• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2024 г

Отправить по почте

1

«Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшiн халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және халықаралық авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1221 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 598 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2024 жылғы 1 қантардан бастап ҚР Үкіметінің 15.12.2023 жылғы № 1128 Қаулысына сәйкес 
1. «Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшiн халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және халықаралық авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1221 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 2, 16-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін халықаралық авиамаршрутқа арналған конкурс өткізу және халықаралық авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларында:
«2. Конкурс жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін авиакомпанияны айқындау және халықаралық авиамаршруттарға арналған куәліктер беру мақсатында өткізіледі.
Халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурс үкіметаралық келісімдерге сәйкес авиатасымалдаушылардың саны немесе рейстерді орындау жиілігі бойынша шектеу белгіленген авиамашруттарға:
2) үкіметаралық келісімге енгізілген өзгерістерге сәйкес қолданыстағы халықаралық авиамаршрутта қосымша жиіліктер бөлінген;
3) авиатасымалдаушы халықаралық авиамаршрутты пайдаланудан бас тартқан кезде босатылған жиіліктер бөлінген жағдайларда жүргізіледі.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) халықаралық авиамаршруттарға конкурс өткізудің ұйымдастырушысы болып табылады.»;
«7) тұрақты жолаушылар тасымалдарында үздіксіз жұмыс тәжірибесінің болуы (кемінде соңғы екі жыл);»;
«18. Конкурсқа қатысу үшін қатысушылар мынадай құжаттар ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға арналған белгіленген нысандағы өтініш;
2) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің көшірмесі;
3) барлық қосымшаларымен қоса азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатының көшірмесі;
4) сақтандырудың міндетті түрлерінің бар екенін растайтын сақтандыру полистерінің (шарттарының) көшірмелері;
5) әуе кемелерінің паркі туралы мәліметтер (олардың үлгілері, саны, борттық тіркеу нөмірлері, ұшу жарамдылығының қолданыстағы сертификаты);
6) тасымалдау құжаттарын электрондық және қағаз түрінде ресімдеуді қоса алғанда, авиабилеттерді сатудың ғаламдық дистрибутивтік жүйелерінің бірінде орындар ресурсын орналастыруға және жүргізуге арналған келісімінің көшірмесі;
7) авиакомпанияның Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі;
8) пайдалану сәтінен бастап алынуы болжанатын кірісті есепке алмағанда, бір ай ішінде халықаралық авиамаршрут бойынша ұсынылған кестеге сәйкес ұшуды қамтамасыз ету үшін есепшотта қажетті мөлшерде ұлттық немесе шетелдік валютадағы қаржы қаражатының болуы туралы банк анықтамасы;
9) бір ай ішінде халықаралық авиамаршрут бойынша ұсынылатын кестеге сәйкес жоспарланатын жүктемені ескере отырып, ұшуды орындауға арналған шығыстардың есептемелері;
10) төлем жүргізу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы үш айдан астам мерзім ішінде салық берешегі мен жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы салымдары бойынша берешектің жоқтығы туралы салық органының бірінші басшысының немесе қол қоюға құқығы бар (осы құқықты растайтын құжатты қоса бере отырып) тұлғаның қолы қойылған және мөрі басылған бекітілген нысандағы салық органының анықтамасының түпнұсқасы (егер анықтамада берешек көрсетілсе, аталған берешектің пайда болу мерзімдерін растайтын, анықтама берген адам қол қойған құжаттар қоса берілуі қажет);
11) авиакомпанияның авиабилеттерді броньдау және сату ғаламдық дистрибутивтік жүйелерінде ресурстарды басқару бойынша білікті персоналының болуы туралы мәлімет;
13) тұрақты жолаушылар тасымалдарында соңғы екі жылдағы жұмыс тәжірибесі туралы мәлімет;
14) Қазақстан Республикасының кемінде екі қаласында авиакомпанияның филиалын немесе өкілдігін тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
15) авиакомпания веб-сайтының болуы және веб-сайт арқылы авиабилеттерді сатуды жүргізу туралы мәліметтер;
16) Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IOSA) берген қауіпсіздіктің өндірістік аудиті сертификатының көшірмесі;
17) авиамаршрутта халықаралық ұшуларды орындауға арналған ұзақ мерзімді (үш жылға арналған) бизнес-жоспар;
18) конкурсқа шығарылған халықаралық авиамаршруттар бойынша жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдауды ұйымдастырудың негізгі шарттары мен талаптарын қамтамасыз ету жөніндегі конкурстық ұсыныстар.»;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 598 қаулысына
қосымша
Жолаушыларды, багажды, жүктер мен
почта жөнелтілімдерін тасымалдау
жөнінде қызметтер көрсету үшін халықаралық
авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу
және халықаралық авиамаршруттарға куәліктер
беру қағидаларына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы
 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВИАМАРШРУТҚА АРНАЛҒАН КУӘЛІК


 

(заңды тұлғаның толық атауы)

жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін

тасымалдау

(тасымалдау объектілері көрсетіледі)

мақсатында


 

халықаралық авиамаршруты бойынша

(халықаралық авиамаршрут атауы)


 


 

жиілігімен

(аптасына рұқсат етілген рейстер саны)


 

тұрақты авиарейстерді орындау құқығы берілді.

Халықаралық авиамаршрутқа арналған куәлікті берген мемлекеттік орган


 

(куәлікті берген мемлекеттік органның толық атауы)


 

(уәкілетті органның лауазымды адамының немесе ол уәкілетті берген адамның тегі, аты-жөні және қолы)

Куәліктің берілген күні:

20___ жылғы «___» ___


 

Куәліктің қолданылу мерзімі:

20___ жылғы «___» ___ дейін


 

Куәліктің нөмірі ____________ № ____________