Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу қағидаларының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия құрамын және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 27 тамыздағы № 543 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 6 қыркүйектегі № 384 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 06.10.2017 жылғы № 411 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу қағидаларының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия кұрамын және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 27 тамыздағы № 543 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу қағидаларының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия құрамы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ереже осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Беделбайұлы Көшербаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 6 қыркүйектегі № 384 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 27 тамыздағы № 543 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия құрамы
Ермек Беделбайұлы Көшербаев |
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі, комиссия төрағасы;
|
Азат Сиражиддинұлы Сұлтанов |
Тамақ кауіпсіздігі департаменті директорының орынбасары - Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті директорының м.а., комиссия төрағасының орынбасары;
|
Нұрболат Абылайханұлы Мақашев |
Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті Стратегия және талдау басқармасының басшысы, комиссия мүшесі;
|
Айнур Ғабдыжәлилқызы Қалдыбекова |
Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, комиссия мүшесі;
|
Салтанат Ерғалиқызы Ибраимова |
Тамақ кауіпсіздігі департаменті Ветеринарлық қауіпсіздік басқармасының бас сарапшысы, комиссия мүшесі;
|
Қуат Хазизұлы Чумакаев |
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы басқармасының бас сарапшысы, комиссия мүшесі;
|
Арсен Арманұлы Жақанбаев |
Су ресурстары комитеті Топтық су құбырларын дамыту басқармасының бас сарапшысы, комиссия мүшесі;
|
Айбек Бағланбекұлы Өсербаев |
Жер ресурстарын басқару комитеті Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, комиссия мүшесі;
|
Ербол Қайратұлы Садуақас |
Құқықтық қамтамасыз ету департаменті Құқықтық қамтамасыз ету, шарт және қуыным жұмысы басқармасының сарапшысы;
|
Еркін Бектұрғанұлы Қаншымбеков |
Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті инвестициялар басқармасының сарапшысы, комиссияның хатшысы. |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 6 қыркүйектегі № 384 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 27 тамыздағы № 543 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ереже
1. Осы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ережесі 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес әзірленді, Министрлік жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптамалық кеңестің қызметі шеңберінде жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларына сараптама жүргізуге қатысу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) құрылымы мен қызметі тәртібін айқындайды.
2. Аккредиттеуге жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық бірлестіктері, республикалық салааралық, салалық бірлестіктер, сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық бірлестіктері қатысады.
3. Егер аккредиттеуге бір өңірді, бір саланы білдіретін екі және одан көп бірлестік үміткер болған жағдайда, онда жиынтығында осы бірлестіктің мүшелері болып табылатын жеке кәсіпкерлік субъектілеріндегі жұмыскерлердің саны көп бірлестік аккредиттеуге жатады.
Егер аккредиттеуге бір әкімшілік-аумақтық бірлікті, қызметтің бір саласын білдіретін екі немесе одан да көп коммерциялық емес ұйым үміткер болған жағдайда, онда жиынтығында осы коммерциялық емес ұйымның мүшелері болып табылатын жеке кәсіпкерлік субъектілеріндегі жұмыскерлердің саны көп коммерциялық емес ұйым аккредиттеуге жатады.
4. Министрлік аккредиттеуді жүзеге асырудың мерзімдері мен шарттары туралы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі хабарландыру жарияланғаннан кейін, жыл сайын аккредиттеуді жүзеге асырады.
5. Комиссия Министрлік жанынан құрылған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу мақсатында құрылған тұрақты жұмыс істейтін кеңесші-консультативтік орган болып табылады.
6. Жетекшілік етуші Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі басқаратын комиссия кұрамына Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері кіреді.
7. Комиссияның жұмыс органының функциясы Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаментіне жүктеледі.
8. Аккредиттеуді жүргізу тәртібі мынадай кезеңдерді қамтиды;
1) Комиссияның аккредиттеу материалдарын қарауы;
2) Министрліктің аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдауы;
3) аккредиттеу туралы куәлікті немесе негіздеумен аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша хабарламаны беру.
9. Комиссия отырыстары қажеттігіне қарай өткізіледі және онда Комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болып саналады.
10. Құжаттарды қарау комиссияның отырыстарында жүзеге асырылады. Комиссия мыналарға:
1) бірлестікті аккредиттеуді;
2) бірлестікті аккредиттеуден бас тартуды;
3) аккредиттеу туралы куәліктің күшін тоқтата тұруды, жаңғыртуды және (немесе) тоқтатуды ұсынады.
11. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Комиссия мүшелері жалпы санының көпшілігі дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссия шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
12. Министрлік комиссияның ұсынымы негізінде аккредиттеу туралы куәлікті беру туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді қабылдайды.
13. Құжаттарды қарау және аккредиттеу туралы куәлікті беру туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау мерзімі өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталған сәттен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
14. Егер:
1) ұсынылған құжаттар Қағидалардың 7-тармағының талаптарына сәйкес келмеген;
2) бірлестік өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асырмаған;
3) ұсынылған құжаттарда сенімсіз немесе толық емес мәліметтер болған жағдайда аккредиттеуден бас тартылуы мүмкін.
15. Аккредиттеу туралы куәлік Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш жыл мерзімге беріледі.
Министрлікте қатарынан екі реттен көп аккредиттелген бірлестіктер аккредиттеу туралы куәлікті мерзімсіз негізде алады.
16. Аккредиттеу туралы куәлік жоғалған кезде бірлестік оның телнұсқасын куәлікті берген Министрлік тиісті өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде ала алады.
17. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын Министрлік аккредиттеуге ұсынылған құжаттарда сенімсіз немесе бұрмаланған деректер анықталған жағдайда комиссияның ұсынымы бойынша тоқтата тұрады.
18. Куәліктің қолданыс тоқтатыла тұруына әкеп соққан бұзушылықтар жойылған кезде Министрлік комиссияның оң ұсынымы негізінде бұзушылықтар жойылған кезден бастап бес жұмыс күн ішінде оның қолданылуын жаңғыртады.
19. Аккредиттеу туралы куәлік:
1) куәліктің қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтар бір ай ішінде жойылмаған;
2) аккредиттелген бірлестік қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;
3) бірлестік куәліктің қолданылуын ерікті тоқтату туралы өтініш берген;
4) оның қолданылу мерзімі өткен;
5) Кодекстің 66-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген талап үш реттен астам бұзылған;
6) Кодекстің 65-бабы 1-тармағының ережелерін ескере отырып, мемлекеттік органдар белгілеген нормативтік құқықтық актілер жобасын қарау мерзімі бұзылған жағдайда қолданылуын тоқтатады.
20. Комиссия аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтату мәселелерін он жұмыс күні ішінде қарайды.
21. Министрлік бірлестікті аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата түру немесе тоқтату туралы бес жұмыс күні ішінде (Министрлік бұзушылықтарды тапқан сәттен бастап) хабардар етеді.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |