1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
-
Продукты:
Консультации
Консультации
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 233 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 3 қазанда № 15838 болып тіркелді
Редакция 23.11.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі ________________Д. Абаев 2017 жылғы 11 маусым
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі ________________Ж. Қасымбек 2017 жылғы 11 шілде
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ________________Т. Сүлейменов 2017 жылғы 28 тамыз
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 233 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бұйрықтарының тізбесі
1. «Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы сорттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 30 шілдедегі № 434 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5759 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында 2009 жылы № 10 болып жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімінде:
реттік нөмірі 1508-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1508. |
ВАКУЛА |
2011 |
8 |
169 |
04 |
|
|
|
|
».
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.02.2018 жылғы № 80 Бұйрығына сәйкес (09.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3. «Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 4-2/266 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11773 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларында:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрcетiлген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, комиссия сегіз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жергілікті жерге бара отырып, өтініш берушінің осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру жүргізеді (өтініш беруші өтініште көрсеткен қызмет түріне сәйкес).»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Өтінішті қарастырудың жалпы мерзімі өтініш беруші осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған күннен бастап он сегіз жұмыс күнін құрайды.»;
мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
«15-1. Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттаудан өткізуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1) өтініш беруші аттестаттау жүргізу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) аттестаттау жүргізу үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Жергілікті атқарушы орган аттестаттау туралы куәлікті бергеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне осы Қағидаларға 8-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті ақпаратты ұсынады.»;
мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
«17-1. Аттестаттау туралы куәліктің қолданысы:
1) өтініш берушінің аттестаттау туралы куәлікпен көзделген қызмет түрінен бас тартуы;
2) жеке тұлғаның қайтыс болуы;
3) заңды тұлғаның таратылуы кезінде мерзімінен бұрын тоқтатылады.
Өтініш беруші Жұмыс органына аттестаттау туралы куәліктің қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату туралы жазбаша хабарлама ұсынады.»;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 5-қосымша осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 6-қосымша осы тізбеге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 7-қосымшада:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жоспарланған жұмыс көлемін білікті түрде орындау үшін тиісті білімі бар (орта білімнен кейінгі немесе жоғары), штат кестесінде көзделген мамандар санының, оның ішінде кемінде бір агрономның болуы:»;
осы тізбеге 5-қосымшаға сәйкес 8-1-қосымшамен толықтырылсын.
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.11.2020 жылғы № 337 Бұйрығына сәйкес (20.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.11.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |