«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5) тармақшасына және 18-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Электрмен жабдықтаудың үлгілік шарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 23 қазандағы № 356 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 8 қарашада № 15978 болып тіркелді
«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5) тармақшасына және 18-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тұрмыстық тұтынушыларға арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Электр энергиясын тұрмыстық емес мұқтаждар үшін пайдаланатын тұтынушыларға арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғаларға арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімдік баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қ. Бозымбаев
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 23 қазандағы № 356 бұйрығына 4-қосымша
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің күші жойылған кейбiр бұйрықтарының тізбесі
1. «Электрмен жабдықтаудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 233 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10806 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 маусымда жарияланған).
2. «Электрмен жабдықтаудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 233 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 648 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12428 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 желтоқсанда жарияланған).
3. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 228 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13942 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 8 тамызда жарияланған) бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 6) тармақшасы.
4. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 200 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15330 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2017 жылғы 25 шілдеде жарияланған) бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 5-тармағы.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |