Toggle Dropdown
«Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы29 мамырдағы № 673 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 22 қарашадағы № 805 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 11 желтоқсанда № 16076 болып тіркелді
Toggle Dropdown
БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. «Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11369 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Toggle Dropdown
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
Toggle Dropdown
3, 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) немесе Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11369 болып тіркелген) «Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 10-1-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап (бұдан әрі – бас тарту).
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіз стандарттың 9-тармағына сәйкес өтінішті ұсыну болып табылады.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімдердің (іс-қимылы) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтінішті тіркеу нөмірін және күнін белгілей отырып 2 сағат ішінде қабылдауы (өтініш қағаз тасығышта берілген жағдайда) және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның орынбасарына қарау үшін беруі;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының өтінішті қарастыруға жауапты құрылымдық бөлімшені 2 сағат ішінде айқындауы;
Toggle Dropdown
3) құрылымдық бөлімшенің басшысының өтінішті қарастыруға көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысын (бұдан әрі – жауапты орындаушы) 2 сағат ішінде айқындауы;
Toggle Dropdown
4) жауапты орындаушының өтінішті белгіленген талаптарға сәйкестігін 2 сағат ішінде қарауы;
Toggle Dropdown
5) белгіленген талаптарға сәйкессіздіктер болған жағдайда 1 жұмыс күні ішінде бас тартуды беруді қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
6) бас тартуға негіздер болмаған жағдайда жауапты орындаушы куәлікті 4 жұмыс күні ішінде беруді қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:
Toggle Dropdown
1) куәлікті не бас тартуды ресімдеу және құрылымдық бөлімше басшысымен келісу;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының куәлікке немесе бас тартуға қол қоюы;
Toggle Dropdown
3) қол қойылған куәлікті немесе бас тартуды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне беру.»;
Toggle Dropdown
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«8. Әрбір рәсімді (іс-қимылды) орындау ұзақтығын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсетумен құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігін сипаттау:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар келіп түскен сәттен бастап 2 сағат ішінде электрондық өтінімді және (немесе) өтінішті тіркейді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның орынбасарына қарау үшін береді;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оның орынбасары көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтінімін және (немесе) өтінішін 2 сағат ішінде қарайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына береді;
Toggle Dropdown
3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтінімін және (немесе) өтінішін 2 сағат ішінде қарайды және оларды жауапты орындаушыға береді;
Toggle Dropdown
4) жауапты орындаушы 2 сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтінімін және (немесе) өтінішін қарайды, олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді;
Toggle Dropdown
5) белгіленген талаптарға сәйкессіздіктер болған жағдайда 2 сағат ішінде бас тартуды ресімдейді және оны қол қоюға көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның орынбасарына жолдайды;
Toggle Dropdown
6) бас тартуға негіздер болмаған жағдайда 3 жұмыс күні ішінде куәлікті ресімдейді және оны қол қоюға көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына жолдайды;
Toggle Dropdown
7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның орынбасары 2 сағат ішінде куәлікті немесе бас тартуға қол қояды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;
Toggle Dropdown
8) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 4 сағат ішінде куәлікті немесе бас тартуды курьер арқылы Мемлекеттік корпорацияға жібереді.»;
Toggle Dropdown
2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Toggle Dropdown
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу және шағын көлемді кеменің ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
Toggle Dropdown
3, 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік), шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасы (бұдан әрі – куәліктің телнұсқасы) немесе Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11369 болып тіркелген) «Шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу және шағын көлемді кеменің ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 10-1-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап (бұдан әрі – бас тарту).
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіз стандарттың 9-тармағына сәйкес өтінішті ұсыну болып табылады.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімдердің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері (өтініш қағаз тасығышта берілген жағдайда) өтінішті тіркеу нөмірі мен күнін белгілей отырып 2 сағат ішінде қабылдауы және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның орынбасарына қарау үшін беруі;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығының 2 сағат ішінде өтінішті қарауға жауапты құрылымдық бөлімшені айқындауы;
Toggle Dropdown
3) құрылымдық бөлімше басшысының 2 сағат ішінде құрылымдық бөлімшенің өтінішке жауапты орындаушысын (бұдан әрі – жауапты орындаушы) айқындауы;
Toggle Dropdown
4) жауапты орындаушының 2 сағат ішінде өтінішті белгіленген талаптарға сәйкестігін қарауы;
Toggle Dropdown
5) белгіленген талаптарға сәйкессіздіктер болған жағдайда 1 жұмыс күні ішінде бас тартуды беруді қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
6) бас тартуға негіздер болмаған жағдайда жауапты орындаушы:
Toggle Dropdown
6 жұмыс күні ішінде куәлік беруді;
Toggle Dropdown
1 жұмыс күні ішінде куәліктің телнұсқасын беруді қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:
Toggle Dropdown
1) куәлікті немесе куәліктің телнұсқасын не бас тартуды ресімдеу;
Toggle Dropdown
2) куәлікті немесе куәліктің телнұсқасын не бас тартуды құрылымдық бөлімшенің басшысымен келісу;
Toggle Dropdown
3) куәлікке немесе куәліктің телнұсқасына не бас тартуға көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қоюы;
Toggle Dropdown
4) қол қойылған куәлікті немесе куәліктің телнұсқасын не бас тартуды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне беру;
Toggle Dropdown
5) куәлікті немесе куәліктің телнұсқасын не бас тартуды курьер арқылы Мемлекеттік корпорацияға беру.»;
Toggle Dropdown
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«8. Әрбір рәсімді (іс-қимылды) орындау ұзақтығын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсетумен құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігін сипаттау: