Toggle Dropdown
«Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 7-1/764 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 11 қыркүйекте № 392 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 5 қазанда № 15851 болып тіркелді
Toggle Dropdown
БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 7-1/764 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12097 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Toggle Dropdown
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентінде:
Toggle Dropdown
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
Toggle Dropdown
1) кеңсе көрсетілетін қызметті алушы ұсынған мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған өтінішті тіркейді және жауапты орындаушыны (бұдан әрі – орындаушы) айқындау үшін өтінішті басшылыққа жолдайды – 30 (отыз) минут;
Toggle Dropdown
2) басшылық өтінішпен танысады, жауапты орындаушыны айқындайды – 60 (алпыс) минут;
Toggle Dropdown
3) орындаушы ұсынылған өтінішпен танысады, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, ведомствосына орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беруге сұраным жібереді – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
Toggle Dropdown
Өтініш беруші толық емес құжаттар топтамасын ұсынған жағдайда, орындаушы көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан уәжді бас тартуды дайындайды;
Toggle Dropdown
4) көрсетілетін қызметті берушінің ведомствосы сұранымды – басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісуді қажет ететін рұқсаттарды қоспағанда, 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды:
Toggle Dropdown
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiнiң транзиттік тасылымына – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
Toggle Dropdown
және тірі жануарлардың карантиннен өтуіне – күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде.
Toggle Dropdown
Қарау нәтижелері бойынша орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiнiң импортына, экспортына және транзитiне рұқсат береді немесе стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша уәжді бас тарту береді, сондай-ақ жіберген тиісті аумақтық бөлімшені, ветеринариялық бақылау бекетін рұқсат берілгені немесе рұқсат беруден бас тартылғаны туралы хабардар етеді;
Toggle Dropdown
5) кеңсе рұқсаттың нөмірін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді – 30 (отыз) минут.»;
Toggle Dropdown
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, жұмыскерлер арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы:
Toggle Dropdown
1) кеңсе көрсетілетін қызметті алушы ұсынған мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған өтінішті тіркейді және орындаушыны айқындау үшін өтінішті басшылыққа жолдайды – 30 (отыз) минут;
Toggle Dropdown
2) басшылық өтінішпен танысады, орындаушыны айқындайды – 60 (алпыс) минут;
Toggle Dropdown
3) орындаушы ұсынылған өтінішпен танысады, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, ведомствосына орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беруге сұраным жібереді – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
Toggle Dropdown
Өтініш беруші толық емес құжаттар топтамасын ұсынған жағдайда, орындаушы көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан уәжді бас тартуды дайындайды;
Toggle Dropdown
4) көрсетілетін қызметті берушінің ведомствосы сұранымды – басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісуді қажет ететін рұқсаттарды қоспағанда, 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды:
Toggle Dropdown
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiнiң транзиттік тасылымына – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
Toggle Dropdown
және тірі жануарлардың карантиннен өтуіне – күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде.
