• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияның құрамын және ережесін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 29.09.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияның құрамын және ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 6 қазандағы № 411 бұйрығы

Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 29.09.2020 жылғы № 298 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу қағидаларының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген:
  • 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияның құрамы.
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия құрамын және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 27 тамыздағы № 543 бұйрығының;
2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия құрамын және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 27 тамыздағы № 543 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 6 қыркүйектегі № 10-2/408 бұйрығының;
3) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия құрамын және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 27 тамыздағы № 543 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 6 қыркүйектегі № 384 бұйрығының күші жойылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Қ. Айтуғанов
  • 1
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушысының
2017 жылғы 6 қазандағы
№ 411 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия құрамы

Ерлан Нұралыұлы

Нысанбаев

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі, комиссия төрағасы;

 

Азамат Қараманұлы

Хамиев

Инвестициялық саясат департаменті директорының міндетін атқарушы, комиссия төрағасының орынбасары;

 

Ерлан Теміржанұлы

Ілиясов

Ауыл шаруашылығы кооперациясы департаменті Микрокредиттің берілуін мониторингтеу басқармасының басшысы, комиссия мүшесі;

 

Нұрбала Әбдіманапқызы

Аймаханова

Қайта өңдеу және ауыл шаруашылығы өнімі нарықтары департаменті Мал шаруашылығы өнімін қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі басқармасының басшысы, комиссия мүшесі;

 

Алмат Шәмілұлы

Қонақов

Егіншілік департаменті Өсімдік шаруашылығын дамыту стратегиясы басқармасының басшысы, комиссия мүшесі;

 

Гүлмира Сағынбайқызы

Имашева

Су ресурстары комитеті Су ресурстарын пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, комиссия мүшесі;

 

Бақытжан Ертемірұлы

Момбеков

Мал шаруашылығы департаменті Асыл тұқымды мал шаруашылығы басқармасының бас сарапшысы, комиссия мүшесі;

 

Салтанат Ерғалиқызы

Ибраимова

Ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті Ветеринариялық қауіпсіздік басқармасының бас сарапшысы, комиссия мүшесі;

 

Нұрлан Бақыткерейұлы

Құланбаев

Құқықтық қамтамасыз ету департаменті Заңнама басқармасының бас сарапшысы, комиссия мүшесі;

 

Аққожа Талғатұлы

Құсанов

Ғылыми-технологиялық және техникалық саясат департаменті Техникалық саясат басқармасының бас сарапшысы, комиссия мүшесі;

 

Жанар Мәлібекқызы

Санаубаева

Жер ресурстарын басқару комитеті Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, комиссия мүшесі;

 

Берік Жолдасбекұлы

Мақсұтов

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасының бас сарапшысы, комиссия мүшесі;

 

Қымбат Өтешқызы

Нұрбекова

Инвестициялық саясат департаменті Кредиттік-инвестициялық саясат басқармасының бас сарапшысы, комиссияның хатшысы.

  • 2
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушысының
2017 жылғы 6 қазандағы
№ 411 бұйрығына 2-қосымша
 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ереже
1. Осы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес әзірленді.
2. Ереже нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, заң жобаларының тұжырымдамаларына, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға сараптама жүргізуге қатысуға ниетті жеке кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын, әзірлеушісі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) болып табылатын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін аккредиттеу жөніндегі комиссияны құру тәртібін және қызметін айқындайды.
3. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін (бұдан әрі - бірлестіктер) аккредиттеу жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің Министрліктің кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестерде бірлестіктердің мүдделерін білдіруге белгіленген өлшемшарттарға сәйкестігін Министрлікте тануы болып табылады.
4. Комиссия Министрлік жанынан құрылған бірлестіктерді аккредиттеу жүргізу мақсатында құрылған тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.
5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі жетекшілік ететін комиссия құрамына Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері кіреді.
6. Комиссияның жұмыс органының функциясы Инвестициялық саясат департаментіне жүктеледі.
7. Егер, аккредиттеуге бір өңірді, бір саланы білдіретін екі және одан да көп бірлестіктер үміткер болған жағдайда, онда осы бірлестіктің мүшелері болып табылатын ұйымдардағы (жеке кәсіпкерлік субъектілеріндегі) қызметкерлердің жиынтығында ауқымды саны бар бірлестік аккредиттеуге жатады.
8. Егер аккредиттеуге бір әкімшілік-аумақтық бірлестікті, қызметтің бір саласын білдіретін екі немесе одан да көп коммерциялық емес ұйым үміткер болған жағдайда, онда жиынтығында осы коммерциялық емес ұйымның мүшелері болып табылатын жеке кәсіпкерлік субъектілеріндегі жұмыскерлердің саны көп коммерциялық емес ұйым аккредиттеуге жатады.
Аккредиттеу жүргізудің тәртібі
9. Аккредиттеу алу үшін өтініш беруші мемлекеттік органға мынадай құжаттарды:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтінішті;
2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және бірлестікті заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
3) бірлестік мүшелерінің тізімін ұсынады.
10. Аккредиттеуді жүргізу тәртібі мынадай кезеңдерді:
1) мемлекеттік органның аккредиттеуді жүргізуге өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыруды интернет-ресурста және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыруын;
2) бірлестіктердің өтініштерді және 7-тармақта көзделген құжаттар пакетін беруін;
3) комиссияның аккредиттеу материалдарын қарауын;
4) мемлекеттік органның аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдауын;
5) аккредиттеу туралы куәлікті немесе негіздемесімен бірге аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша хабарламаны беруді қамтиды.
Министрлікте аккредиттелуге үміткер бірлестіктер хабарландыру жарияланған күнінен бастап он жұмыс күн ішінде Қағидалардың 7-тармағында көзделген құжаттар пакетін ұсынады.
11. Бірлестіктер ұсынған материалдарды қарау ұсынымдар бойынша Министрлік аккредиттеу туралы куәлік беру немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдайтын комиссия отырысында жүзеге асырылады.
12. Құжаттарды қарау және аккредиттеу туралы куәлікті беру туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау мерзімі өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталған сәттен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
13. Егер:
1) ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 7-тармағының талаптарына сәйкес келмеген;
2) бірлестік өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асырмаған;
3) ұсынылған құжаттарда сенімсіз немесе толық емес мәліметтер болған жағдайда аккредиттеуден бас тартылуы мүмкін.
14. Аккредиттеу туралы куәлік осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш жыл мерзімге беріледі.
Министрлікте қатарынан екі реттен көп аккредиттелген бірлестіктер аккредиттеу туралы куәлікті мерзімсіз негізде алады.
15. Аккредиттеу туралы куәлік жоғалған кезде бірлестік оның телнұсқасын куәлікті берген Министрліктен тиісті өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде ала алады.
16. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын Министрлік аккредиттеуге ұсынылған құжаттарда сенімсіз немесе бұрмаланған деректер анықталған жағдайда комиссияның ұсынымы бойынша тоқтата тұрады.
17. Куәліктің қолданылуының тоқтатыла тұруына әкеп соққан бұзушылықтар жойылған кезде Министрлік комиссияның оң ұсынымы негізінде бұзушылықтар жойылған кезден бастап бес жұмыс күн ішінде оның қолданылуын жаңғыртады.
18. Аккредиттеу туралы куәлік:
1) куәліктің қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтар бір ай ішінде жойылмаған;
2) аккредиттелген бірлестік қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;
3) бірлестік куәліктің қолданылуын ерікті тоқтату туралы өтініш берген;
4) оның қолданылу мерзімі өткен;
5) Кодекстің 66-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген талап үш реттен астам бұзылған;
6) Кодекстің 65-бабы 1-тармағының ережелерін ескере отырып, мемлекеттік органдар белгілеген нормативтік құқықтық актілерді қарау мерзімі бұзылған жағдайда қолданылуын тоқтатады.
19. Комиссия аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтату мәселелерін он жұмыс күні ішінде қарайды.
20. Министрлік бірлестікті аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы бес жұмыс күні ішінде (Министрлік бұзушылықтарды тапқан сәттен бастап) хабардар етеді.
Ескертпе:
* - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.