Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 6 қазандағы
№ 624 қаулысымен бекітілген
«Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағы туралы ЕРЕЖЕ
Редакция 29.10.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Маңғыстау облысының аумағында Маңғыстау облысы Ақтау қаласының, Мұнайлы, Қарақия және Түпқараған аудандарының әкімшілік-аумақтық шекаралары шегінде орналасқан.
АЭА порттық арнайы экономикалық аймақ болып табылады.
АЭА аумағы 1926,1719 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.
2. АЭА республика экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесiне кіруін жандандыру үшін өңірді жедел дамыту, тиiмдiлiгi жоғары, оның iшiнде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндiрiстердi құру, өнiмдердiң жаңа түрлерiн шығаруды игеру, инвестицияларды тарту, нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын жетiлдiру, басқарудың және шаруашылық жүргiзудiң қазiргi заманғы әдiстерiн енгiзу, өңірдің туристік әлеуетін жоғарылату және келетін қазақстандық және шетелдік туристердің қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, қанағаттандыра алатын тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ әлеуметтiк проблемаларды шешу мақсатында құрылады.
3. АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
3-1. АЭА құру мақсаттарына сәйкес келетін қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ қызметтің басым түрлерін көрсетілген тізбеге енгізу тәртібін арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.
4. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5. АЭА-ны басқару «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
3. АЭА-ның аумағында салық салу
6. АЭА-ның аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледi.
7. АЭА аумағындағы кедендiк реттеу Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
8. АЭА аумағында немесе оның бір бөлігінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылады.
9. Еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен АЭА-ға қатысушы ретiнде қызметтi жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес АЭА аумағында қызметтiң басым түрлерiн жүзеге асыратын тұлғалар АЭА аумағына орналастыруға және (немесе) пайдалануға арналған тауарларды орналастырады.
10. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады. АЭА аумағы кедендік бақылау жүргізу мақсатында жайластырылуға тиіс. АЭА аумағын жайластыруға қойылатын талаптарды, оның ішінде осындай аумақтың периметрін қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды кеден саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
11. АЭА аумағында Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртiппен тауарларды уақытша сақтау орындары құрылуы мүмкiн.
12. АЭА аумағында еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылмаған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары және өзге де кедендiк рәсiмдермен орналастырылған шетелдiк тауарлар орналастырылуы және пайдаланылуы мүмкiн.
13. АЭА аумағына әкелiнген және еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар кедендiк баждарды, салықтарды, сондай-ақ тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшiн Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк аумағынан тыс жерде орналасқан тауарлар ретiнде қаралады.
14. Тауарларды уақытша сақтауға, кедендiк декларациялауға, кедендiк тазартуға және шығаруға, сондай-ақ АЭА аумағында кедендiк бақылау жүргiзуге байланысты кедендiк операциялар Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
5. Қоршаған ортаны қорғау
15. Экологиялық реттеу бөлiгiнде АЭА қызметі Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және өмiр сүру сапасын арттырудың экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық аспектiлерiнiң теңгерiмi негiзiнде тұрақты дамуға және қоршаған ортаны қорғауға көшу үшiн жағдай жасау арқылы табиғи ресурстарды ұтымды және тиiмдi пайдалануға негiзделедi.
16. Осы Ережеде белгiленген шарттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен өзгертiлуi мүмкiн.
17. АЭА-ны мерзiмiнен бұрын тарату «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
18. АЭА-ның осы Ережемен реттелмеген қызметi Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Ақтау теңіз порты»
арнайы экономикалық аймағы
туралы ережеге
қосымша
«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы аумағының жоспары
Р/с №
|
Аймақтар атауы:
|
Ауданы, гектар
|
1
|
Порттық аймақ
|
371,6719
|
2
|
Индустриялық аймақ
|
1554,5
|
|
Жиыны:
|
1926,1719
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 6 қазандағы
№ 624 қаулысымен
бекітілген
«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары
Р/с
№
|
Мақсаттары, міндеттері мен көрсеткіштері (атауы)
|
Өлшем бірлігі
|
Базалық кезең 2023 жыл
|
2027 жылға қарай қол жеткізу
|
2032 жылға қарай қол жеткізу
|
2037 жылға қарай қол жеткізу
|
2042 жылға қарай қол жеткізу
|
2047 жылға қарай қол жеткізу
|
2052 жылға қарай қол жеткізу
|
нысаналы индикатор
|
нысаналы индикатор
|
нысаналы индикатор
|
нысаналы индикатор
|
нысаналы индикатор
|
нысаналы индикатор
|
1
|
2
|
3
|
4
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
1.
|
Инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде:
|
млрд теңге
|
290
|
340
|
390
|
440
|
490
|
540
|
590
|
1.1
|
Шетелдік инвестициялардың көлемі
|
млрд теңге
|
170
|
175
|
185
|
200
|
220
|
245
|
275
|
1.2
|
Отандық инвестициялардың көлемі
|
млрд теңге
|
120
|
165
|
205
|
240
|
270
|
295
|
315
|
2.
|
АЭА аумағында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі
|
млрд теңге
|
450
|
490
|
500
|
520
|
550
|
590
|
640
|
3.
|
Қатысушылар саны
|
компаниялар
|
50
|
55
|
60
|
65
|
70
|
75
|
80
|
4.
|
АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны
|
адам
|
2300
|
3300
|
3500
|
3700
|
3900
|
4100
|
4300
|
5.
|
АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесінің орташа мәні
|
%
|
50
|
53
|
58
|
63
|
68
|
73
|
78
|