Дипломатиялық өкілдікті, халықаралық ұйымды және (немесе) оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеу, Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың және (немесе) олардың өкілдіктерінің басшыларын, персоналы мүшелерін, консулдық мекемелердің жұмыскерлерін аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 11-1-2/442 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 30 қыркүйекте № 15833 болып тіркелді
ID документа скопирован в буфер обмена
Бұйрық № 11-1-2/442 от 2017-09-27г./Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі
Дипломатиялық өкілдікті, халықаралық ұйымды және (немесе) оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеу, Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың және (немесе) олардың өкілдіктерінің басшыларын, персоналы мүшелерін, консулдық мекемелердің жұмыскерлерін аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы
Языки документа
Уважаемые пользователи, процесс скачивания данного документа займет несколько минут.
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 27-8), 27-9) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Дипломатиялық өкілдікті, халықаралық ұйымды және (немесе) оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеу, Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың және (немесе) олардың өкілдіктерінің басшыларын, персоналы мүшелерін, консулдық мекемелердің жұмыскерлерін аккредиттеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметі белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды нысандағы көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. «Дипломатиялық өкілдіктерді, халықаралық ұйым және/немесе оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеу, дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдар және/немесе олардың өкілдіктерінің басшылары мен персонал мүшелерін, консулдық мекемелердің қызметкерлерін, әскери, теңіз және әуе атташелерін Қазақстан Республикасында аккредиттеу жөніндегі нұскаулығын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2009 жылғы 3 тамыздағы № 08-1-1-1/236 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5775 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағында 2009 жылы № 11 жарияланған).
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары М.Б. Тілеубердіге жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жариялағаннан күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрі Қ. ӘБДІРАХМАНОВ
Қазакстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 11-1-2/442 бұйрығымен бекітілді
Дипломатиялық өкілдікті, халықаралық ұйымды және (немесе) оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеу, Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың және (немесе) олардың өкілдіктерінің басшыларын, персоналы мүшелерін, консулдық мекемелердің жұмыскерлерін аккредиттеу қағидалары
1-Тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Дипломатиялық өкілдікті, халықаралық ұйымды және (немесе) оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеу, Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың және (немесе) олардың өкілдіктерінің басшыларын, персоналы мүшелерін, консулдық мекемелердің жұмыскерлерін аккредиттеу қағидалары 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының және 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының ережелеріне, 2002 жылғы 7 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызметі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес әзірленді және дипломатиялық өкілдіктерді, халықаралық ұйымдарды және (немесе) олардың өкілдіктерін, консулдық мекемелерді тіркеудің, дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдар және/немесе олардың өкілдіктерінің басшылары мен персонал мүшелерін, консулдық мекемелер қызметкерлерін Қазақстан Республикасында аккредиттеудің тәртібін реттейді.
2. Осы Қағидалардың мақсаты үшін халықаралық ұйым ретінде 1969 жылғы 23 мамырдағы Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясының 2-бабы 1-тармағының і) тармақшасына, 2005 жылғы 30 мамырдағы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы заңының 1-бабының 13) тармақшасына сәйкес мемлекетаралық немесе үкіметаралық ұйымдар білдіріледі.
2-Тарау. Дипломатиялық өкілдікті, халықаралық ұйым және (немесе) оның өкілдігін, консулдық мекемені Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанында тіркеу
3. Дипломатиялық өкілдікті, халықаралық ұйымды және (немесе) оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеуге шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомствосының, халықаралық ұйымның немесе оның өкілдігінің Қазақстан Республикасында дипломатиялық өкілдікті, халықаралық ұйымды және (немесе) оның өкілдігін, консулдық мекемені ашу туралы нотасы (еркін түрде) негіз болып табылады.
4. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – ҚР СІМ) Қазақстан Республикасының құзыретті органдарымен келісілгеннен кейін дипломатиялық өкілдікке, халықаралық ұйымдарға және (немесе) оның өкілдігіне, консулдық мекемеге ҚР СІМ жанынан дипломатиялық өкілдікті, халықаралық ұйымды және (немесе) оның өкілдігін, консулдық мекемені нотада көрсетілген мекенжай бойынша тіркелгендігін растайтын нота жібереді.
5. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген растау туралы нота алғаннан кейін жіберуші мемлекеттің келген дипломатиялық өкілдігі персоналының мүшесі, халықаралық ұйымның және (немесе) оның өкілдігінің қызметкері, өзі өкілдік ететін мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінің консулдық мекемесі консулдық персоналының, халықаралық ұйымның және-немесе оның өкілдігінің, консулдық мекеменің қызметкері алғашқы аккредиттеу күнінен бастап ҚР СІМ жанында аккредиттелген болып саналады.
3-Тарау. Төтенше және Өкілетті Елшіні және Нунцийді, Сенімді өкілді, консулдық мекеме басшысын, әскери, теңіз немесе әуе атташелерін аккредиттеу
6. Жіберуші мемлекеттің Төтенше және Өкілетті Елшісін, Нунцияны (Бұдан әрі - Елші) аккредиттеуге жіберуші мемлекеттің сыртқы саяси ведомствосының ҚР СІМ Елші лауазымына ұсынылған кандидатураның өмірбаяндық деректері (орыс және ағылшын тілдерінде, туған жері мен күні көрсетілген) қоса берілген келісім беру (агреман) туралы өтініш нотасы негіз болып табылады.
7. Қазақстан Республикасының құзыретті мемлекеттік органдарының келісімінен кейін ҚР СІМ жіберуші мемлекеттің сыртқы саяси ведомствосына ұсынылған кандидатураға арналған келісімді беру немесе бас тартуды жібереді.
8. Резиденциясы Қазақстан Республикасында орналасқан жаңадан тағайындалған Елші сенім грамоталарын Қазақстан Республикасының Президентіне, ал міндетін қоса атқаруға тағайындалған (резиденциясы басқа елде орналасқан) Елші – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысына тапсырады. Оның Қазақстан Республикасында болу мерзімі сенім грамоталарын тапсырған күнінен бастап саналады.
9. Сенімді өкілді, консулдық мекеме басшысын, Әскери, теңіз немесе әуе атташелерін аккредиттеудің негіздері:
1) Сенімді өкілге - жіберуші мемлекеттің сыртқы саяси ведомствосының сенімді өкілді тағайындау туралы нотасы (еркін түрде).
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасарына Сенімді өкіл жіберуші мемлекеттің сыртқы саяси ведомствосы басшысының Сенімді өкілді тағайындау туралы жолдауын тапсырған күннен бастап өз функцияларын атқаруға кірісті деп саналады;
2) Консулдық мекеме басшысына - өкілдік етуші мемлекеттің сыртқы саяси ведомствосының Сыртқы істер министрлігіне консулдық мекеме басшысы лауазымына ұсынылған кандидатураның өмірбаяндық мәліметтері қоса берілген нотасы;
Қазақстан Республикасының құзыретті мемлекеттік органдарымен келісілгеннен кейін ҚР СІМ консулдық мекеме басшысына ұсынылған кандидатураға қатысты өз шешімі жөнінде нотамен хабарлайды және де оң жауап болған жағдайда, экзекватура береді, содан кейін оны ҚР СІМ жанынан аккредиттеу жүргізіледі;
3) Әскери, теңіз немесе әуе атташелеріне - 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының 7-бабына сәйкес дипломатиялық өкілдіктің ұсынылған кандидатураның өмірбаяндық мәліметтері қоса берілген тиісті нотасы (еркін түрде) негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасының құзыретті органдарымен келісілгеннен кейін, ҚР СІМ ұсынылған әскери, теңіз немесе әуе атташелігі кандидаттурасына қатысты өз шешімі туралы хабарлайды және де оң жауап болған жағдайда, оны ҚР СІМ жанынан аккредиттеу жүргізіледі.
4-Тарау. Аккредиттеу куәліктерін берудің тәртібі мен санаттары
10. Дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдар және (немесе) олардын өкілдіктерінің басшылары мен персонал мүшелері, консулдық мекемелердің қызметкерлері, әскери, теңіз немесе әуе атташелері (бұдан әрі - өкілдіктердің қызметкерлері), өкілдіктер қызметкерлерінің отбасы мүшелері өз мәртебелеріне сәйкес, аты-жөні, тегі (болған жағдайда), дипломатиялық қызметкердің лауазымы, дипломатиялық өкілдік атауы және аккредиттеу куәліктін санаты көрсетілген аккредиттеу куәліктерін (еркін түрде) (бұдан әрі – куәлік) алады. Керек болған жағдайда куәлікте қосымша басқа ақпарат көрсетіледі. Осы Қағидалардың № 1 қосымшасына сәйкес куәліктің артқы бетінде артықшылықтар мен иммунитеттер көрсетіледі.
Өкілдіктер қызметкерімен бірге тұратын басқа тұлғаларды отбасы мүшелеріне жатқызу және оларға куәліктер беру жіберуші/ұсынушы мемлекетпен өзара қағидаттық негізде жүзеге асырылады.
Өкілдік қызметкерінің отбасы мүшесі ретінде тіркелетін:
1) жұбайы/зайыбы;
2) некеге тұрмаған балалар:
18 жасқа толмаған;
21 жасқа толмаған, Қазақстан Республикасының жоғары/арнаулы орта оқу орындарында оқитын;
3) Асыраудағы ата-аналар мен 25 жасқа дейінгі балалар жіберуші/өкілеттік етуші елмен өзара түсіністік қағидасы негізінде (иммунитеттер мен артықшылықтары ұсынылмай).
11. Дипломатиялық өкілдік, консулдық мекеме, халықаралық ұйым және (немесе) оның өкілдігі және өкілдік қызметкерін аккредиттеу және куәлігін алуы үшін ҚР СІМ келесі құжаттарды қоса бере отырып нота жібереді:
1) осы Қағидалардың № 2 қосымшасына сәйкес тиісті үлгіде толтырылған аккредиттеу сауалнамасының бір нұсқасы;
2) көлемі 3x4 сантиметр ақ түсті фонға түсірілген түрлі түсті (бірдей) екі фотосурет (паспорттық фото, фас) қағаз және электронды нысандағы;
3) дипломатиялық өкілдіктің, консулдық мекеменің, халықаралық ұйымның немесе оның өкілдігінің мөрімен куәландырылған паспорттың дипломатиялық/қызметтік визаның (визалық тәртіп орнатылған мемлекеттері үшін) кіру жөніндегі мөрінің көшірмелері.
12. ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметі өкілдіктің қызметкеріне куәлікті алғашқы рет берген кезде үш жыл мерзімге ресімдейді. Егер паспортты қолданылу мерзімі осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсыру күнінен бастап екі жылдан кем болса, паспорттың қалған қолданылу мерзіміне беріледі, бірақ үш айдан кем болмауы тиіс.
Дипломатиялық өкілдік, консулдық мекеме, халықаралық ұйым немесе оның өкілдігі куәліктің қолданылу мерзімін ұзарту үшін ҚР СІМ осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып нота (хат) жібереді.
Қолданылу мерзімі екі жыл болатын жаңа куәлікті беру жолымен куәліктің қолданылу мерзімін ұзарту жүзеге асырылады. Бұрын берілген куәлікті қайтарғаннан соң куәліктің қолданылу мерзімі ұзартылады.
Куәліктің қолданылу мерзімі өкілдік қызметкер паспортының қолданылу мерзімінен аспауы тиіс.
Куәлікті жоғалтқан кезде, тұпнұсқасы осы Қағидалардың көрсетілген мерзімде беріледі.
Құжаттарды қарау және куәлікті беру мерзімі, соның ішінде ұзарту кезінде: құжаттарды тапсырған күннен бастап жиырма жұмыс күнін құрайды.
