«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын, Субсидиялау шартының, Кепілдік шартының, Грант беру туралы шарттың нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 11 тамыздағы № 299 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 13 қыркүйекте № 15674 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 15 наурыздан бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.03.2019 жылғы № 18 Бұйрығына сәйкес
«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысаны;
2. Мыналардың:
1) «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын, Субсидиялау шартының, Кепілдік шартының, Грант беру туралы шарттың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 736 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12480 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын, Субсидиялау шартының, Кепілдік шартының, Грант беру туралы шарттың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 736 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 8 маусымдағы № 244 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13906 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 22 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға, сондай-ақ «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 11 августағы 299 № бұйрығына 1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.04.2018 жылғы № 148 Бұйрығына сәйкес (11.08.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Нысан
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы үлгі шарт
____________ қ. 20__ жылғы «____» __________
Осы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарт (бұдан әрі – Шарт):
бірлесіп «Тараптар», ал әрқайсысы жеке алғанда «Тарап» деп немесе төменде көрсетілгендей аталатын,
1) «Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі»: _______________________________________________________________________ атынан ______________________________________________________ негізінде әрекет ететін ____________________________________________________ және
2) «Қаржы агенттігі»: «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының атынан _____________________________________________________________ негізінде әрекет ететін _______________________________________________ арасында:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама);
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары) және «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларына (бұдан әрі – Кепілдік беру қағидалары) сәйкес жасалды.
1. Терминдер мен анықтамалар
1. Осы Шартта мынадай негізгі терминдер мен қысқартулар пайдаланылады:
1) Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторлары – экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (бұдан әрі - ЭҚЖЖ) сәйкес экономиканың басым секторлары;
2) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі – Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттарды дайындау және жинау бойынша кәсіпкерлерге консультациялық қолдау көрсетуді жүзеге асыратын, облыс әкімі айқындайтын қаланың/ауданның құрылымдық бөлімшесі;
3) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) деңгейінде Бағдарламаны іске асыруға жауапты, облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
4) банк – Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;
5) банк-төлем агенті – лизингтік компанияның/исламдық лизингтік компанияның уәкілетті банкі, ол қаржы агенттігімен келісілуге тиіс және лизингтік компанияның/исламдық лизингтік компанияның жобалар бойынша субсидияларды аудару мен есептен шығаруға арналған арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға тиіс;
6) банктік қарыз шарты – банк пен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның шарттары бойынша банк кәсіпкерге кредит береді. Кредиттік желі ашу туралы келісім де банктік қарыз шартына жатады;
7) банктік кредит (бұдан әрі - кредит) - банктік қарыз шартының негізінде мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және нысаналы пайдалану шарттарында банк кәсіпкерге беретін ақшалай қаражат сомасы;
8) бірінші бағыт – моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау;
9) даму банкі – «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы және (немесе) оның үлестес лизингтік компаниясы;
10) екінші бағыт – экономиканың басым секторларында және өңдеу өнеркәсібі салаларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерді/ индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау;
11) ислам банкі – «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-тарауында көзделген банк қызметін жүзеге асыратын лицензияның негізінде Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;
12) исламдық қаржыландыру бойынша субсидиялау (бұдан әрі – субсидиялау) - болашақта кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды орындау орнына қаржыландыру бойынша тауарға үстеме баға/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігі ретінде ислам банкіне/ исламдық лизингтік компанияға кәсіпкер төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылай қолдау нысаны;
13) исламдық қаржыландыру жөніндегі субсидиялау шарты – қаржы агенттігі, ислам банкі/исламдық лизингтік компания және кәсіпкер арасында жасалатын үш жақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенттігі кәсіпкерді ислам банкі/исламдық лизингтік компания берген қаржыландыру бойынша тауарға үстеме бағаны/ ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның табысын құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігін ішінара субсидиялайды;
14) исламдық лизингтік компания – «Қаржы лизингі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-1-тарауына сәйкес өз қызметін жүзеге асыратын, акционерлік қоғам нысанында құрылған, банк болып табылмайтын, Бағдарламаға қатысушы заңды тұлға;
15) кәсіпкер – өз қызметін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісі;
16) кепілдік – банктік қарыз шарты бойынша кепілдік шартынан туындайтын негізгі борыштың бір бөлігін кепілдік сомасының шегінде төлеу бойынша кәсіпкер міндеттемелерін орындау үшін қаржы агенттігінің Банк алдында жауап беру міндеттемесі;
17) кепілдік беру – кәсіпкерлерді Бағдарламада, осы Кепілдік беру қағидаларында және кепілдік шартында айқындалатын шарттарда кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету ретінде ішінара кепілдік беру түрінде пайдаланылатын мемлекеттік қолдау нысаны;
18) кепілдік шарты – қаржы агенттігі/банк және кәсіпкер арасында жасалған кепілдік беру туралы үшжақты жазбаша келісім;
19) қаржылық лизинг шарты – лизингтік компания/банк/даму банкі және кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның шарттары бойынша лизингтік компания/банк/даму банкі кәсіпкерге қаржылық лизинг береді;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |