• Менің таңдаулыларым
«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Назар аударыңыз! Құжаттың 13.05.2025 күші жойылды

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)

«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы Министірінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 575 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет Министірлігінде 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 15780 болып тіркелген

Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 18.04.2025 жылғы № 180 Бұйрығына сәйкес 
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында :
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
06 «Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру» функционалдық тобында:
1 «Әлеуметтiк қамсыздандыру» кіші функциясында:
373 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың құрылыс басқармасы» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:
039 «Әлеуметтік қамтамасыз ету объектілерін салу және реконструкциялау» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 011 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
«011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен»; 
07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобында:
2 «Коммуналдық шаруашылық» кіші функциясында:
мынадай мазмұндағы 012 бюджеттік бағдарламасымен 383 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
«383 Алматы қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы 012 Тұрғын үй қарыздарын беру үшін «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит беру»;
09 «Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану» функционалдық тобында:
1 «Отын және энергетика» кіші функциясында:
279 «Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы», 371 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» және 386 «Астана қаласының энергетика басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша:
мынадай мазмұндағы 050 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«050 Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдардың отын сатып алуға шығындарын субсидиялау»;
10 «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» функционалдық тобында:
6 «Жер қатынастары» кіші функциясында:
мынадай мазмұндағы 062 бюджеттік бағдарламасымен және 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламаларымен 255 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
«255 Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы 062 Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен 015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
мынадай мазмұндағы 063 және 064 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
«063 Жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне немесе жер пайдаланушыларға келтiрiлген залалдарды өтеу 064 Жер қатынастарын реттеу».
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрі Б. Сұлтанов