13. Өкілдік қызметкерінің отбасы мүшесін тіркеу және куәлік алу үшін дипломатиялық өкілдік, консулдық мекеме, халықаралық ұйым немесе оның өкілдік қызметкерінің отбасы мүшесі келген күннен бастап бес күн ішінде ҚР СІМ нотамен қоса:
1) осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды;
2) өкілдік қызметкерінің жұбайын/зайыбын аккредиттеу кезінде некеге тұру туралы куәландырылған және заңдастырылған куәлікті;
3) 21 жасқа толмаған және Қазақстан Республикасының оқу орнында оқитын өкілдік қызметкерінің балаларын аккредиттеу кезінде Қазақстан Республикасы оқу орнының анықтамасын жолдайды.
Отбасы мүшесінің куәлігінің қолданылу мерзімін ұзарту үшін дипломатиялық өкілдік, консулдық мекеме, халықаралық ұйым немесе оның өкілдігі ҚР СІМ осы тармақта көрсетілген құжаттарды қоса беру арқылы нота (хат) жібереді.
Құжаттарды қарау және куәлікті беру мерзімі, соның ішінде ұзарту кезінде: құжаттар тапсырған күннен бастап жиырма жұмыс күнін құрайды.
Өкілдік қызметкерінің отбасы мүшесі куәлігінің қолданылу мерзімі осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген тәртіпте белгіленеді, бірақ өкілдік қызметкерінің өзінің аккредиттеу мерзімінен аспауы тиіс.
14. Мәртебесіне байланысты өкілдік қызметкеріне, отбасы мүшелеріне тиісінше, Қазақстан Республикасының ратификацияланған халықаралық шарттармен белгіленген артықшылықтары мен имунитеттеріне сәйкес «D», «C», «HC», «T», «S» және «М» сериялы куәліктер ресімделеді.
15. «D» сериялы куәлік дипломатиялық паспорты бар болғанда (оларды иеленбейтін мемлекеттерден басқа) немесе Біріккен Ұлттар Ұйымының P4 және жоғары санатты паспорттары бар болғанда беріледі:
1) дипломатиялық өкілдіктердің басшыларына;
2) дипломатиялық өкілдіктердің дипломатиялық персоналының мүшелеріне;
3) әскери, теңіз және әуе атташелеріне;
4) мәртебесі бойынша осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар теңестірілген халықаралық ұйымдар және/немесе оның өкілдіктерінің қызметкерлеріне;
5) осы тармақтың 1) - 4) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардың отбасы мүшелеріне беріледі.
16. «C» сериялы куәліктер дипломаттық паспорты (оларды иеленбейтін мемлекеттерден басқа) болған жағдайда:
1) консулдық лауазымды адамдарға;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген адамдардың отбасы мүшелеріне беріледі.
17. «HC» сериялы куәліктер Құрметті консул лауазымындағы тұлғаларға өзі өкілдік ететін мемлекетпен өзара түсіністік қағидасы негізінде беріледі. Бұл ретте, Құрметті консулдың отбасы мүшелеріне куәлік берілмейді.
18. «T» сериялы куәліктер қызметтік (оған теңестірілген) немесе ұлттық паспорты болған жағдайда:
1) дипломатиялық өкілдіктердің әкімшілік-техникалық персоналы мүшелеріне;
2) консулдық мекемелердің консулдық қызметшілеріне;
3) мәртебесі бойынша осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаға теңестірілген халықаралық ұйымдар және оның өкілдіктерінің қызметшілеріне;
4) осы тармақтың 1) – 3) тармақшаларында көрсетілген адамдардың отбасы мүшелеріне беріледі.
19. «S» сериялы куәліктер ұлттық паспорты болған жағдайда жіберуші/өкілдік ететін мемлекпен өзаралық қағидат негізінде беріледі:
1) дипломатиялық өкілдіктің қызмет көрсететін персоналының қызметшілеріне;
2) консулдық қызметтің қызмет көрсететін персоналының қызметшілеріне;
3) мәртебесі бойынша осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаға теңестірілген халықаралық ұйымдар және (немесе) олардың өкілдіктерінің қызметкерлеріне;
4) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген адамдардың отбасы мүшелеріне беріледі.
