• Мое избранное
«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 24.08.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 357 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 қыркүйекте № 15760 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 24 тамыздан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.08.2020 жылғы № ҚР ДСМ -96/2020 Бұйрығына сәйкес  
Редакция 06.07.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
2. «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 127 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10713 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
 ______________ Ж. Қасымбек
2017 жылғы 8 қыркүйек
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
 ______________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 20 қыркүйек
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
 ______________ Қ. Бозымбаев
2017 жылғы 22 тамыз
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 31 мамырдағы
№ 357 бұйрығымен
бекітілген
«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
2. Санитариялық қағидалар мыналарға:
1) денсаулық сақтау объектілерін салуға жер учаскесін таңдауға, жобалауға және орналастыруға;
2) денсаулық сақтау объектілерін сумен жабдықтауға және суды бұруға;
3) денсаулық сақтау объектілерін жарықтандыруға, желдетуге және ауасын баптауға, жылумен жабдықтауға;
4) денсаулық сақтау объектілері үй-жайларын жөндеуге және күтіп-ұстауға;
5) денсаулық сақтау объектілерінде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге;
6) денсаулық сақтау объектілерінде медициналық қалдықтарды жинауға, залалсыздандыруға, сақтауға;
7) денсаулық сақтау объектілерінде тамақтану жағдайларына;
8) персоналдың еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтиды.
9) инфекция ошақтарын шоғырландыру бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды.
2-тармақ 9-тармақшамен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.07.2020 жылғы № ҚР ДСМ-78/2020 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 06.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) «А» сыныбындағы медициналық қалдықтар – коммуналдық-тұрмыстық қалдықтардан құрамы бойынша ерекшеленбейтін, қауіпті қасиеттері жоқ қалдықтар;
2) антисептик – микробтарды жою мақсатында теріге немесе тінге қолдануға арналған микробқа қарсы химиялық агент;
3) асептикалық бөлімше – науқаста іріңді инфекция болмағанда медициналық көмек көрсетуге арналған үй-жайлар;
4) асептикалық режим – микробтардың жараға түсуінің алдын алатын санитариялық-техникалық және санитариялық-гигиеналық іс-шаралар кешені;
5) «Б» сыныбындағы медициналық қалдықтар – эпидемиологиялық қауіпті медициналық қалдықтар (инфекцияланған және әлеуетті инфекцияланған қалдықтар). Қанмен және басқа да биологиялық сұйықтықтармен ластанған материалдар және аспаптар, заттар. Патологиялық-анатомиялық қалдықтар, органикалық операциялық қалдықтар (ағзалар, тіндер). Инфекциялық бөлімшелердің тамақ қалдықтары. Патогендігі III-IV топтардың микроорганизмдерімен жұмыс істейтін микробиологиялық, клиникалық-диагностикалық зертханалардың, фармацевтикалық, иммундық-биологиялық өндірістердің қалдықтары. Виварийлердің биологиялық қалдықтары. Пайдалануға жарамсыз тірі вакциналар;
6) бокс – сырттан науқас келіп түсуі үшін жеке есігі бар үй-жай. Оның құрамына: палата, санитариялық торап, ванна және шлюз кіреді;
7) «В» сыныбындағы медициналық қалдықтар – төтенше эпидемиологиялық қауіпті медициналық қалдықтар (аса қауіпті және карантиндік инфекциялық аурулармен ауыратын науқастармен жанасқан, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында төтенше жағдайлардың пайда болуына алып келуі мүмкін және аумақты санитариялық қорғау бойынша іс-шараларды жүргізуді талап ететін материалдар. Патогендігі I-II топтардың микроорганизмдерімен жұмыс істейтін зертханалардың, фармацевтикалық және иммундық-биологиялық өндірістердің қалдықтары. Анаэробты инфекциялы пациенттердің және туберкулезбен ауыратын науқастардың қалдықтары. Туберкулез қоздырғыштарымен жұмысты жүзеге асыратын микробиологиялық зертханалардың қалдықтары);
8) «Г» сыныбындағы медициналық қалдықтар – токсикологиялық қауіпті медициналық қалдықтар (пайдалануға жатпайтын дәрілік, оның ішінде цитостатиктер, диагностикалық, дезинфекциялау құралдары. Құрамында сынап бар заттар, аспаптар мен жабдықтар. Фармацевтикалық өндірістердің шикізаттары мен өнімдерінің қалдықтары. Жабдықты, көлікті, жарықтандыру жүйелерін пайдалану қалдықтары);
9) «Д» сыныбындағы медициналық қалдықтар – радиоактивті медициналық қалдықтар (құрамында Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасымен белгіленген, радиоактивті заттар үшін регламенттелген мәннен асатын мөлшерде және шоғырлануда радиоактивті заттар бар);
10) денсаулық сақтау объектілері – денсаулық сақтау ұйымдары және денсаулық сақтау саласында медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар өздерінің қызметін жүзеге асыратын объектілер;
11) денсаулық сақтау ұйымы – денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
12) жеке босандыру палатасы немесе бірге болу палатасы – босанатын бір әйелді босандыруға арналған, санитариялық торабы бар, босанған әйел жаңа туған нәрестесімен стационардан шыққанға дейін болатын, жабдықталған үй-жай;
13) жеке қорғаныш құралдары (бұдан әрі – ЖҚҚ) – зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болдырмау немесе азайту үшін, сондай-ақ ластанудан қорғау үшін жұмыскер пайдаланатын құралдар;
14) жылжымалы медициналық объект – жабдықтары және медицина персоналына арналған орындары бар көлік құралдары (автомобиль, теміржол, теңіз, өзен, авиация) базасында орналасқан мобильді консультациялық-диагностикалық объект;
15) медициналық қалдықтар – медициналық қызметтер көрсету және медициналық манипуляциялар жүргізу процесінде түзілетін қалдықтар;
16) медициналық қалдықтарды залалсыздандыру – қалдықтардың қауіпті қасиеттерін механикалық, физикалық-химиялық немесе биологиялық өңдеу жолымен азайту немесе жою;
17) медициналық қалдықтарды залалсыздандыру бойыша арнайы қондырғы – өртеуді, автоклавтауды, қысқа толқынды өңдеуді, плазмалық өңдеуді және залалсыздандырудың басқа да әдістерін пайдаланатын, медициналық қалдықтарды залалсыздандыруға арналған мамандандырылған технологиялық жабдық;
18) медициналық қалдықтарды қауіпсіз жинауға және кәдеге жаратуға арналған контейнер (бұдан әрі – ҚЖКЖК) – өткір және үшкір медициналық қалдықтарды жинауға және қауіпсіз кәдеге жаратуға арналған су өткізбейтін және тесілмейтін, бір рет қолданылатын сыйымдылықтар;
19) санитариялық киім – еңбек заттарын жұмыс істеушілерден және жұмыс істеушілерді жалпы өндірістік ластанулардан қорғауға арналған өндірістік киім;
20) санитариялық-эпидемияға қарсы режим – денсаулық сақтау объектілерінде инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу және оларды таратпау жөніндегі іс-шаралар кешені;