Toggle Dropdown
5
Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2017 жылғы 25 қазандағы № 360 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 6 желтоқсанда № 16057 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 03.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 17-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары (бұдан әрі – Үлгілік біліктілік сипаттамалары) бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Мыналардың:
Toggle Dropdown
1) «Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 2 ақпандағы № 31-ө-м бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7442 болып тіркелген, 2012 жылғы 28 маусымда № 94 (2276) «Заң газетінде» жарияланған);
Toggle Dropdown
2) «Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 2 ақпандағы № 31-ө-м бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 238 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9982 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Toggle Dropdown
1
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
Toggle Dropdown
1
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Toggle Dropdown
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
Toggle Dropdown
5. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Үлгілік біліктілік сипаттамаларының 2-тарауының 6-параграфын, 3-тарауының 1-параграфын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы С. Жақыпова
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрi
Е. Біртанов__________________
2017 жылғы 10 қараша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі міндетін
атқарушының
2017 жылғы 25 қазандағы
№ 360 бұйрығымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары
Toggle Dropdown
1-тарау. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары-
Toggle Dropdown
1-параграф. Әлеуметтік қорғау ұйымы құрылымдық бөлімшесінің (бөлімінің, секторының, тобының) бастығы
Toggle Dropdown
1. Лауазымдық міндеттері:
Toggle Dropdown
құрылымдық бөлімшенің (бұдан әрі – бөлімше) жұмысына жалпы басқаруды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
жұмыс жоспарларын даярлауды жүзеге асырады, бөлімше қызметкерлері қызметінің нақты бағыттарын айқындайды;
Toggle Dropdown
әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтардың деректер банкін қалыптастырады және жүргізеді;
Toggle Dropdown
қызметтер кешенін көрсету жөнінде қажетті құжаттаманы әзірлейді;
Toggle Dropdown
көрсетілетін әлеуметтік қызметтер сапасының нәтижелерін және олардың әлеуметтік қызметке мұқтаж азаматтардың (бұдан әрі – контингент) сұранысына сәйкестігін талдайды;
Toggle Dropdown
контингенттің жеке қажеттіліктерін ескере отырып, ұйымдармен қызметтер, оның ішінде медициналық, педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер көрсету жөнінде өзара іс-әрекет етуді жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
контингенттің өтініштері мен ұсыныстарын қарайды және олар бойынша шаралар қабылдайды;
Toggle Dropdown
арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету нысандары мен әдістерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Toggle Dropdown
бөлімше қызметінің тиімділігін жақсарту бойынша жұмысқа талдау жүргізеді және шаралар қабылдайды;
Toggle Dropdown
оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеуге қатысады;
Toggle Dropdown
әлеуметтік жұмыс мәселелері жөнінде алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибені зерделейді және қолданады;
Toggle Dropdown
ұйымдармен өзара байланыс және олармен тиімді ынтымақтастық бойынша жұмысты жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
бөлімше жұмысында жаңаша технологияны қолданады;
Toggle Dropdown
қажетті есеп беруді және статистикалық мәліметтердің дәйектілігін қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі қағидаларының және санитариялық-гигиеналық нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
2. Мыналарды білуге тиіс:
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Конституциясын (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының Конституциясы);
Toggle Dropdown
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (бұдан әрі – Неке және отбасы туралы кодекс);
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін (бұдан әрі – Еңбек кодексі);
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексін (бұдан әрі – Әлеуметтік кодексі);
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Тіл туралы заң);
Toggle Dropdown
«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы заң);
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Баланың құқықтары туралы заң);
Toggle Dropdown
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң);
Toggle Dropdown
балаларға, мүгедектігі бар балаларға, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету ұйымының бейінін, мамандануы мен ерекшеліктерін;
Toggle Dropdown
социология, психопатология негіздерін, балаларға, зейнет жасындағы адамдарға және мүгедектігі бар адамдарға көмектің психологиялық-әлеуметтік аспектілерін;
Toggle Dropdown
психопрофилактика негіздерін;
Toggle Dropdown
әлеуметтік қызмет көрсету жөнінде алдыңғы отандық және шетелдік тәжірибені;
Toggle Dropdown
түрлі әлеуметтік ортадағы жұмыс ерекшеліктерін;