылында бөлінген және жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша ағымдағы жылы түгел пайдалануға рұқсат етілген нысаналы даму трансферттерінің түгел пайдаланылуы мониторингінің нәтижелері туралы ақпаратты:
есепті жылға – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 15 қаңтарынан кешіктірмей осы Нұсқаулыққа 15-2-қосымшаға сәйкес 3-ТПАО нысаны бойынша ұсынады.»;
41, 42 және 43-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«41. Бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар облыстық бюджеттерге, Алматы және Астананың қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің іске асырылуы туралы талдамалық есепті Қазақстан Республикасының  Үкіметіне, тиісті жергілікті атқарушы органдарға тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-і күніне және қаржы жылының қорытындылары бойынша есепті қаржы жылынан кейінгі екінші айдың 25-і күніне осы Нұсқаулыққа 20-қосымшаға сәйкес нысанда ұсынады.   
42. 2-НТО нысаны бойынша облыстық бюджеттерге, Алматы және Астананың қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттердің, нысаналы даму трансферттері мен кредиттердің іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы есеп пен осы Нұсқаулыққа 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облыстық бюджеттерге, Алматы және Астананың қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен кредиттердің іске асырылуы туралы талдамалық есеп АЖ пайдалана отырып жасалады.