Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Продукты:
Судебная практика
Судебная практика
Отправить по почте
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 19 қазандағы № 650 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 459-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында:
2) және 3) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) ағымдағы ұшу жоспары – кейінгі диспетчерлік рұқсаттарға негізделген ықтимал өзгерістерді қоса алғандағы ұшу жоспары;
1-2) әуе қозғалысына қызмет көрсету (бұдан әрі – ӘҚҚ) маршруты – әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында қозғалыс ағынын бағыттауға арналған белгіленген маршрут. «ӘҚҚ маршруты» термині тиісті жағдайларда әуе трассасын, бақыланатын немесе бақыланбайтын маршрутты, ұшып келу немесе ұшып шығу маршрутын және басқа да маршруттарды айқындау үшін пайдаланылады;»;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) әуеайлақ ауданы (тораптық диспетчерлік аудан (Terminal control area (ТMA) – бір немесе бірнеше ірі әуеайлақ маңында ӘҚҚ маршруттарының түйісу орнында құрылатын диспетчерлік аудан;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) әуеайлақтағы қозғалыс аймағы (Aerodrome Traffic Zone) –әуеайлақтағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін белгіленген, әуеайлақ маңындағы белгілі бір өлшемдегі әуе кеңістігі;»;
мынадай мазмұндағы 16-1) және 16-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«16-1) диспетчерлік аудан (CTА) – жер бетінде белгіленген шекарадан жоғары жайылған бақыланатын әуе кеңістігі;
16-2) диспетчерлік аймақ (CTR) – жер бетінен белгіленген жоғарғы шекараға дейін жоғары жайылған бақыланатын әуе кеңістігі;»;
мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
«19-1) жауап бергіштің (транспондердің) міндетті түрде болуы талап етілетін әуе кеңістігінің аймағы (TMZ) – белгіленген рәсімдерге сәйкес пайдаланылатын бақылау жүйесіне арналған жауапкердің әуе кемесін міндетті жабдықтау талап етілетін ұшу кезіндегі белгілі бір өлшемдегі әуе кеңістігінің аймағы;»;
20) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:
«21-1) қайталанатын ұшу жоспары (RPL) – ӘҚҚ органдары сақтау және қайта пайдалану үшін пайдаланушы ұсынатын, негізгі ерекшеліктері бірдей, жиі қайталанатын, тұрақты түрде орындалатын бірқатар жеке ұшумен байланысты ұшу жоспары;»;
мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:
24-1) радиобайланыс міндетті түрде жүргізілетін әуе кеңістігінің аймағы (RMZ) – ұшу кезінде бортта белгіленген рәсімдерге сәйкес пайдаланылатын екіжақты радиобайланыс жүргізуге арналған жабдықтың міндетті түрде болуы тиіс белгілі бір өлшемдегі әуе кеңістігінің аймағы;»;
мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:
«25-1) қалыптарды жинаудың есептік уақыты – әуе кемесі ұшумен байланысты қозғалысты бастаған кездегі есептеу уақыты;»;
мынадай мазмұндағы 26-1), 26-2) және 26-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«26-1) ұсынылған ұшу жоспары – пилот немесе оның уәкілетті өкілі ӘҚҚ органына берген күйдегі, кейіннен ешқандай өзгеріс енгізілмеген ұшу жоспары;
26-2) ұшу ақпаратының аймағы (FIZ) – шекарасында ұшу ақпаратының әуеайлақтық қызметі (AFIS) немесе басқа орган берген өкілеттікке сәйкес ұшу-ақпараттық қызмет көрсету мен авариялық хабар таратуды қамтамасыз ететін ұшу ақпараты аймағының бөлігі;
26-3) ұшып келудің есептік уақыты:
аспаптар бойынша ұшу кезінде – аспаптар бойынша қонуға беттеу маневрін орындау болжанатын навигациялық құралдармен белгіленетін межелі нүктеге әуе кемесі ұшып келуінің есептік уақыты немесе осы әуеайлақпен байланысты навигациялық құралдардың болмауы кезінде – әуе кемесінің әуеайлақ үстіндегі нүктеге келу уақыты.
визуалды ұшу қағидалары (бұдан әрі – ВҰҚ) бойынша ұшуды орындау кезінде – әуе кемесінің әуеайлақ үстіндегі нүктеге келуінің есептік уақыты;»;
28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«28) пилотсыз ұшу аппараты – бортында пилоты (экипажы) жоқ, ұшу кезінде оператор басқару пунктінен автоматты түрде немесе көрсетілген тәсілдерді үйлестіріп басқаратын ұшуды орындайтын әуе кемесі;»;
30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«30) ұшу ақпаратының ауданы (FIR) – шегінде ұшу-ақпараттық қызмет көрсету және авариялық хабардар ету қамтамасыз етілетін белгілі бір өлшемдегі әуе кеңістігі;»;
33) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«33) NOTAM-офис – NОТАМ хабарламасын шығаратын аэронавигациялық қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшесі;»;
35) және 36) тармақшалар алып тасталсын;
5 және 6-тармақтар алып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Әуе кеңістігінің құрылымы мынадай элементтерді қамтиды:
1) ұшу ақпаратының аудандары (аймақтар) және диспетчерлік аудандар;
2) әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруттары;
3) тораптық диспетчерлік аудандар, диспетчерлік аймақтар мен әуеайлақтағы қозғалыс аймақтары;
4) бақыланбайтын әуе кеңістігінің аудандары;
5) мемлекеттік авиацияның арнайы ұшу аймақтары;
6) тыйым салынған аймақтар;
7) қауіпті аймақтар;
8) ұшуды шектеу аймақтары;
9) әуе трассалары;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |