Мемлекеттік монополия субъектісінің бекіре тұқымдас балық түрлері өнімін қайта өңдеуі кезіндегі шикізат қалдықтарының, ысыраптары мен шығыстарының нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2017 жылғы 15 тамыздағы № 334 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 қыркүйекте № 15800 болып тіркелді
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 77-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қоса беріліп отырған Мемлекеттік монополия субъектісінің бекіре тұқымдас балық түрлері өнімін қайта өңдеуі кезіндегі шикізат қалдықтарының, ысыраптары мен шығыстарының нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Р. Құрманов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 28 тамыз
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
міндетін атқарушының
2017 жылғы 15 тамыздағы
№ 334 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік монополия субъектісінің бекіре тұқымдас балық түрлері өнімін қайта өңдеуі кезіндегі шикізат қалдықтарының, ысыраптары мен шығыстарының нормалары
Жайық-Каспий бассейнінің бекіре тұқымдас балықтарын мүшелеу кезіндегі ішек-қарыннан тазартылған балық қалдықтарының, ысыраптары мен шығымының нормалары
(мүшеленбеген, жуылған балық салмағына пайызбен)
Жайық-Каспий бассейнінің бекіре тұқымдас балықтарынан мұздатылған өнім өндіру кезіндегі шикізат қалдықтарының, ысыраптары мен шығысының нормалары
Жайық-Каспий бассейнінің бекіре тұқымдас балықтарынан салқындай ысталған балық өнімдерін өндіру кезіндегі шикізат қалдықтарының, ысыраптары мен шығысының нормалары