• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 10.11.2020 г

Отправить по почте

1

«Бас бостандығы шектеулі азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 314 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 2 қарашадағы № 728 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 30 қарашада № 16033 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 10 қарашадан бастап ҚР Ішкі істер министрінің 28.10.2020 жылғы № 745 Бұйрығына сәйкес 
1. «Бас бостандығы шектеулі азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 314 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11206 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 28 шілдеде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бас бостандығы шектеулі азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (А.Х. Базылбеков) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электронды түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі, елтаңбалық мөрмен расталған көшірмесін ресми жариялау үшін жәнеҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына жолдауды;
4) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Б.Б. Бисенқұловқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (А.Х. Базылбеков) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қ. Қасымов
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
  __________ Е. Біртанов
2017 жылғы 14 қараша
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
  __________ Т. Дүйсенова
2017 жылғы 6 қараша
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
  __________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 17 қараша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 2 қарашадағы
№ 728 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 7 сәуірдегі
№ 314 бұйрығымен
бекітілген
Бас бостандығы шектеулі азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидалары
1. Осы Бас бостандығы шектеулі азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 88-бабының төртінші тармағына сәйкес әзірленді және бас бостандығы шектеулі, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан, арнайы мекемелерге орналастырылған азаматтарға медициналық көмек көрсету тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы мекемелер - тергеу изоляторы (бұдан әрі - ТИ), уақытша ұстау изоляторы (бұдан әрі - УҰИ), қабылдау-тарату орны (бұдан әрі - ҚТО), арнаулы қабылдау орны (бұдан әрі - АҚО);
2) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесі (бұдан әрі – мекеме) – бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларды орындауға, сондай-ақ өлім жазасына сотталғандарды ұстауға арналған мемлекеттік мекеме;
3) дәрігерлік-консультативтік комиссия (бұдан әрі - ДКК) – меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан медициналық ұйымда құрылатын комиссия;
4) денсаулық сақтау ұйымының дәрiлiк формуляры - қазақстандық ұлттық дәрілік формулярдың негізінде қалыптастырылған және уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен денсаулық сақтау ұйымының басшысы бекіткен, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттардың тізбесі;
5) жеке медициналық кітапша (бұдан әрі - медициналық кітапша)- жұмысқа жіберу туралы белгі қоя отырып, міндетті медициналық қарап-тексерудің нәтижелері енгізілетін жеке құжат;
6) мәжбүрлеп емдеу - сот шешімі негізінде жүзеге асырылатын науқасты емдеу.
2-тарау. Бас бостандығы шектеулі азаматтарға медициналық көмек көрсету тәртібі
3. УҰИ, белгілі бір тұрғылықты жері мен құжаттары жоқ адамдарға арналған ҚТО, әкімшілік қамауға алынған адамдарға арналған АҚО медицина қызметкерлері оларда ұсталатын адамдарға медициналық көмекті, арнайы мекемелерде санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жүзеге асырады.
Шұғыл медициналық көмекке, сондай-ақ онкологиялық, венерологиялық аурулар, АИТВ-инфекциясы, туберкулез, қант диабеті мен үздіксіз бақылау және емдеу көрсетілетін басқа да аурулар бойынша амбулаторлық немесе стационарлық тексеруге және емдеуге мұқтаж адамдар Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесінің тиісті медициналық ұйымдарында (бұдан әрі - медициналық ұйымдар) қажетті мамандандырылған медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі.
Гаупвахталарда ұсталатын әскери қызметшілерге медициналық көмек «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының жалпы әскери жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызметінің жарғысында көзделген тәртіппен көрсетіледі.
4. Медициналық көмек көрсету кезінде арнайы мекемелердің медицина қызметкерлері Кодексті, сондай-ақ осы Қағидаларды басшылыққа алады.
5. Арнайы мекемелердің емдеу-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық–профилактикалық жұмыс мәселелері жөніндегі қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ішкі істер органдарының (бұдан әрі - ішкі істер органдары) бірыңғай жүйесін басқаратын Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі, ішкі істер органдары департаменттерінің медициналық қызметтері (бұдан әрі - медициналық қызметтер), денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы (бұдан әрі - уәкілетті орган) және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органының ведомстволары жүзеге асырады.
6. Арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету мақсатында медицина қызметкерінің арнайы жабдықталған кабинеті (бұдан әрі - медициналық кабинет) немесе медициналық пункт жұмыс істейді.
7. Медициналық кабинет медициналық мақсаттағы бұйымдармен және медициналық техникамен, залалсыздандыру құралдарымен және жуу материалдарымен қамтамасыз етіледі.
8. Арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарды медициналық қамтамасыз ету жөніндегі мәліметтерді арнайы мекемелер медициналық қызметке ұсынады.
1) арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсетуді;
2) арнайы мекемелердің үй-жайларында эпидемияға қарсы режимнің сақталуын қамтамасыз етуді;
3) арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарды медициналық-санитариялық қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органының медициналық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады.
10. Арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету кезінде медицина қызметкерлері:
1) келіп түскен, күнделікті аралау жүргізу, медициналық көмекке жүгінген, арнайы мекемеден кеткен кезде медициналық тексеру жүргізу арқылы жұқпалы, венерологиялық, тері, психикалық, паразиттік және басқа да қауіпті ауруларды анықтауды;
3) стационарлық емге мұқтаж науқастарды ауруханаға жатқызуды;
4) дәрігер-мамандар мен консультанттардың ұсыныстары мен тағайындауларын орындауды;
5) дәрі-дәрмектік препараттарға, залалсыздандыру құралдары мен медициналық жабдықтарға қажеттілікті есептеуді, оларды сатып алу туралы тиісті өтінімдерді арнайы мекеменің басшылығына белгіленген тәртіппен ұсынуды, оларды сақтаудың, берудің және есепке алудың белгіленген тәртібін орындауды;
6) арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарды орналастыру, тамақтандыруды ұйымдастыру, монша-кір жуумен қамтамасыз ету, арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарды санитарлық өңдеу кезінде санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердің сақталуын қамтамасыз етуді;
7) жұқпалы науқастар анықталған кезде санитариялық эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз етуді;
8) залалсыздандыру іс-шараларының жүргізілуін бақылауды қамтамасыз етуді;