Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 23 қазандағы
№ 356 бұйрығына
1-қосымша
Редакция 24.02.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Тұрмыстық тұтынушыларға арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты
________________________
|
«____» ___________ 20___ ж.
|
(шарт жасасу орны)
|
(шарт жасасу күні)
|
|
|
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын _________________________________,
(энергиямен жабдықтаушы ұйымның атауы)
«____» __________ _____ж. № _______ лицензияға сәйкес тұтынушыларды электрмен жабдықтауды жүзеге асырушы, бұдан әрі Сатушы деп аталатын, _____________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
атынан, _____________________________ негізінде әрекет етуші, бір тараптан
және бұдан әрі Тұтынушы деп аталатын ________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
немесе _______________________________________________ негізінде әрекет
етуші оның өкілі______________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
төмендегілер туралы осы электрмен жабдықтау шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
|
1-тарау. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Осы Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) есептік кезең – тұтынылған электр энергиясы есепке алынатын және тұтынушыға төлеу үшін ұсынылатын электрмен жабдықтау шартымен айқындалатын уақыт кезеңі;
2) тұрмыстық тұтынушы – электр энергиясын тауарларды, жұмыстарды өндіруге (сатуға) және көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты емес өзінің тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын жеке тұлға;
3) коммерциялық есепке алу аспабы – электр қуатын, электр энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;
4) электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесі – электр энергиясы мен қуаты шығынын анықтауға арналған коммерциялық есепке алу құралдарының жиынтығы (электр энергиясын есептеуіш, ток пен кернеудің өлшеу трансформаторлары) және өзара белгіленген схема арқылы жалғанған құрылғы (коммутациялық аппарат);
5) электр энергиясын сату нүктесі – энергиямен жабдықтаушы ұйыммен электр энергиясын беру туралы шарты бар энергия беруші ұйымның жауапкершілігі шекарасында орналасқан нүкте.
Осы Шартта қолданылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының электр энергетикасы мен табиғи монополиялар саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2. Сатушы сату нүктесіне дейін Тұтынушыға электр энергиясын беруге міндеттенеді, ал Тұтынушы осы Шарттың тәртібі мен талаптарына сәйкес тұтынған электр энергиясы үшін ақы төлеуге міндеттенеді.
3. Шарт Тұтынушымен оның Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен энергия беруші ұйымның желісіне тікелей қосылған жабдығы мен коммерциялық есепке алу аспаптары болған жағдайда ғана жасалады.
3-тарау. Тұтынылатын электр энергиясын есепке алу
4. Сатушы берген және Тұтынушы қабылдаған электр энергиясының көлемі коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткішімен, ал олар болмаған немесе уақытша бұзылған кезде – есептік жолмен анықталады.
5. Коммерциялық есепке алу аспаптарының саны осы Шартқа
қосымшаға сәйкес коммерциялық есепке алу аспаптарының тізбесінде көрсетіледі.
6. Коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алуды Сатушының немесе энергия беруші ұйымның өкілдері сағат 21-00-ден кешіктірмей жүргізеді. Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін пайдалану кезінде көрсеткіштерді қашықтықтан алуға кез келген уақытта жол беріледі.
Коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу кезінде Тұтынушының өзіне-өзі қызмет көрсетуіне жол беріледі. Көрсеткіштерді алу және төлем құжаттарын төлеу кезінде Тұтынушы жіберген қателерді Сатушы және (немесе) энергия беруші ұйым олардың анықталуы бойынша алты айдан аспайтындай мерзім ішінде есепке алады.
4-тарау. Электр энергиясы үшін ақы төлеудің тәртібі
7. Тұтынушы төлемді Сатушы берген төлем құжаты негізінде есептік айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей жүргізеді. Есептік кезең бір күнтізбелік айды құрайды.
Смарт-картасы бар коммерциялық есепке алу аспаптарын қолдануға негізделген электр энергиясының автоматтандырылған коммерциялық есепке алу жүйесі болған жағдайда, Тұтынушы тұтынған электр энергиясы үшін төлемді төлем құжатынсыз өз бетінше анықтаған көлемде өтейді.
7-1. Егер тұтынушы электрмен жабдықтау шартының талаптарын бұзғаны үшін ажыратылса, онда оны қосуды энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым тұтынушының бұзушылықтарды жоюды және қосу үшін қызметке ақы төлеуді растайтын құжаттары қоса берілген өтінішін бергеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүргізеді.
7-2. Тұтынушылар төлем құжаттарын пошта байланысы, интернет-ресурсы арқылы, энергиямен жабдықтаушы ұйымның персоналы немесе бірыңғай есеп айырысу ұйымы арқылы алады
Осы Шарттың акцептінде тұтынушының жазбаша келісімі болған жағдайда, төлем құжаттарын және қарыздардың болуы туралы хабарламаларды интернет-ресурс немесе бірыңғай есеп айырысу ұйымы арқылы ғана алуға жол беріледі.
7-3. Электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспабын электр желісінің теңгерімдік тиесілік шекарасынан тыс орнатқан жағдайда, электр желісінің теңгерімдік тиесілік шекарасынан электр энергиясының коммерциялық есепке алу құралдарын орнатқан жерге дейінгі учаскедегі электр энергиясының шығындары шарт негізінде теңгерімінде желінің көрсетілген учаскесі тұрған иегердің меншігіне жатқызылады және Тұтынушының келісімі бойынша энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның есептік жолымен анықталады.
7-4. Тұтынушылар кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын шарт акцептінде көрсетілген тәсілдермен (электрондық пошта, факс, пошта жөнелтілімі, қысқа мәтіндік хабарлама, мультимедиялық хабарлама, қолданыстағы мессенджерлермен) электр энергиясын жеткізуді тоқтату (шектеу) туралы хабарлама алады.
8. Жаңа тарифтерді қолданысқа енгізу тұтынушыларға 3 (үш) күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы алдын ала хабарлағаннан кейін жүзеге асырылады және осы шартты қайта жасасу үшін негіз болып табылмайды.
5-тарау. Тұтынушының құқықтары мен міндеттері
1) жасалған шартқа сәйкес электр энергиясын алуға;
2) электр энергиясын оған қажетті мөлшерде пайдалануға;
3) жасалған шарттың талаптарына сәйкес энергия өндiрушi, энергия берушi және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын жеткіліксіз жеткізуден немесе сапасыз жеткiзуден келтiрiлген нақты залалды өтеуді талап етуге;
4) шарт жасасуға және оны орындауға байланысты даулы мәселелердi шешу үшiн сотқа жүгiнуге;
5) тұтынылған электр энергиясы үшін оны тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифтер бойынша ақы төлеуді жүргізуге;
6) Сатушыны күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын хабардар ету және тұтынылған электр энергиясы үшін толық ақы төлеу талабымен Шартты біржақты тәртіппен бұзуға;
7) тұтынылған электр энергиясының көлемі бойынша есептеулерді егжей-тегжейлі түсіндіре отырып, төлем құжатын Сатушыдан талап етуге;
8) қызмет көрсетуші энергиямен жабдықтаушы ұйымды жаңа энергиямен жабдықтаушы ұйымға ауыстыруға құқылы.
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2) электр энергиясын сатып алу-сату шартында айқындалған энергия тұтыну режимдерiн сақтауға;
3) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi электр энергиясының стандарттық жиiлiгiн ұстап тұруға бағытталған нормативтiк талаптарды орындауға;
4) жасалған шарттарға сәйкес босатылған, берiлген және тұтынылған электр энергиясының ақысын уақтылы төлеуге;
5) энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi ұйымдардың жұмыскерлерiн коммерциялық есепке алу аспаптарына, сондай-ақ мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi органның жұмыскерлерiн, жергілікті атқарушы органдардың уәкілетті өкілдерін электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйiн және пайдалану қауiпсiздiгiн бақылауды жүзеге асыру үшiн жiберуге міндетті.
6-тарау. Сатушының құқықтары мен міндеттері
11. Сатушы, энергия беруші ұйымды қатыстыру арқылы:
1) төлем болмаған, сондай-ақ шартта белгіленген мерзімде электр энергиясы үшін толық төленбеген жағдайда кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын тұтынушының шарт акцептінде (электрондық поштамен, факспен, пошта жөнелтілімімен, қысқа мәтіндік хабарламамен, мультимедиялық хабарламамен, қолданыстағы мессенджерлерді пайдалану) көрсетілген тәсілдермен тұтынушыны хабардар ете отырып, электр энергиясын беруді толық немесе ішінара тоқтатуға;
2) шартты жасаумен немесе орындалуымен байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сотқа жүгінуге құқылы.
1) жасалған шарттарға сәйкес электр энергиясын беруге;
2) Тұтынушыға келтірілген нақты залалды толық көлемде өтеуге;
3) Тұтынушыға хабарлама жіберу фактісін растауға мүмкіндік беретін тәсілмен электр энергиясы үшін төлемегені немесе толық төлемегені үшін электр энергиясын беруді тоқтата тұрғанға дейін кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын Тұтынушыны хабардар етуге;
4) Тұтынушыны электрмен жабдықтау қызметтерінің тарифтері, олардың өзгеруі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында кемінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарландыру орналастыру жолымен, сондай-ақ төлем құжаттарындағы осы өзгерістер туралы ақпаратты көрсете отырып хабардар етуге;
5) Тұтынушыдан өзіне берілген электр энергиясы үшін өз кассалары арқылы, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлемдерді қабылдауды қамтамасыз етуге міндетті. Тұтынушыдан өзіне берілетін электр энергиясы үшін интернет-ресурстар немесе терминалдар, төлем агенттері, төлем ұйымдары сияқты қосымша көздер арқылы төлемдер қабылдауға жол беріледі;
6) тұтынылған электр энергиясы үшін төлем құжатын Тұтынушыға ай сайын ұсынуға;
7) энергия беруші ұйымдар тарапынан жабдықты жөндеу және жаңа тұтынушыларды қосу бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізуге байланысты электр энергиясын берудің жоспарлы тоқтатылғаны туралы тұтынушыны ажыратқанға дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей хабардар етуге;
8) табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісілген тарифтер бойынша электр энергиясын беруге міндетті.
7-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
13. Электрмен жабдықтау шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, тараптар нақты келтірілген зиянды өз еркімен өтеуге немесе келіспеген жағдайда сот шешімі бойынша өтеуге міндетті.
14. Тараптар форс-мажор (зілзалалар, әскери әрекеттер, террористік актілер) жағдайларынан туындаған, сонымен қатар тараптардың еркінен тыс болған түрлі (электр беру желілерінің және басқа жабдықтардың зақымдалуы немесе ұрлануы) жағдайларда электр энергиясын берудегі үзілістер үшін материалдық жауапты болмайды.
8-тарау. Қорытынды ережелер
15. Шарт Тұтынушы қосылған желіге нақты қосылған сәттен бастап жасалған және бір жыл мерзімге жарамды болып есептеледі.
Тараптардың бірінің мерзімнің аяқталуы туралы Шартты тоқтату немесе өзгерту туралы өтініші болмаған кезде, ол белгіленбеген мерзімге және оны жасасу кезінде Шартта көзделген талаптарда ұзартылған болып есептеледі.
16. Осы Шарттың талаптарын орындауға байланысты Сатушы мен Тұтынушы арасындағы барлық даулы мәселелер туындаған жағдайда, Сатушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде даулы мәселені өз еркімен шешу үшін Тұтынушыға хабарлайды.
17. Шартқа тараптардың келісуімен енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар Шарттың ережелеріне қайшы келмеуі тиіс, олар қосымша келісім түрінде ресімделеді, тараптардың уәкілетті өкілдерінің қолы қойылып, заңнамада белгіленген тәртіп бойынша ресімделеді.
9-тарау. Тараптар деректемелері
Сатушы
|
Тұтынушы
|
_________________________
|
______________________
|
_________________________
|
______________________
|
_________________________
|
______________________
|
Тұрмыстық тұтынушыларға
арналған электрмен жабдықтаудың
үлгілік шартына қосымша
Коммерциялық есепке алу аспаптарының тізбесі
№ р/р
|
Атауы
|
Есептеуіш типі
|
Зауыттық нөмірі
|
Ток
трансформаторлары
|
Коэффициентті
есептеу
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
|
|
|
|
|
|
Энергия беруші (энергия өндіруші) Тұтынушы:
_________________________ ______________________