Toggle Dropdown
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 тамыздағы № 167 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 9 қазанда № 15863 болып тіркелді
Редакция 01.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес зейнетақы активтерінің құны туралы есептің нысаны;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы туралы есептің нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес сыртқы басқарудағы зейнетақы активтері туралы есептің нысаны;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының көлемі және жеке зейнетақы шоттарының (қосалқы шоттарының) саны туралы есептің нысаны;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының облыстары бойынша (салымшының (алушының) тұрғылықты жері бойынша) салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының көлемі және жеке зейнетақы шоттарының (қосалқы шоттарының) саны туралы есептің нысаны;
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерi туралы есептің нысаны;
8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілеріне (отбасы мүшелеріне) зейнетақы төлемдерінің және зейнетақы жинақтарының көлемі туралы есептің нысаны; 9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес меншікті активтер есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есептің нысаны;
10) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес меншікті активтер есебінен жасалған «кері репо» және репо операциялары туралы есептің нысаны;
11) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес меншікті активтер есебінен орналастырылған салымдар, ақша және ақшалай қаражаттың баламалары туралы есептің нысаны;
12) осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар туралы есептің нысаны;
13) осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес меншікті активтерді инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер туралы есептің нысаны;
14) осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес дефолтқа жол берген эмитенттердің зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары бойынша есептің нысаны;
15) осы қаулыға 15-қосымшаға сәйкес міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны туралы есептің нысаны;
16) осы қаулыға 16-қосымшаға сәйкес шартты зейнетақы міндеттемелерінің бір шартты бірлігінің құны туралы есептің нысаны;
17) осы қаулыға 17-қосымшаға сәйкес экономика секторлары бойынша (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтері бойынша) сыныпталған активтер мен міндеттемелер туралы есептің нысаны;
18) осы қаулыға 18-қосымшаға сәйкес экономика секторлары бойынша (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері бойынша) сыныпталған активтер мен міндеттемелер туралы есептің нысаны;
19) осы қаулыға 19-қосымшаға сәйкес нысаналы жинақтардың төлемдері және қайтарылуы туралы есептің нысаны;
20) осы қаулыға 20-қосымшаға сәйкес нысаналы талаптар туралы есептің нысаны;
21) осы қаулыға 21-қосымшаға сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық форматта:
осы қаулының 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген есептілікті есепті айдан кейінгі айдың 7 (жетінші) жұмыс күнінен кешіктірмей, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сыртқы басқаруға берілген зейнетақы активтері болған жағдайда – есепті айдан кейінгі айдың 20 (жиырмасынан) кешіктірмей;
осы қаулының 1-тармағының 3), 5), 6), 7), 9), 10), 11), 12), 13), 15), 16) және 19) тармақшаларында көзделген есептілікті – есепті айдан кейінгі айдың 7 (жетінші) жұмыс күнінен кешіктірмей;
осы қаулының 1-тармағының 8) және 14) тармақшаларында көзделген есептілікті – есепті тоқсаннан кейінгі айдың 7 (жетінші) жұмыс күнінен кешіктірмей;
осы қаулының 1-тармағының 17) және 18) тармақшаларында көзделген есептілікті есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінен) кешіктірмей;
3) жыл сайын – осы қаулының 1-тармағының 20) тармақшасында көзделген есептілікті есепті жылдан кейінгі жылдың 30 (отызыншы) сәуірінен кешіктірмей ұсынады.
3. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 227 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8856 болып тіркелген, 2014 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» газетінде № 8 (28232) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Зерттеулер және статистика департаменті (Тутушкин В.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
5. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.
7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің Төрағасы
______________ Н. Айдапкелов
2017 жылғы 21 қыркүйек
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 28 тамыздағы № 167
қаулысына
1-қосымша
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры есептілігінің тізбесі
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының есептілігіне мыналар кіреді:
1) зейнетақы активтерінің құны туралы есеп;
2) зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы туралы есеп;
3) сыртқы басқарудағы зейнетақы активтері туралы есеп;
4) салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының көлемі және жеке зейнетақы шоттарының (қосалқы шоттарының) саны туралы есеп;
5) Қазақстан Республикасының облыстары бойынша (салымшының (алушының) тұрғылықты жері бойынша) салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының көлемі және жеке зейнетақы шоттарының (қосалқы шоттарының) саны туралы есеп;