• Мое избранное
«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Данный документ находится на модерации;

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 13 қарашада № 15982 болып тіркелді

БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8424 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 12 маусымдағы № 146 (28085) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 177-қосымша орыс тілінде жаңа редакцияда жазылсын, мемлекеттік тілдегі мәтіннің 1-38 тармақтары өзгермейді;
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Оқу жүктемесінің бөлінуі:
1-кесте

Сынып

Апталық сағат саны

Жылдық сағат саны

1

2 сағат

66 сағат

2

3 сағат

102 сағат

3

3 сағат

102 сағат

4

4 сағат

136 сағат

»;
мынадай мазмұндағы 47-тармақпен толықтырылсын:
«47. Шет тілін игеру деңгейін бағалаудың жалпыеуропалық жүйесі бойынша А1, А2 деңгейлеріне жету үшін білім алушылар осы Үлгілік оқу бағдарламасының қосымшасына сәйкес оқу басылымдарында көрсетілген  лексикалық-грамматикалық минимумды игереді.»;
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің
1-4-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде емес) қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрыққа 185-қосымшада:
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Оқу жүктемесінің бөлінуі:
1-кесте

Сынып

Апталық сағат саны

Жылдық сағат саны

1

1 сағат

33 сағат

2

1 сағат

34 сағат

3

1 сағат

34 сағат

4

1 сағат

34 сағат

»;
192, 193, 194, 195, 196, 197, 198, 199-қосымшалар осы бұйрыққа 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 10, 11- қосымшаларға сәйкес 199-1, 199-2-қосымшалармен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрыққа 200-қосымша осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 201-қосымшада:
12, 13, 14, 15, 16, 17, 181412194341]], [[19, 20, 21, 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Оқу пәнінің мазмұны 7 бөлімді қамтиды:
1) «Ғылым әлемі»;
2) «Ғалам. Жер. Адам»;
3) «Заттар және материалдар»;
4) «Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер»;
5) «Энергия және қозғалыс»;
6) «Экология және тұрақты даму»;
7) «Әлемді өзгертетін жаңалықтар».
13. Оқу пәнінің базалық мазмұны. «Ғылым әлемі» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) ғылымның рөлі;
2) зерттеу мәселесі;
3) зерттеуді жоспарлау;
4) деректерді жинау және жазу;
5) деректерді талдау;
6) қорытынды және талқылау.
14. «Ғалам. Жер. Адам» бөлімі мынадай бөлімшелерді қамтиды:
1) макро- және микроәлем;
2) жер туралы жалпы мағлұматтар. Жер планетасының пайда болуы Жердің құрылымы мен құрамы;
3) жер қабықтары және олардың құрамдас бөліктері;
4) жердегі тіршілік;
5) жер бетін бейнелеу тәсілдері;
6) материктер мен мұхиттар;
7) халық географиясы.
15. «Заттар және материалдар» бөлімі мынадай бөлімшелерді қамтиды:
1) заттардың құрылысы мен қасиеттері;
2) заттардың жіктелуі;
3) заттардың пайда болуы және заттарды алу.
16. «Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер» бөлімі мынадай бөлімшелерді қамтиды:
1) өлі табиғаттағы үдерістер;
2) тірі табиғаттағы үдерістер.
17. «Энергия және қозғалыс» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) энергия түрлері мен көздері;
2) қозғалыс.
18. «Экология және тұрақты даму» бөлімі мынадай бөлімшелерді қамтиды:
1) экожүйелер. Экожүйенің компоненттері;
2) тірі ағзалардың алуан түрлілігі;
3) табиғатты қорғау.
19. «Әлемді өзгертетін ашылулар» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) әлемді өзгерткен жаңалықтар;
2) болашақ жаңалықтары.
3-тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі
20. Бағдарламада оқыту мақсаттарын кодтау арқылы ұсынылған. Кодтық белгіде бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар – бөлім мен бөлімшенің, төртінші сан – оқыту мақсатының реттік санын білдіреді.

Білім алушылар білуі тиіс:

Бөлімдер

Бөлімшелер

5-сынып

6-сынып

1. Ғылым әлемі

1.1 Ғылымның рөлі

5.1.1.1 ғылымның қызметтерін адам іс-әрекетінің түрі ретінде анықтау

6.1.1.1 жаратылыстану ғылымдарының зерттеу нысандарын атау

1.2 Зерттеу сұрағы

5.1.2.1 зерттеу сұрағы мен болжамды тұжырымдау

6.1.2.1 тәуелді, тәуелсіз және бақыланатын айнымалыларды анықтау

1.3 Зерттеуді жоспарлау

5.1.3.1 зерттеу жоспарын құрастыру;

5.1.3.2 зерттеу жүргізу кезін-дегі техника қауіпсіздігі ережелерін тұжырымдау

6.1.3.1 жоспар бойынша зерттеу жұмысын жүргізу;

6.1.3.2 қауіпсіз жұмыс жүргізудің жағдайларын анықтау

1.4 Деректерді жинау және жазу

5.1.4.1 нысандар параметрлерін өлшем бірліктермен анықтау;

5.1.4.2 бақылаулар мен өлшеу деректерін тіркеу

6.1.4.1 Халықаралық бірліктер жүйесінің өлшем бірліктерін пайдалану

1.5 Деректерді талдау

5.1.5.1 қайталанған өлшеулер кезіндегі арифметикалық орташа шаманы есептеу және тенденцияларын анықтау

6.1.5.1 алынған деректерді графикалық түрде көрсету

1.6 Қорытынды және талқылау

5.1.6.1 зерттеу сұрағы бойынша қорытынды тұжырымдау

6.1.6.1 алынған қорытындыларды түрлі формада көрсету

2. Ғалам. Жер. Адам

2.1 Макро- және микроәлем

5.2.1.1 макро- және микроәлем нысандарын ажырата білу және мысалдар келтіру

6.2.1.1 макро- және микроәлем нысандарының параметрлерін атау

2.2 Жер туралы жалпы мағлұматтар

5.2.2.1 Жер ғаламшарының пайда болуын түсіндіру;

5.2.2.2 Жердің құрылысы мен құрамын атау

6.2.2.1 Жер бетіндегі бақыланатын үдерістер мен құбылыстарды түсіндіру;

6.2.2.2 Жердің қасиеттерін түсіндіру

2.3 Жер қабықтары және олардың құрамдас бөліктері

5.2.3.1 Жер қабықтары және олардың құрамдас бөліктерін сипаттау

6.2.3.1 Жердің сыртқы қабықтарының өзара байланысын түсіндіру

2.4 Жердегі тіршілік

5.2.4.1 Жерде тіршіліктің пайда болуын сипаттау;

5.2.4.2 тіршілік ету үшін қажетті жағдайларын анықтау

6.2.4.1 Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы ғылыми болжамдарды салыстыру;

6.2.4.2 адамның Жердегі тіршілік етуінің қазіргі жағдайларын бағалау

2.5 Жер бетін бейнелеу тәсілдері

5.2.5.1 «жоспар» және «шартты белгілер» ұғымдарын түсіндіру;

5.2.5.2 шартты белгілерді қолданып, жергілікті жердің планын оқу;

5.2.5.3 бір тәсіл бойынша жергілікті жердің түсірілімін жасау;

5.2.5.4 рәсімдеу талаптарына сай жергілікті жердің қарапайым жоспарларын сызу

6.2.5.1 географиялық карталар мен шартты белгілерді жіктеу;

6.2.5.2 шартты белгілерді пайдаланып, географиялық карталарды оқу;

6.2.5.3 масштабты пайдаланып, арақашықтықты есептеу;

6.2.5.4 географиялық координаттарды анықтау;

6.2.5.5 - сағаттық белдеулер картасын пайдаланып, уақытты анықтау

2.6 Материктер мен мұхиттар

5.2.6.1 материктер мен дүние бөліктерін игеру және зерттеу тарихын сипаттау;

5.2.6.2 мұхиттарды зерттеу тарихын сипаттау

6.2.6.1 жоспар бойынша материктер мен олардың физикалық-географиялық аймақтарының табиғат ерекшеліктерін анықтау;

6.2.6.2 жоспар бойынша мұхиттар табиғатының ерекшеліктерін анықтау

2.7 Халық географиясы

5.2.7.1 дүниежүзі халқының нәсілдік құрамын және негізгі нәсілдер мен нәсіларалық топтардың таралу аймақтарын анықтау;

5.2.7.2 нәсілдік белгілердің қалыптасу факторларын анықтау;

5.2.7.3 нәсілдер теңдігін дәлелдеу

6.2.7.1 халықтың қоныстану заңдылықтарын анықтау;

6.2.7.2 халық тығыздығының көрсеткіштеріне баға беру;

6.2.7.3 дүниежүзіндегі халық тығыздығының жоғары және төмен аймақтарын анықтап, себептерін түсіндіру

3. Заттар және материалдар

3.1 Заттардың құрылысы мен қасиеттері

5.3.1.1 бөлшектердің сұйық және газдарға таралуын түсіндіру;

5.3.1.2 заттардың қатты, сұйық және газ күйіндегі құрылымын бөлшектер теориясына сәйкес түсіндіру;

5.3.1.3 заттардың қасиеттерін: тығыздығын, аққыштығын, жылу және электрөткізгіштігін, созылмалығын, иілімділігін сипаттау;

5.3.1.4 физикалық және химиялық құбылыстарды ажырату

6.3.1.1 атомдар мен молекулаларды, жай және күрделі заттарды ажырату;

6.3.1.2 атомның негізгі бөлшектерін және олардың орналасуын сипаттау;

6.3.1.3 заттардың қасиеттерін (балқу және қайнау температураларын) сипаттау

3.2 Заттардың жіктелуі

5.3.2.1 қоспалардан таза заттарды ажырату;

5.3.2.2 қоспалардың түрлерін сипаттау және бөлу әдістерін ұсыну;

5.3.2.3 құрамы белгілі ерітінді дайындау;

5.3.2.4 еріген заттың массалық үлесін анықтау;

5.3.2.5 заттардың ерігіштігі бойынша, металдар және бейметалдарға жіктеу

6.3.2.1 заттарды органикалық және бейорганикалық заттарға жіктеу;

6.3.2.2 тірі және өлі табиғаттағы қышқылдық, сілтілік және бейтарап орталарды ажырату және әмбебап индикатор көмегімен ортаны анықтау;

6.3.2.3 бейтараптану үдерісін түсіндіру

3.3 Заттардың түзілуі және алынуы

5.3.3.1 табиғатта түзілген және жасанды жолмен алынған заттарға мысалдар келтіру;

5.3.3.2 зертханалық жағдайда заттарды бөлінуін түсіндіру

6.3.3.1 табиғи және жасанды материалдардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау;

6.3.3.2 тұрмыстық химия өнімдерін қолдану саласын және оларды қауіпсіз қолдану ережелерін түсіндіру;

6.3.3.3 Қазақстандағы пайдалы қазбалардың кен орындарын және қолдану салаларын анықтау;

6.3.3.4 Қазақстандағы пайдалы қазбаларды өндеудің ірі орталықтарын атау және көрсету;

6.3.3.5 пайдалы қазбаларды өндіру мен өңдеудің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру

4. Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер

4.1 Өлі табиғаттағы үдерістер

5.4.1.1 өлі табиғатта болатын үдерістерді атау (табиғатта заттардың айналымы, тау түзілу, үгілу, климаттық үдерістер);

5.4.1.2 өлі табиғат-тағы болып жатқан үдерістердің себеп-салдарын түсіндіру

6.4.1.1 өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістерді модельдеу (тау түзілу, үгілу, заттардың табиғаттағы айналымы);

6.4.1.2 табиғаттағы заттардың химиялық айналымын түсіндіру

4.2 Тірі табиғаттағы үдерістер

5.4.2.1 тірі ағзалардың ортақ қасиеттерін сипаттау;

5.4.2.2 тірі ағзалардың құрылымдық деңгейлерін сипаттау;

5.4.2.3 микроскоппен жұмыс істеу ережелерін қолдану;

5.4.2.4 уақытша микропрепарат дайындау;

5.4.2.5 фотосинтез үдерісін түсіндіру;

5.4.2.6 өсімдіктерде пигменттердің болуын зерттеу;

5.4.2.7 фотосинтездің жүруі үшін қажетті жағдайларды зерттеу

6.4.2.1 жасуша компоненттерін анықтау;

6.4.2.2 тірі ағзаларға тән үдерістерді түсіндіру;

6.4.2.3 ағзалардың қоректену типтерін ажырату;

6.4.2.4 толыққанды тамақтану рационын құру;

6.4.2.5 азық-түлік өнімдердегі органикалық заттардың болуын тестілеу;

6.4.2.6 ағзалардағы қоректік заттардың тасымалдануын модельдеу;

6.4.2.7 тыныс алғанда және тыныс шығарғандағы ауа құрамындағы айырмашылықты зерттеу;

6.4.2.8 ағзадағы бөлініп шығатын өнімдерді атау;

6.4.2.9 тірі ағзалардағы тітіркендіргіштерге жауап беру реакциясын зерттеу

5. Энергия және қозғалыс

5.1 Энергия түрлері мен көздері

5.5.1.1 энергия түрлерін ажырату;

5.5.1.2 температура мен жылу энергиясын ажырату;

5.5.1.3 термометрді пайдалана отырып температураны өлшеу;

5.5.1.4 ғимараттарда жылу оқшаулағышта-рын пайдаланудың практикалық әдістерін түсіндіру;

5.5.1.5 жылулық ұлғаюды сипаттау;

5.5.1.6 энергияның өзара айналымына мысалдар келтіру

6.5.1.1 энергия көздерін атау;

6.5.1.2 энергияны шығарумен және оның жұтылуымен байланысты үдерістерді атау және мысалдар келтіру;

6.5.1.3 электр энергиясының бірлігін атау;

6.5.1.4 электр энергиясының құнын есептеу;

6.5.1.5 энергияны алудың балама көздерін ұсыну

5.2 Қозғалыс

5.5.2.1 тірі және өлі табиғатта қозғалыстың маңыздылығына мысалдар келтіру және түсіндіру;

5.5.2.2 әртүрлі жануарлардың қаңқа түрлерінің ерекшелік-терін зерттеу;

5.5.2.3 денелер қозғалысының себебін анықтау

6.5.2.1 қозғалыстың салыстырмалылығына мысалдар келтіру және түсіндіру;

6.5.2.2 қатты денелер, сұйықтар мен газдардың қысымдарын айыра білу;

6.5.2.3 адам қаңқасының құрылысын сипаттау;

6.5.2.4 бұлшық еттің құрылысын сипаттау;

6.5.2.5 тірі ағзалар үшін қысымның мәніне мысалдар келтіру;

6.5.2.6 атмосфералық қысымды өлшеу және оның мәнін түсіндіру

6. Экология және тұрақты даму

6.1 Экожүйелер

5.6.1.1 экожүйенің құрамдас бөліктерін анықтау;

5.6.1.2 экожүйе түрлерін жіктеу;

5.6.1.3 экожүйеге экологиялық факторлардың ықпал етуін түсіндіру;

5.6.1.4 табиғи және жасанды экожүйелерді салыстыру

6.6.1.1 экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысын графикалық түрде көрсету және түсіндіру;

6.6.1.2 экожүйелердің ауысу себептерін түсіндіру;

6.6.1.3 экологиялық пирамидада энергия мен заттардың ауысуын түсіндіру;

6.2 Тірі ағзалардың сан алуандығы

5.6.2.1 ағзаларды тірі табиғат дүниесіне жіктеу;

5.6.2.2 біржасушалы және көпжасушалы ағзаларды сипаттау

6.6.2.1 өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау үшін ағзалардың өзіндік ерекшеліктерін қолдану;

6.6.2.2 жергілікті экожүйелердегі тірі ағзалардың алуан түрлілігін зерттеу

6.3 Табиғатты қорғау

5.6.3.1 Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелерін атау;

5.6.3.2 өз аймағының экологиялық мәселелерін зерттеу;

5.6.3.3 Қазақстан Республикасы Қызыл кітабының маңыздылығын анықтау

6.6.3.1 өз аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептерін талдау;

6.6.3.2 экологиялық мәселелерді шешу жолдарын ұсыну

7. Әлемді өзгертетін жаңалықтар

7.1

Әлемді өзгертетін жаңалықтар

5.7.1.1 әлемді өзгерткен ғылыми жаңалықтарға мысалдар келтіру

6.7.1.1 әлемді өзгерткен жаңалықтардың маңызын талқылау;

6.7.1.2 қазақстандық ғалымдардың жаратылыс-тану ғылымдарын дамытуда қосқан үлестерін талқылау

7.2

Болашақ жаңалықтары

5.7.1.2 болашақ ғылыми зерттеулер үшін идеялар ұсыну

6.7.1.3 ғылыми зерттеулер бағыттарының болашақта-ғы дамуына болжам жасау

21. Осы оқу бағдарламасы негізгі орта білім беру деңгейінің 5-6-сыныптарына арналған «Жаратылыстану» оқу пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының Ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес іске асырылады.
22. Тоқсандағы бөлімдер және бөлімдер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.»;
көрсетілген бұйрыққа 202, 203, 204, 205, 206, 207, 208, 210, 211, 212, 213, 214, 215, 216, 217, 218 қосымшалары осы бұйрыққа 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28 қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 29, 30 қосымшаларына сәйкес 218-1, 218-2 қосымшаларымен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ш.Т. Каринова) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялау үшін жолдауды;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық 5, 7-сыныптары үшін алғашқы жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап пайда болған қатынастарға қолданылады, 6, 8-сыныптары үшін 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап, 9 (10)-сыныптары үшін 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы Б. Асылова
Қосымшаларын PDF форматында қараңыз