5) дипломатиялық өкілдік қызметкерінің қызметіндегі үй қызметшілеріне беріледі.
6) консулдық мекемелер қызметкерінің қызметіндегі жеке үй қызметшілеріне беріледі.
20. «М» сериялы куәліктер халықаралық ұйымдар және (немесе) олардың өкілдіктерінің қызметкерлеріне, сондай-ақ егер осы Қағидалардың 15, 18, 19-тармақтарында көрсетілген адамдар санатына жатпаған жағдайда, олардың отбасы мүшелеріне беріледі.
21. Өкілдік қызметкерінің қызметтік жағдайы өзгерген жағдайда, сондай-ақ бұрын берілген куәліктің пайдалану мерзімі біткеннен соң, дипломатиялық өкілдік, консулдық мекеме, халықаралық ұйым және (немесе) оның өкілдігі бұл туралы Сыртқы істер министрлігіне осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, нота (хат) жолдау арқылы хабардар етеді.
Қазақстан Республикасында аккредиттелген, сол мезгілде дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің қызметкері болып табылатын белгілі бір тұлғаны халықаралық ұйым және (немесе) оның өкілдігі аккредиттеуге құжаттар жіберген кезде бұл тұлғаны жіберуші/өкілдік ететін мемлекеттің қандай санатта қабылдайтындығы жөнінде қосымша ақпарат ұсынуы қажет.
Егер дипломатиялық өкілдік қызметкерінің бұрынғы мәртебесі сақталып қалған жағдайда (дипломатиялық өкілдіктің қызметкері, консулдық мекеменің қызметшісі), оның халықаралық ұйымның және (немесе) оның өкілдігінің қызметкері ретінде оны тіркеуге рұқсат етілмейді.
Егер дипломатиялық өкілдік қызметкерінің бұрынғы мәртебесі сақталмаған жағдайда, бұрын берілген дипломатиялық өкілдік қызметкері, консулдық мекеме қызметкері куәлігінің орнына халықаралық ұйым қызметкері ретіндегі деңгейіне сәйкес артықшылықтары мен иммунитеттерін растайтын куәлік беріледі.
22. Куәлікті жоғалтқан жағдайда дипломатиялық өкілдік, консулдық мекеме, халықаралық ұйым және (немесе) оның өкілдігі міндетті түрде бұл туралы Сыртқы істер министрлігіне осы Қағидалардың 11, 13 - тармақтарында көрсетілген құжаттар, дипломатиялық өкілдіктің, консулдық мекеменің, халықаралық ұйым және (немесе) оның өкілдігінің тұрған жеріндегі қалалық ішкі істер органның анықтамасы қоса берілген нота жолдау арқылы хабарлайды.
23. Дипломатиялық өкілдік, консулдық мекеме, халықаралық ұйым және (немесе) оның өкілдігі қызметкері, оның отбасы мүшелері біржолата кеткенде немесе қайтыс болған жағдайда, міндетті түрде бес күнтізбелік күн ішінде өкілдік қызметкеріне немесе оның отбасы мүшесіне берілген тіркеу куәлігі қоса берілген нотамен Сыртқы істер министрлігіне хабарлайды.
Дипломатиялық өкілдіктерді, халықаралық ұйым және (немесе) оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеу, дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдар және (немесе) олардың өкілдіктерінің басшылары мен персонал мүшелерін, консулдық мекемелердің қызметкерлерін Қазақстан Республикасында аккредиттеу қағидаларына қосымша № 1
1. «D» сериялы куәліктер:
1) осы Қағидалардың 15-тармағының 1) – 4) тармақшаларында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын немесе Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын тұлғаларға қатысты 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының 29 – 36-баптарымен;
2) осы Қағидалардың 15-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын тұлғаларға қатысты 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының 29 – 36-баптарымен көзделген артықшылықтар мен иммунитеттерді растайды.
2. «С» сериялы куәліктер:
1) осы Қағидалардың 16-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын немесе Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын тұлғаларға қатысты 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының 40,41,43,44,46 – 52-баптарымен көзделген;
2) осы Қағидалардың 16-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын немесе Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын тұлғаларға қатысты 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының 46-бабының 1-тармағымен, 48-бабының 1-тармағымен, 49-бабының 1-тармағымен, 50-бабының 3-тармағымен, 1-тармағының b) тармақшасымен, 3-тармағымен 51 және 52-баптарымен көзделген;
3) осы Қағидалардың 16-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын немесе Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын тұлғаларға қатысты 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының 71-бабының 1-тармағымен көзделген артықшылықтар мен иммунитеттерді растайды.
3. «НС» сериялы куәліктер:
1) осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын немесе Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын адамдарға қатысты 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының 58-бабының 2-тармағымен;
2) Қазақстан Республикасының азаматы немесе Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын адамдарға қатысты 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының 71-бабымен көзделген артықшылықтар мен иммунитеттерді растайды.
4. «T» сериялы куәліктер:
1) осы Қағидалардың 18-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын тұлғаларға және олардың отбасы мүшелеріне немесе Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын тұлғаларға қатысты 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының 37-бабының 2-тармағымен;
2) осы Қағидалардың 18-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын тұлғаларға немесе Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын тұлғаларға қатысты 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының 43, 44, 46 – 52 -баптарымен;
3) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын тұлғаларға және отбасы мүшелері немесе Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын тұлғаларға қатысты 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының 46-бабының 1-тармағымен, 48-бабының 1-тармағымен, 49-бабының 1-тармағымен, 51 және 52-баптарымен көзделген артықшылықтар мен иммунитеттерді растайды.
5. «S» сериялы куәліктер:
1) осы Қағидалардың 19-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын немесе Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын тұлғаларға қатысты 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының 37-бабының 3-тармағымен;
2) осы Қағидалардың 19-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын немесе Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын тұлғаларға қатысты 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының 44-бабының 3-тармақшасымен, 47-бабының 1-тармақшасымен, 48-бабының 1-тармақшасымен, 49-бабының 2-тармақшасымен, 51 және 52- баптарымен;
3) осы Қағидалардың 19-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын немесе Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын тұлғаларға қатысты 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының 48-бабының 1-тармақшасымен, 51 және 52- баптарымен;
4) осы Қағидалардың 19-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын немесе Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын тұлғалар бойынша 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының дипломатиялық агенттің ғана қызметіндегі тұлғаларға қатысты 33-бабының 2-тармағымен, 37-бабының 4-тармағымен;
5) осы Қағидалардың 19-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын немесе Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын тұлғалар бойынша 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының дипломатиялық өкілдік қызметкерлерінің ғана қызметіндегі тұлғаларға қатысты 37-бабының 4-тармағымен;
6) осы Қағидалардың 19-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын немесе Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын тұлғалар бойынша 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының консулдық лауазымды тұлғалар мен консулдық қызметкерлердің ғана қызметіндегі тұлғаларға қатысты 47-бабының 2-тармағымен, 48-бабының 2-тармағымен;
7) осы Қағидалардың 19-тармағының 6)-тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын немесе Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын тұлғалар бойынша 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының консулдық мекеме қызметкерлерінің ғана қызметіндегі тұлғаларға қатысты 48-бабының 2-тармағымен көзделген артықшылықтар мен иммунитеттерді растайды.
6. «М» сериялы куәлігі осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын немесе Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын тұлғалар бойынша Қазақстан Республикасымен бекітілген халықаралық шарттарда көзделген артықшылықтар мен иммунитеттерді растайды.
Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена
Ссылка на документ скопирована в буфер обмена
Документ добавлен в избранное
Комментарий удален
Закладка успешно добавлена
Закладка удалена
Закладка изменена
Функция доступна только для подписчиков системы
Чтобы оставить закладку, пожалуйста
Содержание
Комментарий успешно добавлен