«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2018 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 858 Қаулысы
Редакция 25.08.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 11.08.2018 жылғы № 501 Қаулысына сәйкес (21.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) 2 185 адамнан тұратын оралмандарды қабылдаудың 2018 жылға арналған өңірлік квотасы;
2) 7 119 адамнан тұратын қоныс аударушыларды қабылдаудың 2018 жылға арналған өңірлік квотасы белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2018 жылғы 1 тамызға және 2019 жылғы 1 ақпанға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы қаулының орындалуы туралы есеп берсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |