• Менің таңдаулыларым
«Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Назар аударыңыз! Құжаттың 27.06.2025 күші жойылды

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)

«Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 526 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 қыркүйекте № 15784 болып тіркелді

Осы Бұйрық 2025 жылдың 27 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 17.06.2025 жылғы № 290 Бұйрығына сәйкес 
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14613 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы»;
кіріспенің орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілген, мемлекеттік тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидалары»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидалармен (бұдан әрі – Қағидалар) республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары бюджеттік есептілігінің көлемі, нысандары, оларды жасау және ұсыну кезеңділігі, мерзімі, тәртібі белгіленеді.
2. Республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары осы Қағидаларда белгіленген көлемде және нысандар бойынша есептер жасайды.»;
5-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің есебіне өзгерістер енгізген жағдайда, соңғысы бюджеттік есептілікке түзетулерді ұқсас тәртіппен енгізіледі.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үшін бюджеттік есептілікті ұсыну мерзімін есепті жылдың 1 сәуіріндегі және 1 қазандағы жағдай бойынша кредиторлық және дебиторлық берешектер туралы есептерді қоспағанда, ведомство, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері үшін - бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар (аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары) белгілейді. Мемлекеттік мекемелер бюджеттік есептілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері белгілеген және олар бюджеттік есептілікті ұсынған күнге дейін мемлекеттік мекемелердің назарына жеткізген мерзімде ұсынады.
Мемлекеттік мекемелердің және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілігі электронды түрде және қағаз тасығышта беттері нөмірленіп және мазмұнымен ұсынылады.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік есептілікті тиісті бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратына) ұсынады.
Мемлекеттiк мекемелер, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiктi жасау нысандарының тізбесі осы Қағидаларға
1-қосымшада келтірілген.
Мемлекеттiк мекемелер, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiктi ұсыну нысаны осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген.
Халық саны екі мың адамнан асатын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, халық саны екі мың және одан да аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттік есептілікті жасауы мен ұсынуы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылады.
Бюджеттік есептілікті ұсыну күні почта кәсіпорнының мөртабанында белгіленген күн болып табылатын, басқа елді мекендерде тұрған мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекеме үшін есептілікті ұсыну күні оны тиістілігі бойынша нақты берген күн болып есептеледі, бірақ бюджеттік есептілікті ұсыну күніне дейін 5 күнтізбелік күннен кешіктірілмеуі тиіс.
Есептілікті ұсыну үшін белгіленген мерзім демалыс (жұмыс істемейтін) күнімен сәйкес келген жағдайда бюджеттік есептілік одан кейінгі бірінші жұмыс күні ұсынылады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Бюджеттік есептілікті жасаған кезде Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін және осы Қағидаларда айтылған бюджеттік есептілік нысандарын толтыру тәртібін басшылыққа алу қажет.»;
12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының жиынтық бюджеттік есептілігіне бірінші қол қою құқығына осы органның басшысы немесе белгіленген тәртіппен оны ауыстыратын адам, екінші қол қою құқығына – бас бухгалтер ие.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Нысаналы трансферттер алатын тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер алынған республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне тоқсан сайын нысаналы трансферттер қаражатының іс жүзіндегі шығыстары туралы ақпаратпен бірге 4-20 нысанын ұсынады.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Мемлекеттік мекемелер және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік есептілікті нысандардың толық көлемінде екі данада жасайды, олардың біреуін мемлекеттік мекемелер жоғары тұрған органға, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына) жібереді. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерден және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың (аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен бюджеттік есептілікті қабылдауы және тексеруі осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.»;
18-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қазынашылық органдарынан есептіден кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы және 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 4-20 нысанын алады, оны қолмен және елтаңбалы мөр бедерімен растайды және оны есеп құрамында бюджетті атқару жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органға (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына) береді.»;
2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-параграф. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттік есептілік көлемі»;
20-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары мынадай есеп түрлерін қалыптастырады және ұсынады:»;
21-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ведомство республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша (облыстар бөлінісінде) 1-АҚ-УО нысандарын және 2-ДҚ нысандарын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесіне есепті жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша – 20 тамыздан кешіктірмей, есепті қаржы жылы бойынша – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 25 ақпанынан кешіктірмей ұсынады.»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттары 1-АҚ-УО нысандарын және 2-ДҚ нысандарын жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға соңғысы белгілеген мерзімде ұсынады.»;
26-тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5-ДБ-Б және 4-КБ-Б нысандарға бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне берілетін бюджеттік кредиттер және олар бойынша сыйақылар, трансферттер сомасы енгізілмейді, сондай-ақ бағалау және кепілдік міндеттемелері, алынған қарыздар бойынша қаржылық міндеттемелер жөніндегі берешек, пайдаланылмаған демалыстар бойынша қызметкерлер алдындағы берешек және 1420 «Болашақ кезеңдердің шығыстары» шотында көрсетілетін болашақ кезеңдердің шығыстары енгізілмейді.»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«27. Осы Қағидаларда кредиторлық берешек туралы есептердің мынадай нысандары белгiленедi:
4-КБ-Б, онда қаржыландыру жоспарларын орындау процесінде пайда болған кредиторлық берешек көрсетіледі;
4-КБ-Ө, онда өзге қаражат есебінен, сондай-ақ жетіспеушіліктер мен талан-таражға салу нәтижесінде бюджет қаражаты есебінен пайда болған кредиторлық берешек көрсетіледі.