Bestprofi Logo

Бұйрық № 355 от 2017-08-25г./Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

«Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 09.06.2020 г.

Документ на казахском языке

«Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 25 тамыздағы № 355 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 20 қазанда № 15911 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 9 маусымнан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 жылғы № 181 Бұйрығына сәйкес 

1. «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 11223 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов

«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі _____________ Д. Абаев 2017 жылғы 4 қыркүйек

«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі _____________ Ж. Қасымбек 2017 жылғы 29 тамыз

«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _____________ Б. Сұлтанов 2017 жылғы 28 тамыз

«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі _____________ Т. Сүлейменов 2017 жылғы 28 қыркүйек

Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 25 тамыздағы № 355 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығымен бекітілген

Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидалары

1. Осы Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау (бұдан әрі – субсидиялар) тәртiбiн айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес облыстың (бұдан әрі – облыстық басқарма),республикалық маңызы бар қаланың, астананың (бұдан әрі – қалалықбасқарма) жергілікті атқарушы органының Ауыл шаруашылығы басқармасы айқындайтын, субсидиялаудың ақпараттық жүйесінеқолжетімділікті және меншік иесі ретінде оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;

2) отандық тыңайтқыштарды өндiрушi (бұдан әрi – тыңайтқыштарды өндіруші) – Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, Қазақстан Республикасында тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) өндiрудi жүзеге асыратын және оларды тіркеген жеке немесе заңды тұлға;

3) өтінім - ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің (бұдан әрі – ауылшартауарынөндіруші) немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің(бұдан әрі – ауылшаркооперативі) сатып алынған тыңайтқыштар үшін толық құнымен субсидиялар алуға арналған электрондық өтiнiмі;

4) өтпелі өтінім - ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) арзандатылған құнмен сатып алатын тыңайтқыштар үшін тыңайтқыш өндірушінің субсидиялар алуға арналған электрондық өтiнiмі;

5) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға арналған өтінімдер, сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;

6) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – субсидия алуға арналған өтінімді (өтпелі өтінімді) тіркеуге, сондай-ақ өтінімді (өтпелі өтінімді) субсидиялау шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оларды өңдеуге мүмкіндік беретін, субсидиялау процестерін орындау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып, ретке келтірілген жиынтығы;

7) тыңайтқыштарды жеткізуші –шетелдік өндірістегі тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) өткізуді жүзеге асыратын, оларды тіркеген жеке немесе заңды тұлға;

8) тыңайтқыштарды сатушы – тыңайтқыштарды өндіруші, тыңайтқыштарды жеткізуші немесе шетелдік тыңайтқыштарды өндіруші;

9) тыңайтқыштардың ең төменгі нарықтық құны – тыңайтқыштарға субсидия номаларын белгілеу үшін олардың бағаларына талдау жүргізу жолымен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы айқындайтын, тиісті жылға арналған тиісті тыңайтқыш түрлері бойынша қалыптасқан тыңайтқыштардың ең төмен нарықтық құны;

10) шетелдiк тыңайтқыштарды өндiрушi – шетелдік өндірістегі тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) тіркеген Қазақстан Республикасының бейрезиденті;

11) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

3. Тыңайтқыштарды өндірушілер, жеткізушілер және шетелдік өндірушілер және олар өндіретін (өткізетін) өнімдер тізбесін (бұдан әрі – жеткізушілер тізбесі) инвестициялар және даму саласындағы уәкiлеттi орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына кейінгі жылға өткен жылдың1 желтоқсанынан және тиісті жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей бередi. Бұл ретте облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы орган жеткізушілер тізбесін алғаннан кейін оны 3 жұмыс күн ішінде субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне орналастырады.

4. Субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литрiне) арналған субсидиялардың нормалары (бұдан әрі – тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормалары) екі данада жасалады және облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерінің, олар болмаған жағдайда, олардың міндеттерін атқарушы адамдардың қолы қойылған ілеспе хатпен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) мақұлдауға тиісті жылдың 15 қарашасынан кешіктірілмей беріледі.

Тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларын Министрлікке мақұлдауға берген кезде, кейінгі жылға өткен жылдың 1 қарашасынан кешіктірілмей берілетін тиісті тыңайтқыш түрлеріне қалыптасқан нарықтық бағаларды растайтын құжаттарды қоспағанда, субсидиялардың белгіленген нормасын негіздейтін құжаттар (облыстық басқарма (қалалық басқарма) субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне орналастырған тыңайтқыштарды енгізу нормаларын ескере отырып, субсидиялауға жататын тыңайтқыш түрлерінің көлемдері бойынша есептемелер) қоса беріледі.

Оң шешім шығарған жағдайда, Министрлік тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларының бір данасын тиісті ілеспе хатпен тиісті жылдың25 қарашасынан кешіктірмей кері қайтарады. Теріс шешім шығарған жағдайда, Министрлік тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларының екі данасын да уәжді негіздемесі бар хатпен тиісті жылдың 25 қарашасынан кешіктірмей пысықтауға жолдайды.

Пысықталған тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормалары екі данада облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерінің, олар болмаған жағдайда, олардың міндеттерін атқарушы адамдардың қолы қойылған ілеспе хатпен тиісті жылдың 30 қарашасынан кешіктірілмей Министрлікке қайта мақұлдауға беріледі.

Министрлік мақұлданған тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларының бір данасын тиісті ілеспе хатпен тиісті жылдың7 желтоқсанынан кешіктірмей кері қайтарады.

Тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормалары облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қаулысымен жыл сайын тиісті жылдың 14 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларын мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күн ішінде субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде орналастырады.

Ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларына қосылмаған тыңайтқыштар түрлеріне субсидия алуға өтiнiм берген жағдайда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларына осы тармақтың бірінші – алтыншы бөліктерінде көзделген тәртіппен толықтырулар енгізеді.

5. Облыстық басқарма (қалалық басқарма) тыңайтқыштар құнын субсидиялау жөніндегі айларға бөлінген жеке қаржыландыру жоспарын (бұдан әрі – Қаржыландыру жоспары) бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде орналастырады.

6. Субсидиялар ағымдағы жылы және өткен жылғы 4 (төртінші) тоқсанда тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштарға жұмсалған шығындарды өтеу үшін ауылшартауарынөндірушілерге немесе ауылшаркооперативтеріне төленеді.

7. Субсидиялар мынадай шарттар сақталған жағдайда төленеді:

1) ауылшартауарөндірушінің немесе ауылшаркооперативінің осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толық құнымен сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидиялар алуға арналған өтiнiмді:

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) қағаз түрінде;

не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде беруі.

Ауылшартауарөндіруші (ауылшаркооперативі) тыңайтқышты шарт негізінде тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құнмен сатып алған жағдайда, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзіне тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтпелі өтiнiмді:

Мемлекеттік корпорацияға қағаз түрінде;

не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде береді.

Мұндай жағдайда субсидиялар тыңайтқыштарды өндірушіге тыңайтқыштарды өндіруші өтпелі өтінімге күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей нақты сатылған тыңайтқыштар жөнінде мәліметтер енгізген жағдайда осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес төленеді.

Бұл ретте өтінімді (өтпелі өтінімді) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ақпараттық жүйесінде Мемлекеттік корпорацияның операторы қалыптастырады және оның ЭЦҚ-сымен қол қойылады. Бұдан әрі өтінім (өтпелі өтінім) субсидиялаудың ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы облыстық басқармаға (қалалық басқармаға) қайта жіберіледі. Бұл ретте ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) жеке шоты субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде уақытша ашылады;

2) ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) берген өтiнiмді (өтпелі өтінімді) тіркеу;

3) ауылшартауарынөндірушіде (ауылшаркооперативінде) деректері субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің «Заңды тұлға» немесе «Жеке тұлға» мемлекеттік дерекқорлармен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған, субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шотының болуы. Бұл ретте өтпелі өтінім үшін субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тыңайтқыштар өндірушінің жеке шотының болуы қажет;

4) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) сатып алған тыңайтқыштарға жұмсалған шығындарды растау;

5) ауылшартауарынөндірушіде (ауылшаркооперативінде) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесiмен және «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқорымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған, тиісті алаңда жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің болуы.

