«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:










Отправить по почте

Қазақстан Республикасында анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 763 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 1 қарашада № 15953 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2023 жылғы 21 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.04.2023 жылғы № 78 Бұйрығына сәйкес
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
5) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Зан қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлеметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л. М. Ақтаеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Е. Бiртанов
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 763 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасында анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі - Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын деңгейлерде халыққа анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастырудың жалпы қағидаттарын белгілейді.
2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар болып табылатын ұйымдарды қоспағанда, анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының штаттары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 болып тіркелген) үлгі штаттары мен штат нормативтеріне сәйкес белгіленеді.
3. Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) анестезиологиялық әдіс – бұл пациентті операциялық жарақаттардан қорғауға бағытталған, қазіргі заманғы наркоздың барлық компоненттерін қамтамасыз ететін және оперативті араласу барысында, инвазиялық зерттеу әдістері кезінде, операциядан кейінгі кезеңде өмірлік маңызды ағзалар мен жүйелердің қызметін қолдаушы емдік және диагностикалық іс-шаралар кешені;
2) анестезиологиялық көмек – науқасты хирургиялық араласулар, босандыру, таңу, инвазиялық араласулар мен зерттеу әдістері кезінде зақымдаушы факторлардан қорғауға бағытталған шаралар кешені;
3) денсаулық сақтау ұйымының дәрiлiк формуляры - қазақстандық ұлттық дәрілік формулярдың негізінде қалыптастырылған және уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен денсаулық сақтау ұйымының басшысы бекіткен, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттардың тізбесі;
4) қарқынды терапия – ағзалар мен жүйелердің функцияларын жасанды қолдау немесе олардың алмастыру әдістерін пайдалана отырып, науқасты өлімге әкелетін, бірақ алдын алуға болатын функциялық және метаболизмдік бұзылулардың профилактикасы және емі;
5) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек – әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтер тұтынушыларға ұсынылатын медициналық көмек көлемі;
6) реаниматологиялық көмек – науқастар мен зардап шеккендерді өмірінің ақырғы кезеңінен (реанимация) шығаруға, сондай-ақ жіті пайда болған аурулардың, жарақаттар, операциялық араласулар және осы бұзылуларды туыңдатқан себептерге қарамастан басқа да қиын жағдайлардың салдарынан бұзылған организмнің өмірлік маңызды функцияларын қалпына келтіру және қолдауға (қарқынды терапия) бағытталған шаралар кешені;
7) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) – «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына сәйкес айқындалатын Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға көрсетілетін медициналық қызметтер көрсетудің тізбесі бойынша бірыңғай медициналық көмектің көлемі.
2-тарау. Қазақстан Республикасында анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсететін ұйымдардың қызметінің негізгі бағыттары
4. Анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың (бұдан әрі – МҰ) қызметінің негізгі бағыттары:
1) пациенттерге білікті және мамандандырылған медициналық көмекті көрсету;
2) операциялар, босандыру, мамандандырылған диагностикалық және емдеу емшаралары кезінде дайындық және оны жүргізу бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;
3) аурудың, жарақаттанудың, операциялық араласулар, босандырудың салдарынан олардың қызметі тұрақтанғанға дейін әртүрлі қиын жағдайлар кезінде организмнің бұзылған өмірлік маңызды функцияларын қалпына келтіру және қолдау бойынша ауқымды іс-шаралар кешенін жүргізу;
4) пациенттердің өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында емдеудің барлық сатысындағы іс-әрекет сабақтастығы;
5) теориялық білім деңгейін тұрақты арттыру, практикалық дағдылардын жетілдіру және медицина персоналын анестезиология және реанимация саласындағы практикалық дағдыларға үйрету болып табылады.
5. Анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсету мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
1) амбулаториялық-емханалық көмек (тәулік бойы медициналық байқау мен емдеу көзделмеген жағдайларда);
2) стационарлық көмек (тәулік бойы медициналық байқау және емдеу қамтамасыз етілетін жағдайларда);
3) стационарды алмастыратын көмек (тәулік бойы медициналық байқау мен емдеуді талап етпейтін медициналық байқау мен емдеу көзделмеген жағдайларда).
6. Анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек мынадай денсаулық сақтау ұйымдарының бөлімшелерінде:
1) анестезиология және реанимация тобында (бұдан әрі – Топ);
2) анестезиология бөлімшесінде (бұдан әрі – АБ);
3) реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде (бұдан әрі – РҚТБ);
4) анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде (бұдан әрі – АРҚТБ);
5) анестезиология, реанимация және қарқынды терапия орталығында (бұдан әрі – АРҚТО) жүзеге асырылады.
7. Анестезиологиялық және реаниматологиялық көмекті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының бөлімшелерін медициналық техникамен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және медициналық жиһазбен жарақтандыру тізбесі осы Стандартқа 1-қосымшада келтірілген.
8. Халыққа анестезиологиялық және реаниматологиялық көмекті «Анестезиология және реаниматология (ересектердің, балалардың)» немесе «Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология) (ересектердің)», «Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология, неонаталдық реанимация) (балалардың)» мамандығы бойынша маман сетификаты бар мамандар (бұдан әрі – дәрігер анестезиолог-реаниматолог) «Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 693 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12134 болып тіркелген) бекітілген нысана сәйкес көрсетеді.
9. Денсаулық сақтау ұйымының анестезиология және реаниматология бөлімшесін жоғары біліктілік санаты (немесе жоғары болмаған кезде, бірінші) бар кәсіби даярлық деңгейі жоғары анестезиолог-реаниматолог дәрігер басқарады.
3-тарау. Қазақстан Республикасында анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру
10. Халыққа анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдарда ТМККК шеңберінде, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде және ақылы негізде көрсетіледі.
11. Анезтезиология мен реаниматологияның бөлімшелері хирургиялық бөлімшелерге және операциялық блокқа тікелей жақын орналастырылады.
12. Әрбір операциялық бөлменің (немесе таңу бөлмесіндегі) операциялық блогында анестизолог-реаниматолог дәрігерлерге арналған жұмыс орындары жабдықталады және наркоз-тыныс алу және бақылау-диагностикалық аппаратурамен (кардиомонитор, пульсоксиметр және басқа), вакуумды аспиратормен, дефибрилятормен, шприцті дозатормен, кеңірдектің интубициясына арналған қажетті дәрілік препараттар жинағы және керек-жарақтары бар анестизолог үстелімен жарақтандырылады. Ургенттік операциялық бөлмеде шұғыл анестезия жүргізу үшін аппаратура мен керек-жарақтар жұмысқа үнемі дайын болуы керек.
13. Денсаулық сақтау ұйымдарындағы операциялық блоктың аумағында операциялық үстелді босатуға және реанимация мен қарқынды терапия бөлімшесінің төсектерін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін «ояту» палатасы (науқастың анезтезиядан шығуы үшін) ұйымдастырылады. «Ояту» палатасына хирургиялық араласудан кейін толығымен есі қалпына келгенше, тыныс алу мен қан айналымы тұрақтанғанға дейін, кейіннен бейінді бөлімшеге немесе медициналық көрсетілімдер болған жағдайда анестезиология және реаниматология бөлімшесіне ауыстырылып, науқастар қарқынды бақылауға орналастырылады. Анестезиядан (наркоздан, операциядан) кейін науқастың оянуы анестезиологиялық картада айқындалады.

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |