• Мое избранное

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 465 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 қыркүйекте № 15774 болып тіркелді

Редакция 31.10.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құжаттау және бақылау департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
 ________________ Д. Абаев
2017 жылғы 11 қыркүйектегі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
 ________________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 17 тамыздағы
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
 ________________ Қ. Бозымбаев
2017 жылғы 18 тамыздағы
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2017 жылғы 12 шілдедегі
№ 465 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.12.2018 жылғы № 870 Бұйрығына сәйкес (12.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 45 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10427 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 27 наурызда жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
3. «Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 51 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10400 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 наурызда жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
«10-1. Кемелерді жеке тұлғалардың атына мемлекеттік тіркеу жеке тұлғаның тіркелген орны бойынша жүзеге асырылады.
Кемелерді заңды тұлғалардың атына мемлекеттік тіркеу заңды тұлғаның не оның филиалының немесе өкілдігінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Ұсынылған өтінішті қарау мерзімі оның келіп түскен сәтінен бастап 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды, оның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге құқығын уақытша беруге рұқсат немесе жазбаша дәлелді бас тарту беріледі.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беруден мынадай негіздемелер бойынша бас тартады:
1) кеме иесінің ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) кеме иесінің және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беруге рұқсат беру үшін қажетті, ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) оның негізінде кеме иесі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беруге рұқсат алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылатын, кеме иесіне қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы.»;
19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу мерзімі 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды. Кеме куәлігінің телнұсқасын беру мерзімі өтініш берген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
20. Аумақтық бөлімше кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуден, сондай-ақ Кеме куәлігінің телнұсқасын беруден мынадай негіздемелер бойынша бас тартады:
1) кеме иесінің ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) кеме иесінің және (немесе) куәлікті беру үшін қажетті, ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) оның негізінде кеме иесі куәлікті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылатын, кеме иесіне қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы.»;
21, 22 және 23-тармақтар алып тасталсын;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. жаңа Кеме куәлігін бере отырып, кемелерді мемлекеттік қайта тіркеу өтініш берілген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні мерзімінде жүзеге асырылады.
Аумақтық бөлімше кемені қайта мемлекеттік тіркеуден мынадай негіздемелер бойынша бас тартады:
1) кеме иесінің ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) кеме иесінің және (немесе) куәлікті беру үшін қажетті, ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) оның негізінде кеме иесі куәлікті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылатын, кеме иесіне қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы.»;
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті берумен куәландырылады.
Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру мерзімі өтінішті берген сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды.
Аумақтық бөлімше кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеуден мынадай негіздемелер бойынша бас тартады:
1) кеме иесінің ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;