Ауылшаркооперативінде жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері болмаған жағдайда, ауылшаркооперативі ауылшаркооперативінің мүшелері болып табылатын ауылшартауарынөндірушілердің субсидия алуына өтінім (өтпелі өтінім) береді. Бұл ретте ауылшартауарынөндірушілер субсидия алушылар болып табылады.

Жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бар ауылшаркооперативі өз жер учаскелеріне, сондай-ақ ауылшаркооперативі мүшелерінің жер учаскелеріне сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидия алуға өтінім (өтпелі өтінім) береді. Бұл ретте ауылшаркооперативі және ауылшартауарынөндіруші субсидия алушылар болып табылады.

4-тарау. Субсидияларды есептеу тәртібі

8. Субсидиялар ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) өтінім берген тыңайтқыштардың түрлерін және көлемін (өтінімдерде көрсетілген егіс алаңына тыңайтқыштарды енгізудің нормаларын ескере отырып) және бекітілген тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларын негізге ала отырып, мынадай формула бойынша есептеледі:

С – тиесілі субсидиялар сомасы, теңге;

Nв – 1 гектарға арналған тыңайтқыш енгізу нормасы (нақты салмақпен тонна/гектар, килограмм/гектар, литр/гектар, субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде орналастырылған тыңайтқыштарды енгізудің нормаларын ескере отырып);

S – тыңайтқышты қолдану алаңы, гектар (осы алаң жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында осы ауылшартауарынөндірушіге (ауылшаркооперативіне) тиесiлi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің алаңынан аспайды);

Nс – тыңайтқышқа арналған субсидиялар нормасы, теңге (осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес айқындалады).

9. Тыңайтқыштарға арналған субсидиялар нормалары тыңайтқыштың ең төменгі нарықтық құнының жартысына сәйкес мөлшерде абсолюттік мәнде (теңге) белгіленеді.

10. Ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) құны субсидиялар нормасы есептелген тыңайтқыштың құнынан төмен болатын тыңайтқышқа өтінім (өтпелі өтінім) берген жағдайда, субсидияларды есептеу нақты сатып алынған тыңайтқыш құнынан жүргізіледі.

Ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) құны субсидиялар нормасы есептелген тыңайтқыштың құнынан жоғары болатын тыңайтқышқа өтінім (өтпелі өтінім) берген жағдайда, субсидиялар облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бекіткен субсидиялар нормасы есептелген тыңайтқыш құны бойынша төленеді.

11. Сатушы өткізетін тыңайтқыштар құнында қосылған құн салығы, буып-түю, таңбалау бойынша шығыстар, республиканың тиiстi өңiрiндегi межелі (босату) пунктке дейiнгi көлiк шығыстары ескеріледі.

12. Өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) қабылдау жер учаскесі орналасқан жер бойынша тиісті жылғы 1 ақпаннан бастап 1 желтоқсанға дейін жүзеге асырылады.

13. Тізілімнің (бұдан әрі – Жеке кабинет) деректеріне қол жеткізуді ұсыну үшін:

1) ауылшартауарынөндірушілерде (ауылшаркооперативтерінде) немесе тыңайтқыштарды өндiрушiлерде ЭЦҚ болуы тиіс;

2) қалалық басқарма, облыстық басқарма, Министрлік жыл сайын көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге ЭЦҚ-сы бар жұмысшылырының өзекті етілген тізімін жібереді.

Министрлікке субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімдік онлайн-тәртіпте өтеусіз негізінде беріледі.

14. Ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) және тыңайтқыштарды өндiрушi Жеке кабинетте тіркелу үшін мынадай мәліметтерді көрсетеді:

1) жеке тұлғалар және дара кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), толық атауы; бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) және ЖСН;

3) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почтасының мекенжайы);

4) екінші деңгейдегі банктің немесе почтаның ұлттық операторының ағымдағы шотының деректері.

Жоғарыда көрсетілген деректерді өзгерткен кезде ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) және тыңайтқыштарды өндіруші бір жұмыс күн ішінде Жеке кабинетке енгізілген жеке шоттың деректерін өзгертеді.

15. Ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) өтінімді (өтпелі өтінімді) қалыптастыруды және тіркеуді мынадай тәртіппен Жеке кабинетте жүргізеді:

1) осы Қағидалардың 7-тармағы 4) және 5) тармақшаларының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйемен тексеру үшін оған қажетті мәліметтер енгізіле отырып өтінім немесе осы Қағидалардың 7-тармағы5) тармақшасының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесімен тексеру үшін оған қажетті мәліметтер енгізіле отырып өтпелі өтінім қалыптастырылады;

2) өтінім (өтпелі өтінім) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) ЭЦҚ-сымен қол қою жолымен немесе Мемлекеттік корпорациямен тіркеледі және облыстық басқарманың (қалалық басқарманың) Жеке кабинетінде қолжетімді болады. Облыстық басқарманың (қалалық басқарманың) электрондық мекенжайына қарауға өтінім (өтпелі өтінім) келіп түскені туралы электрондық хабарлама жіберіледі.

16. Облыстық басқарма (қалалық басқарма) ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) өтінімді (өтпелі өтінімді) тіркеген сәттен бастап бір жұмыс күнi iшiнде ЭЦҚ-ны пайдаланып тиісті хабарламаға қол қою жолымен оның қабылданғанын растайды. Осы хабарлама субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өз бетімен тіркелген жағдайда ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) Жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Бұл ретте өтпелі өтінімді қабылдау туралы хабарлама тыңайтқыштарды өндірушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Тыңайтқыштардыөндіруші осы Қағидалардың 7-тармағы 4) тармақшасының талаптарын орындау үшін нақты өткізілген тыңайтқыштар бойынша мәліметтерді тізілімге енгізеді.

17. Облыстық басқарма (қалалық басқарма) Қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидия төлеуге арналған төлем тапсырмасын екі жұмыс күндері ішінде:

- осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес облыстық басқарма (қалалық басқарма) өтінімді қабылдағанын растағаннан кейін;

- тыңайтқыштарды өндіруші осы Қағидалардың 7-тармағы 4) тармақшасының талаптарына сәйкес нақты өткізілген тыңайтқыштар бойынша мәліметтерді тізілімге енгізгеннен кейін қалыптастырады.

Субсидия көлемі тиісті айға арналған Қаржыландыру жоспарында көзделген бюджет қаражатының көлемінен асатын өтінімдер (өтпелі өтінімдер) бойынша субсидияларды төлеу келесі айда жүзеге асырылады.

Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларына 1-қосымша

Толық құны бойынша сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидиялар алуға арналған өтiнiм

(кімге) ______________ облысының ___________________________________________ (ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының толық атауы) республикалық маңызы бар қаланың, астананың _______________________________________________________________________________ (кімнен)____________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Тыңайтқыштарды сатушыдан ___________________________ тонна (килограмм, литр) көлемiнде сатып алынған ____________________________________________ тыңайтқышы (тыңайтқыш түрi) үшiн маған _______________________ теңге мөлшерінде субсидия төлеуді сұраймын. (сома санмен және жазбаша)

Заңды тұлға үшін: атауы ________________________________________________________________ БСН___________________________________________________________________ басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _________________________ мекенжайы: ___________________________________________________________ телефон (факс) нөмірі: _______________________________________________ Жеке тұлға үшін: тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ________________________ ЖСН___________________________________________________________________ жеке басын куәландыратын құжат: нөмірі _______________________________________________________________ кім берді ____________________________________________________________ берілген күні ________________________________________________________ мекенжайы:____________________________________________________________ телефон (факс) нөмірі:________________________________________________ Дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама – жеке тұлға үшін: орналасқан жері ______________________________________________________ хабардар еткен күні___________________________________________________

2. Ауыл шаруашылығы кооперативі мүшелері туралы мәліметтер*:

р/с №

Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы

Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің БСН/ЖСН

1

2

3


 


 


 

Р/с

Кадастрлық нөмірі

Барлық алаң, гектар

Оның ішінде егістік

Нысаналы мақсаты

Жер учаскесі иесінің немесе жерді пайдаланушының атауы

1

2

3

4

5

6


 


 


 


 


 


 

4. Екінші деңгейдегі банкте немесе почтаның ұлттық операторда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің (ауыл шаруашылығы кооперативтің) ағымдағы шоттың мәліметтері*:

ЖСН/БСН ____________________________________________________________ Кбе ________________________________________________________________ Банктің немесе почта операторының деректері_________________________ Банктің немесе почта операторының атауы ____________________________ БСК ________________________________________________________________ ЖСК ________________________________________________________________ БСН ________________________________________________________________ Кбе ________________________________________________________________

5. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (ауыл шаруашылығы кооперативі) мен тыңайтқыштарды сатушының арасындағы сатып алу-сату шарттың мәліметтері*:

тыңайтқыштарды сатушы (отандық өндіруші немесе жеткізуші не шетелдік өндіруші) _________________________________________________ шарттың нөмірі _____________________________________________________ шарт жасалған күн __________________________________________________ ҚҚС-мен бағасы (теңге)______________________________________________ тыңайтқыштарды сатушының атауы мен БСН _____________________________ тыңайтқыштарды сатушының орналасқан жерінің мекенжайы ______________ тыңайтқыштың атауы _________________________________________________ тыңайтқыштың көлемі, тонна (килограмм, литр) _______________________ төлеу мерзімі ______________________________________________________ межелі (босату) пункті _____________________________________________

6. Тыңайтқыштарды сатып алу үшін шеккен шығындарды растайтын (өтінім берген сәтте) төлем құжаттары (шот-фактуралар және тауарды жеткізу туралы жүкқұжаттың (актінің) мәліметтері*:

шот-фактура нөмірі _________________________________________________ берілген күні ______________________________________________________ тауарлық-көліктік жүкқұжаттың нөмірі (шетелдік өндірістегі тыңайтқыштар үшін)_____________________________________________________ тауарды қабылдау-тапсыру актісінің нөмірі (отандық өндірістегі тыңайтқыштар үшін) ____________________________________________________

7. Жүк кедендік декларацияның (Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден тыңайтқыш сатып алған ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші немесе ауыл шаруашылығы кооперативі үшін) мәліметтері:

тыңайтқыштың атауы _________________________________________________ өлшем бірлігі ______________________________________________________ саны (көлемі)_______________________________________________________ ҚҚС-мен бағасы (теңге)______________________________________________ өткізу құны, барлығы _______________________________________________ нөмірі _____________________________________________________________ берілген күні ______________________________________________________ шетелдік тыңайтқыштарды өндірушінің атауы __________________________ шетелдік тыңайтқыштарды өндірушінің орналасқан жерінің мекенжайы _______________________________________________________________________

8. Тауардың Еуразиялық экономикалық одақтан әкелінгенін растайтын салық органы берген құжаттың мәліметтері:

нөмірі _____________________________________________________________ берілген күні ______________________________________________________ шетелдік тыңайтқыштарды өндірушінің атауы __________________________ шетелдік тыңайтқыштарды өндірушінің орналасқан жерінің мекенжайы _______________________________________________________________________

9. Сатып алынған тыңайтқыштарға арналған сәйкестiк сертификатының мәліметтері:

сертификаттың нөмірі________________________________________________ сертификаттың қолданылу мерзімі ____________________________________ сәйкестендірілген өнім (атауы, шығарушы ел)_________________________ өтінім беруші (атауы, мекенжайы) ___________________________________ кім берді __________________________________________________________

10. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттың немесе тауардың шығу тегі туралы декларацияның (Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден тыңайтқыш сатып алған ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші немесе ауыл шаруашылығы кооперативі үшін) мәліметтері:

нөмірі мен берілген күні ___________________________________________ тауардың атауы _____________________________________________________ экспорттаушы/жүк жөнелтуші _________________________________________ импорттаушы/жүк алушы_______________________________________________

11. Химиялық өнімді тіркеу туралы куәліктің мәліметтері:

куәлік нөмірі ______________________________________________________ химиялық өнімнің толық атауы _______________________________________ өндіруші фирма _____________________________________________________ куәліктің қолданылу мерзімі ________________________________________ тіркелген күні _____________________________________________________ кім берді __________________________________________________________

Ауыл шаруа-шылығы дақылы-ның атауы, сүрі жер

Жер учаскенің кадастрлық нөмірі және оның алаңы, гектар

1 гектарға тыңайтқыш енгізу нормалары (килограмм, литр)

азотты тыңайтқыштар

фосфорлы тыңайтқыштар

калийлі тыңайтқыштары

1

2

3

4

5

6


 


 


 


 


 


 

Тыңайтылатын алаң, гектар

Пайдалануға арналған тыңайтқыштың нақты көлемі

(килограмм, литр)

1 гектарға арналған тыңайтқыштардың нақты көлемі (килограмм, литр)

1 тоннасының

(килограмм, литр) бағасы,

теңге

1 тоннаға

(килограммға, литрге)

арналған субсидиялар нормасы,

теңге

Тиесілі субсидия сомасы,

теңге (8- баған

х 13- баған)

азотты тыңайтқыш тар

фосфорлы тыңайтқыштар

калийлі тыңайтқыштар

7

8

9

10

11

12

13

14


 


 


 


 


 


 


 


 

Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім беремін.

Ауыл шаруашылығы дақылдарына (cүрі жерге) сатып алынған тыңайтқыштарды енгізуді қамтамасыз етуге міндеттенемін.

Өтініш беруші қол қойған және 20__ жылғы «__» ________ сағат 00:00 жіберілген:

Облыстық басқарма (қалалық басқарма) 20__ жылғы«__» _____сағат 00:00 қабылдады:

Ауыл шаруашылығы кооперативі субсидия алуға арналған осы өтінімді ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін де берген жағдайда өтінімнің 2, 3, 4, 5 және6-жолдарында көрсетілген мәліметтер субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативінің әр мүшесіне толтырылады.

Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларына 2-қосымша

Тыңайтқышты отандық тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құнмен сатып алған жағдайда тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтпелі өтінім

(кімге) ______________ облысының ___________________________________________ (ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының толық атауы) республикалық маңызы бар қаланың, астананың _______________________________________________________________________________ (кімнен)____________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің (бар болған жағдайда) Мен ___________________________________________________ арзандатылған құнмен (отандық тыңайтқыштарды өндірушінің атауы) __________ тонна (килограмм, литр) көлемiнде ______________________ тыңайтқышын (тыңайтқыш түрi) сатып алу-сату шартын жасасқанымды мәлімдеймін және отандық тыңайтқыштарды өндіруші _______________________________________________ (отандық тыңайтқыштарды өндірушінің атауы) тыңайтқыштардың нақты өткізілген көлемдері жөніндегі мәліметтерді субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізіліміне енгізгеннен кейін маған тиесілі ____________________________________________ теңге мөлшеріндегі субсидияны (сома санмен және жазбаша) отандық тыңайтқыштарды өндіруші _______________________________________________ (отандық тыңайтқыштарды өндірушінің атауы) аударуды сұраймын.

Заңды тұлға үшін: атауы _________________________________________________________________ БСН____________________________________________________________________ басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) __________________________ мекенжайы: ____________________________________________________________ телефон (факс) нөмірі: ________________________________________________ Жеке тұлға үшін: тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _________________________ ЖСН____________________________________________________________________ жеке басын куәландыратын құжат: нөмірі ________________________________________________________________ кім берді _____________________________________________________________ берілген күні _________________________________________________________ мекенжайы:_____________________________________________________________ телефон (факс) нөмірі:_________________________________________________ Дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама – жеке тұлға үшін: орналасқан жері _______________________________________________________ хабардар еткен күні____________________________________________________

2. Ауыл шаруашылығы кооперативі мүшелері туралы мәліметтер*:

Р/с №

Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы

Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің БСН/ЖСН

1

2

3


 


 


 

Р/с №

Кадастрлық нөмірі

Барлық алаң, гектар

Оның ішінде егістік

Нысаналы мақсаты

Жер учаскесі иесінің немесе жерді пайдаланушының атауы

1

2

3

4

5

6


 


 


 


 


 


 

4. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (ауыл шаруашылығы кооперативі) мен тыңайтқыштарды өндірушінің арасындағы сатып алу-сату шартының мәліметтері*:

шарттың нөмірі ______________________________________________________ шарт жасалған күн ___________________________________________________ ҚҚС-мен бағасы (теңге)_______________________________________________ тыңайтқыштарды өндірушінің атауы мен БСН ____________________________ тыңайтқыштарды өндірушінің орналасқан жерінің мекенжайы _____________ тыңайтқыштың атауы __________________________________________________ тыңайтқыштың көлемі, тонна (килограмм, литр) ________________________ төлеу мерзімі _______________________________________________________ межелі (босату) пункті ______________________________________________

5. Тыңайтқыштарды өндірушінің екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотының бар екендiгi туралы мәліметтер:

Банктің атауы _______________________________________________________ БСК _________________________________________________________________ ЖСК _________________________________________________________________ БСН _________________________________________________________________ Кбе _________________________________________________________________

Ауыл шаруашылығы дақылының атауы, сүрі жер

Жер учаскенің кадастрлық нөмірі және оның алаңы, гектар

1 гектарға тыңайтқыш енгізу нормалары (килограмм, литр)

азотты тыңайтқыштар

фосфорлы тыңайтқыштар

калийлі тыңайтқыштар

1

2

3

4

5

6


 


 


 


 


 


 

Тыңайтылатын алаң, гектар

Пайдалануға арналған тыңайтқыштың нақты көлемі

(килограмм, литр)

1 гектарға арналған тыңайтқыштардың нақты көлемі (килограмм, литр)

1 тоннасының

(килограмм, литр) бағасы,

теңге

1 тоннаға

(килограммға, литрге)

арналған субсидиялар нормасы,

теңге

Тиесілі субсидия сомасы,

теңге (8- баған

х 13- баған)

азотты тыңайтқыштар

фосфорлы тыңайтқыштар

калийлі тыңайтқыштар

7

8

9

10

11

12

13

14


 


 


 


 


 


 


 


 

Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім беремін.

Ауыл шаруашылығы дақылдарына (cүрі жерге) сатып алынған тыңайтқыштарды енгізуді қамтамасыз етуге міндеттенемін.

Өтініш беруші қол қойған және 20__ жылғы «__» ________ сағат 00:00 жіберілген:

Облыстық басқарма (қалалық басқарма) 20__ жылғы«__» _____сағат 00:00 қабылдады:

Ауыл шаруашылығы кооперативі субсидия алуға арналған осы өтінімді ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін де берген жағдайда өтпелі өтінімнің 2, 3 және 4-жолдарында көрсетілген мәліметтер субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативінің әр мүшесіне толтырылады.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание