• Мое избранное
Сауда статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 17.02.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 2

Сауда статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2017 жылғы 10 қарашадағы № 166 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 қарашада № 16020 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 17 ақпаннан бастап ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 24.01.2020 жылғы № 9 Бұйрығына сәйкес  
Редакция 01.01.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 260) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп» (коды 171112097, индексі 1-ВТ, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп» (коды 171112097, индексі 1-ВТ, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Сауда базарлары туралы есеп» (коды 171112174, индексі 12-сауда, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Сауда базарлары туралы есеп» (коды 171112174, индексі 12-сауда, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 4-қосымшағасәйкес;
5) «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп» (коды 171101186, индексі 2-сауда, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
6) «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп» (коды 171101186, индексі 2-сауда, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;
7) «Тауар биржасының қызметі туралы есеп» (коды 171112095, индексі 1-биржа, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;
8) «Тауар биржасының қызметі туралы есеп» (коды 171112095, индексі 1-биржа, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес;
9) «Автожанармай құю, газ құю және газ толтыру станцияларының қызметі туралы есеп» (коды 171112010, индексі G-003, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес;
10) «Автожанармай құю, газ құю және газ толтыру станцияларының қызметі туралы есеп» (коды 171112010, индексі G-003, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес;
11) «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен өзара тауарлар саудасы туралы есеп» (коды 311101157, индексі 1-ТС, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес;
11-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының м.а. 19.12.2018 жылғы № 7 Бұйрығына сәйкес (10.11.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12) «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен өзара тауарлар саудасы туралы есеп» (коды 311101157, индексі 1-ТС, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес бекітілсін;
12-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының м.а. 19.12.2018 жылғы № 7 Бұйрығына сәйкес (10.11.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Мыналардың:
1) «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасы туралы есеп» (коды 1801101, индексі 1-ТС, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 278 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14602 болып тіркелген, 2017 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
2) «Ішкі сауда статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 283 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14596 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Н. Айдапкелов  
Қазақстан Республикасы Ұлттық
 экономика министрлігі Статистика
 комитеті төрағасының
 2017 жылғы 10 қарашадағы
 № 166 бұйрығына
 1-қосымша

Мемлекеттік статистика органдары құпиялылығына кепілдік береді

Конфиденциальность гарантируется органами государственной статистики


 


 

Жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны

Статистическая форма общегосударственного статистического наблюдения

Приложение 1 к приказу Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 10 ноября 2017 года № 166

Аумақтық статистика органына ұсынылады

Представляется территориальному органу статистики

Статистикалық нысанды толтыруға жұмсалған уақыт, сағатпен (қажеттiсiн қоршаңыз)

Время, затраченное на заполнение статистической формы, в часах (нужное обвести)

1 сағатқа дейiн

1-2

2-4

4-8

8-40

40 сағаттан артық

до часа

более 40 часов


 

Статистикалық нысан www.stat.gov.kz интернет-ресурсына орналастырылған

Статистическая форма размещена

на интернет-ресурсе www.stat.gov.kz

Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсыну және бастапқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбау «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 497-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар болып табылады

Представление недостоверных и непредставление первичных статистических данных в соответствующие органы государственной статистики в установленный срок являются административными правонарушениями, предусмотренными статьей 497 Кодекса Республики Казахстан «Об административных правонарушениях»

Статистикалық нысан коды 171112097 Код статистической формы 171112097

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді

өткізу туралы есеп

Отчет о реализации товаров и услуг

1-ВТ


 

Жылдық

Годовая

Есепті кезең

Отчетный период


 


 


 


 

жыл

год

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің кодтарына сәйкес экономикалық қызметтің негізгі түрлері бар: 45 - автомобильдер мен мотоциклдердің көтерме және бөлшек саудасы және оларды жөндеу; 46 - автомобильдер мен мотоциклдер саудасынан басқа, көтерме сауда; 47 - автомобильдер мен мотоциклдер саудасынан басқа, бөлшек сауда; 56 - тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтер болып табылатын заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері және дара кәсіпкерлер (іріктемеге түскен) ұсынады

Представляют юридические лица и (или) их структурные и обособленные подразделения, индивидуальные предприниматели (попавшие в выборку), с основным видом экономической деятельности согласно кодам Общего классификатора видов экономической деятельности: 45 - оптовая и розничная торговля автомобилями и мотоциклами и их ремонт; 46 - оптовая торговля, за исключением, автомобилей и мотоциклов; 47 - розничная торговля, кроме торговли автомобилями и мотоциклами; 56 - услуги по предоставлению продуктов питания и напитков

Ұсыну мерзімі - есепті кезеңнен кейінгі 15 наурызға (қоса алғанда) дейін

Срок представления - до 15 марта (включительно) после отчетного периода

БСН коды

Код БИН


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

ЖСН коды

Код ИИН


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

  1. Тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) нақты өткізу орнын көрсетіңіз (тіркелген жеріне қарамастан) - облыс, қала, аудан, елді мекен
  Укажите фактическое место реализации товаров (услуг) (независимо от места регистрации) - область, город, район, населенный пункт

 

  Əкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне (бұдан əрi - ƏАОЖ1) сəйкес аумақ коды (статистикалық нысанды қағаз жеткізгіште тапсыру кезінде статистика органының қызметкері толтырады)
  Код территории согласно Классификатору административно-территориальных объектов (далее - КАТО1) (заполняется сотрудникам органа статистики при сдаче статистической формы на бумажном носителе)

 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

  2. Бөлшек сауда
  Розничная торговля
  2.1 Өткізу арналары бойынша тауарларды бөлшек саудада сату көлемін көрсетіңіз, мың теңге
  Укажите объем розничной торговли товарами по каналам реализации, в тысячах тенге

Жол

коды

Код

строки

Өткізу арналары

Каналы реализации

Бөлшек сауда көлемі

Объем розничной торговли

оның ішінде азық-түлік тауарлары

из них продоволь-ственными товарами

А

Б

1

2

1

Барлығы

Всего


 


 

1.1

Тұрақты сауда объектілері арқылы

Через стационарные торговые объекты


 


 

1.2

Тұрақты емес сауда объектілері арқылы

Через нестационарные торговые объекты


 


 

1.3

Сауда базарлары арқылы

Через торговые рынки


 


 

1.4

Интернет арқылы (электронды сауда)

Через Интернет (электронная торговля)


 


 

1.5

Өзге де бөлшек сауда (тасымалдау, таратпа, желілік маркетинг және тағы басқалары)

Прочая розничная торговля (развозная, разносная, сетевой маркетинг и другие виды торговли)


 


 

1.6

Жанармай құю станциялары арқылы (АҚС2 , АГҚС3 , АГТКС4 )

Через автозаправочные станции

(АЗС2 , ГАЗС3 , АГНКС4 )


 


 

  Ескертпе:
  Примечание:
  1  ӘАОЖ - Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші
  1  КАТО - Классификатор административно-территориальных объектов
  2  АҚС- автожанармай құю станциясы
  2  АЗС- автозаправочная станция
  3  АГҚС- автогаз құю станциясы
  3  ГАЗС- автогазозаправочная станция
  4  АГТКС- автогаз толтыру компрессорлық станциясы