• Мое избранное
«Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 09.10.2021 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 3

«Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 358 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 13 қыркүйекте № 15689 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 9 қазаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.08.2021 жылғы № ҚР ДСМ -73 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 06.07.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
2. «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 230 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10966 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 маусымда жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдеріне Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
 ______________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 18 тамызда
  • 1
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 31 мамырдағы
№ 358 бұйрығымен
бекітілген
  • 1
«Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексін (бұдан әрі – Кодекс), «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленген және тамақ өнімінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне (бұдан әрі – объектілер) қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
2. Санитариялық қағидалар:
1) құрылыс салуға жер учаскесін таңдауға, объектілерді жобалауға, қайта бейіндеуге, реконструкциялауға және жөндеуге;
2) сумен жабдықтауға, су бұруға, жылумен жабдықтауға, жарықтандыруға, желдетуге және ауаны баптауға;
3) объектілерді, жабдықтарды күтіп-ұстауға және пайдалануға (оның ішінде бөлшек сауда объектілеріне және азық-түлік базарларына);
4) азық-түлік (тағамдық) шикізатын қабылдауға, сақтауға, тасымалдауға, қайта өңдеуге (өңдеуге), тамақ өнімдерін өлшеп-орауға және өткізуге;
5) тұтыну қалдықтарын жинауға және сақтауға;
6) өндірістік бақылауды жүзеге асыруға, еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына, медициналық қамтамасыз етуге және персоналды гигиеналық оқытуға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтиды.
3. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) азық-түлік базары – аумаққа шаруашылық қызмет көрсету, басқару және күзету функциялары орталықтандырылған, тұрақты негізде жұмыс істейтін, іргелес аумақтан оқшауланған, сауда қызметіне арналған және өз аумағының шекарасы шегінде автокөлік құралдарының тұрағына арналған алаңмен қамтамасыз етілген тамақ өнімдерін өткізу бойынша мүліктік кешен;
2) азық-түлік қоймасы – тамақ өнімдерін сақтауға арналған стационарлық құрылыс;
3) дайындаушының техникалық құжаттамасы – тамақ өнімдерін, материалдар мен бұйымдарды дайындау, сақтау, тасу (тасымалдау) және өткізу негізделіп жүзеге асырылатын, дайындаушы бекіткен (ұйым стандарттары, технологиялық регламенттер, технологиялық нұсқаулықтар, рецептуралар, өзгешеліктер, технологиялық карталар, техникалық-технологиялық карталар және басқалары), сәйкестендіру белгілері, оның ингредиеттік құрамы, қолданылу саласы, физикалық-химиялық және органолептикалық көрсеткіштері, сондай-ақ тамақ өнімдерінің қауіпсіздік көрсеткіштері, таңбалауға және қаптауға қойылатын талаптар, жарамдылық мерзімдері мен сақтау жағдайлары, тасымалдау және кәдеге жарату, технологиялық операцияларды және оларды тамақ өнімдерінің тиісті түрлеріне қолдану жүйелілігін қамтитын өндірістік процестердің тізбелері мен сипаттамалары, тамақ өнімдерін немесе импорттық тамақ өнімдерін өндіру негізделіп жүзеге асырылатын өндірістік бақылау бағдарламасы көрсетілген тамақ өнімдерінің атауы бар құжаттар;
4) дайындалған күні – тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) процесінің (сатысының) аяқталған күні;
5) нормативтік құжаттар – тамақ өнімдерінің, олармен жанасатын материалдар мен бұйымдардың қауіпсіздігіне, олардың қауіпсіздігін бақылауға, оларды дайындау, сақтау, тасу (тасымалдау), өткізу және пайдалану, сапасыз, қауіпті тамақ өнімдерін, материалдар мен бұйымдарды кәдеге жарату немесе жою жағдайларына қойылатын талаптарды белгілейтін стандарттар, санитариялық қағидалар және басқа да нормативтік құқықтық актілер;
6) өнеркәсіпте дайындалмаған тамақ өнімдері – азаматтар үй жағдайларында және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықтарында немесе бау, бақша өсірумен, мал шаруашылығымен және өзге де қызмет түрлерімен айналысатын азаматтар алған тамақ өнімі;
7) санитариялық күн – үй-жайларды күрделі жинау, жабдықтар мен мүкәммалды тазалау, жуу және дезинфекциялау, үй-жайларды жуу, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау жүргізу үшін арнайы белгіленген уақыт (айына кемінде бір рет);
8) санитариялық арнайы киім (бұдан әрі – арнайы киім) – шикізатты, қосалқы материалдарды және дайын тамақ өнімдерін механикалық бөлшектермен, микроорганизмдермен және басқа да ластанулардан қорғауға арналған персоналдың қорғаныш киімінің жиынтығы;
9) санитариялық ақау – технологиялық операциялар, тасу және (немесе) жинау, өткізу барысында бұзылу, оны тікелей мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын бүліну салдарынан пайда болған органолептикалық және тұтынушылық қасиеттері өзгерген тамақ өнімі; еденге түскен немесе өзге де жолмен ластанған тамақ өнімі;
10) сауда мүкәммалы – сатып алушыларға қызмет көрсету процесінде әртүрлі операциялар үшін: қаптаманы (ыдысты) ашу, сапасын тексеру, сатуға дайындау, тамақ өнімдерін өлшеп-орау және сату, сатып алушыларға қызмет көрсету (себеттер, арбалар) үшін қолданылатын сауда қызметін жүзеге асыруға арналған заттар, жарнамалық-көрме мүкәммалы және мақсатына, пайдалану орнына байланысты басқа да заттар;
11) сауда жабдығы – сауда объектілерінің тауарларды қоюға, көрсетуге және сақтауға, сатып алушыларға қызмет көрсетуге және тамақ өнімдерін сату кезiнде сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуды жүргізуге арналған сауда объектілерінің жабдығы: көрме жабдығы (витрина, тоңазытқыш жабдығы, сөре, стеллаж және басқалары), тамақ өнімдерін автоматты түрде дайындау (әзірлеу) және өткізуге арналған автоматтар (аппараттар), сауданы автоматтандыруға арналған жабдық;
12) тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімі – тамақ өнімі Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) тамақ өнімдерінің жекелеген түрлеріне арналған техникалық регламенттеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарына толығымен сәйкес келетін, сондай-ақ таңбалауында мәлімделген өзінің тұтынушылық қасиеттерін сақтайтын және мерзімі өткеннен кейін тамақ өнімі мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз болып табылатын уақыт мерзімі;
13) тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілері – субъектілер тамақ өнімдерінің сауда қызметін жүзеге асыру үшін пайдаланатын сауда объектісі (оның ішінде азық-түлік базары, азық-түлік қоймасы, тоңазытқыш);
14) тамақ өнімі – адамның тағамға тұтынуына арналған табиғи, өңделген немесе қайта өңделген түрдегі жануардан, өсімдіктен, микробиологиялық, минералдық, жасанды немесе биотехнологиялық жолдармен алынған өнімдер, оның ішінде мамандандырылған тамақ өнімі, сыйымдылықтарға өлшеп-құйылған ауыз су, минералды ауыз су, алкоголь өнімі (оның ішінде сыра және сыра негізіндегі сусындар), алкогольсіз сусындар, тағамға биологиялық активті қоспалар, сағыз, ұйытқылар мен микроорганизмдердің бастапқы өсірінділері, ашытқылар, тағамдық қоспалар және хош иістендіргіштер, сондай-ақ азық-түлік (тамақ) шикізаты;
15) тамақ өнімдерінің партиясы – атауы бір, бірдей қапталған, белгілі бір уақыт аралығында бір өңірлік (мемлекетаралық) стандарт немесе ұлттық стандарт және (немесе) ұйымның стандарты, және (немесе) дайындаушының өзге де құжаттары бойынша бір дайындаушы өндірген (дайындаған), тамақ өнімдерінің қадағалануын қамтамасыз ететін тауардың ілеспе құжаттамасы бірге жүретін тамақ өнімінің белгілі бір саны;
16) тамақ өнімдерінің ассортименті – белгiлердің қандай да бiреуі немесе жиынтығы бойынша біріктірілген тамақ өнімдерінің жиыны;
17) тамақ өнімдерін сату алдында дайындау – сандық және сапалық қабылдау, қаптамасын ашу, түрлері және сұрыптары бойынша сұрыптау, қаптамасын, таңбалануын тексеру, тамақ өнімі қаптамасын шаңнан және кірден тазалау, оған тауарлық түр беру;
18) тауар көршiлестігі – шикi және дайын тамақ өнiмдерiнің ластануының және оның сапасы мен қауіпсіздігіне әсер ететiн бөгде иiстердiң енуінің алдын алатын бiрге сақтауды, тасуды (тасымалдауды), өлшеп-орауды (өлшеу, қаптау, таңбалау), өткізуді болдырмайтын жағдайлар;
19) тез бұзылатын тамақ өнімдері – егер Одақтың техникалық регламенттерінде тамақ өнімдерінің жеке түрлеріне өзгеше белгіленбесе, жарамдылық мерзімі 5 тәуліктен аспайтын, адам денсаулығы үшін қауіпті деңгейлерге дейін онда ауру тудыратын микроорганизмдердің, бүлдіру микроорганизмдерінің дамуының және (немесе) уыттар түзілуінің алдын алу мақсатында сақтауға және тасымалдауға (көлікпен тасымалдаудың) арнайы құрылатын температуралық режимді қажет ететін тамақ өнімдері;
20) тоңазытқыш (мұзкомбинат, үлестіру орны, тоңазыту камерасы) – тез бұзылатын тамақ өнімдерін тоңазытып өңдеуге, мұздатылған және салқындатылған тамақ өнімдерінің қорын сақтауға арналған қойма типіндегі арнайы үй-жай (объекті);
21) тоңазытқыш жабдығы – салқындатылған немесе мұздатылған тамақ өнімдерін сақтауға, көрсетуге және өткізуге арналған жабдық;
22) уақытша ұсақ бөлшек сауда объектілері – арнайы белгіленген орында орналасқан, бөлшек сауданы жүзеге асыратын стационарлық емес сауда объектілері (дүңгіршек, шатыр, павильон, шығарылатын сөре, автомат, автодүкен).
Осы Санитариялық қағидаларда осы тарауда арнайы анықталмаған терминдер Кодексте, Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 880 шешімімен бекітілген «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінде (бұдан әрі – 021/2011 КО ТР) және тамақ өніміне қолданылатын техникалық регламенттерде, «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген мағыналарда пайдаланылады.
2–тарау. Құрылыс салуға жер учаскесін таңдауға, объектілерді жобалауға, қайта бейіндеуге, реконструкциялауға және жөндеуге қойылатын талаптар
4. Құрылыс салуға жер учаскесін таңдау, объектілерді жобалау, қайта бейіндеу, реконструкциялау және жөндеу Кодекстің 62-бабының 8 тармағына және осы Санитариялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.