Toggle Dropdown
Қарау нәтижелері бойынша орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiнiң импортына, экспортына және транзитiне рұқсат береді немесе стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша уәжді бас тарту береді, сондай-ақ жіберген тиісті аумақтық бөлімшені, ветеринариялық бақылау бекетін рұқсат берілгені немесе рұқсат беруден бас тартылғаны туралы хабардар етеді;
Toggle Dropdown
5) кеңсе рұқсаттың нөмірін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді – 30 (отыз) минут.»;
Toggle Dropdown
көрсетілген мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Toggle Dropdown
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
Toggle Dropdown
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі (бұдан әрі – кеңсе) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы ұсынған мемлекеттік қызметті алуға арналған өтінішті тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын (бұдан әрі – орындаушы) айқындау үшін өтінішті басшылыққа жолдайды (бұдан әрі – басшылық) – 30 (отыз) минут;
Toggle Dropdown
2) басшылық өтінішпен танысады, орындаушыны айқындайды – 60 (алпыс) минут;
Toggle Dropdown
3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы ұсынылған өтінішпен танысады, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні
Toggle Dropdown
Өтініш беруші толық емес құжаттар топтамасын ұсынған жағдайда, орындаушы көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және басшылыққа қол қойдырып, көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін кеңсеге жолдайды;
Toggle Dropdown
ұсынылған құжаттар қойылатын талаптарға сәйкес келген жағдайда, жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы (бұдан әрі – НТҚ) сараптама жүргізу үшін мемлекеттік ветеринариялық ұйымға жібереді;
Toggle Dropdown
НТҚ сараптамасын жүргізу мерзімі НТҚ-ны сараптамаға жіберген күннен бастап 23 (жиырма үш) жұмыс күннен аспайды;
Toggle Dropdown
теріс сараптама қорытындысы болған жағдайда, өтініш берушіге нақты себептерін көрсете отырып, НТҚ-ны келісуден жазбаша уәжді бас тарту жолдайды;
Toggle Dropdown
оң сараптама қорытындысы болған жағдайда, НТҚ-ны келіседі және көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесін басшылыққа қол қою үшін үш данада жібереді – сараптама қорытындысын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
Toggle Dropdown
4) басшылық ұсынылған құжаттарды қарайды, қол қояды, кеңсеге жолдайды – 60 (алпыс) минут;
Toggle Dropdown
5) кеңсе көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді – 30 (отыз) минут.»;
Toggle Dropdown
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (жұмыскерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы:
Toggle Dropdown
1) кеңсе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы ұсынған мемлекеттік қызметті алуға арналған өтінішті тіркейді және жауапты орындаушыны айқындау үшін өтінішті басшылыққа жолдайды – 30 (отыз) минут;
Toggle Dropdown
2) басшылық өтінішпен танысады, орындаушыны айқындайды – 60 (алпыс) минут;
Toggle Dropdown
3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы ұсынылған өтінішпен танысады, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні
Toggle Dropdown
Өтініш беруші толық емес құжаттар топтамасын ұсынған жағдайда, орындаушы көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және басшылыққа қол қойдырып, көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін кеңсеге жолдайды;
Toggle Dropdown
ұсынылған құжаттар қойылатын талаптарға сәйкес келген жағдайда, НТҚ-ны сараптама жүргізу үшін мемлекеттік ветеринариялық ұйымға
Toggle Dropdown
жібереді;
Toggle Dropdown
НТҚ сараптамасын жүргізу мерзімі НТҚ-ны сараптамаға жіберген күннен бастап 23 (жиырма үш) жұмыс күннен аспайды;
Toggle Dropdown
теріс сараптама қорытындысы болған жағдайда, өтініш берушіге нақты себептерін көрсете отырып, НТҚ-ны келісуден жазбаша уәжді бас тарту жолдайды;
Toggle Dropdown
оң сараптама қорытындысы болған жағдайда, НТҚ-ны келіседі және көрсетілген мемлекеттік кызмет нәтижесін басшылыққа қол қою үшін үш данада жібереді – сараптама қорытындысын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
Toggle Dropdown
4) басшылық ұсынылған құжаттарды қарастырады, қол қояды, кеңсеге жолдайды – 60 (алпыс) минут;
Toggle Dropdown
5) кеңсе көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді – 30 (отыз) минут.»;
Toggle Dropdown
көрсетілген мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
Toggle Dropdown
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2017 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 392 бұйрығына 1-қосымша
Toggle Dropdown
«Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық
жағдайды бағалауды ескере
отырып, орны ауыстырылатын
(тасымалданатын) объектiлердiң
экспортына, импортына және
транзитiне рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 2-қосымша
Toggle Dropdown
«Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Toggle Dropdown
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2017 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 392 бұйрығына 2-қосымша
Toggle Dropdown
«Жаңа, жетілдірілген ветеринариялық
препараттарға, жемшөп қоспаларына
нормативтік-техникалық құжаттаманы
келісу» мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет регламентіне
қосымша
Toggle Dropdown
«Жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу» мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы
Toggle Dropdown
