• Мое избранное
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (САЛЫҚ КОДЕКСІ)

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 758

САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕРТУРАЛЫ(САЛЫҚ КОДЕКСІ) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI Кодексі

Құжат мәтініндегі «төлем қабілетсіздігін реттеу» сөздері «берешекті қайта құрылымдау» сөздермен ауыстырылды ҚР 27.12.2019 жылғы № 290-VІ Заңына сәйкес (26.12.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Құжат мәтініндегі «мүгедектерді», «мүгедектердің», «мүгедектерге», «мүгедек», «мүгедек баланы», «мүгедектерінің», «мүгедектер», «мүгедекке», «мүгедек бала», «мүгедек баланың», «мүгедектің» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адамдарды», «мүгедектігі бар адамдардың», «мүгедектігі бар адамдарға», «мүгедектігі бар адам», «мүгедектігі бар баланы», «мүгедектігі бар адамдардың», «мүгедектігі бар адамдар», «мүгедектігі бар адамға», «мүгедектігі бар бала», «мүгедектігі бар баланың», «мүгедектігі бар адамның» деген сөздермен,
«I, II топтағы», «I немесе II топтағы», «I, II немесе III топтардағы» деген сөздер тиісінше «бірінші, екінші топтардағы», «бірінші немесе екінші топтағы», «бірінші, екінші немесе үшінші топтардағы» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 11.07.2022 № 135-VII Заңына сәйкес (өзгерту 01.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға 01.01.2025 жылдан бастап өзгеріс енгізу көзделген ҚР 24.06.2021 жылғы № 53-VII Заңына сәйкес
Осы Заңға ядролық қауіпсіздік аймағының құрылуы мен жұмыс істеуін реттейтін заңнамалық акт қолданысқа енгізілген күннен кейін өзгерістер енгізу көзделген ҚР 20.12.2021 жылғы № 85-VII Заңына сәйкес
Құжат мәтініндегі «зейнетақымен қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру», «зейнетақымен қамсыздандыру туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы», «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында», «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы» және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында», «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына», «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында», «Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына», «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына», «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына», «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздер тиісінше «әлеуметтік қорғау,», «әлеуметтік қорғау туралы», «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына», «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында», «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына», «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне», «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 12.12.2023 жылғы № 45-VIII Заңына сәйкес (12.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 24.06.2021 жылғы № 53-VII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 12.12.2023 жылғы № 45-VІIІ Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2025 ж., 01.01.2030 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 01.07.2024 жылғы № 105-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2025 ж., 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 09.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
  • 3
Осы Кодекс салық салудың негіз құраушы қағидаттарын белгілейді, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу, өзгерту, олардың күшін жою, есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ салықтық міндеттемені орындауға байланысты қатынастарды реттейді.
  • 1
1. ЖАЛПЫ БӨЛІК
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
  • 10
1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Салық салу мақсаттары үшін осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар:  
1) ақпаратты өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтер – ақпаратты жинау мен қорытуды, ақпараттық массивтерді (деректерді) жүйеге келтіруді жүзеге асыру және осы ақпаратты өңдеу нәтижелерін пайдаланушының билік етуіне беру бойынша көрсетілетін қызметтер;
2) арнаулы салық режимі – салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлерін есептеу мен төлеудің, сондай-ақ салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін олар бойынша салықтық есептілікті ұсынудың ерекше тәртібі;
  • 1
2-1) «Астана» халықаралық қаржы орталығы органының ұйымы – «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген, қатысу үлесінің (дауыс беретін акцияларының) 50 және одан да көп пайызы «Астана» халықаралық қаржы орталығының органына тікелей немесе жанама тиесілі болатын заңды тұлға.
1-тармақ 1-тармақшамен толықтырылды ҚР 10.12.2020 жылғы № 382-VI Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
Жанама иелену «Астана» халықаралық қаржы орталығының органына тікелей тиесілі басқа заңды тұлға арқылы «Астана» халықаралық қаржы орталығы органының иеленуін білдіреді;
  • 1
3) әлеуметтік төлемдер – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар;
3-тармақша 01.01.2023 жылға дейін тоқтатыла тұрды, тоқтатылған кезде ҚР 25.12.2017 жылғы № 121-VІ Заңының 3-бабының редакциясында әрекет етті
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.12.2023 жылғы № 45-VIII Заңына сәйкес (12.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) бағалы қағаздар – акциялар, борыштық бағалы қағаздар, депозитарлық қолхаттар, пайлық инвестициялық қорлардың пайлары, исламдық бағалы қағаздар;
5) бересі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалу кезеңінде шағым жасалатын бөлігінде тексеру нәтижелері туралы хабарламада, деңгейлес мониторинг нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген сомаларды қоспағанда, салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдердің есептелген, есепке жазылған және мерзімінде төленбеген сомалары;
5-тармақша өзгертілді ҚР 10.12.2020 жылғы № 382-VI Заңымен (02.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) борыштық бағалы қағаздар – мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, облигациялар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес борыштық бағалы қағаздар деп танылған басқа да бағалы қағаздар;
7) борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконт(бұданәрі – дисконт) – борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құны мен бастапқы орналастырылу (купон есепке алынбаған) құны немесе сатып алыну (купон есепке алынбаған) құны арасындағы айырма;
8) борыштық бағалы қағаздар бойынша купон (бұданәрі – купон) – шығарылым шарттарына сәйкес эмитент борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құнының үстінен төлейтін (төленуге жататын) сома;
9) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы – шығарылым шарттары бойынша купон төлеу көзделетін борыштық бағалы қағаздардың бастапқы орналастырылу (купон есепке алынбаған) құны немесе сатып алыну (купон есепке алынбаған) құны мен номиналдық құны арасындағы айырма;
10) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (бұдан әрі – бюджетке төленетін төлемдер) – осы Кодексте белгіленген мөлшерлерде және жағдайларда жүргізілетін кедендік төлемдерді қоспағанда, бюджетке төлемақылар, алымдар, баждар түріндегі міндетті ақша аударымдары;
11) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп айқындаған тәртіппен айқындалған, теңгенің шетел валютасына бағамы;
12) веб-қосымша – салық төлеушінің электрондық салықтық көрсетілетін қызметтерді алуына және оның салықтық міндеттемелерді орындауына арналған, уәкілетті органның дербестендірілген және санкцияланбаған қолжетімділіктен қорғалған интернет-ресурсы;
  • 2
13) грант – белгілі бір мақсаттарға (міндеттерге) қол жеткізу үшін өтеусіз негізде:
мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері – Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, жеке, сондай-ақ заңды тұлғаларға;
қызметі қайырымдылық және (немесе) халықаралық сипатқа ие және Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтін, мемлекеттік органдардың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбеге енгізілген халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар – Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, жеке, сондай-ақ заңды тұлғаларға;
шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар – Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасының Үкіметіне беретін мүлік;
14) гуманитарлық көмек – халықтың өмірі мен тұрмыс жағдайларын жақсарту, сондай-ақ соғыс, экологиялық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшін шет елдерден және халықаралық ұйымдардан жіберілген азық-түлік, халық тұтынатын тауарлар, техника, құрал-жарақтар, жабдықтар, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар, өзге де мүлік түрінде Қазақстан Республикасына өтеусіз берілетін, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті ұйымдар арқылы бөлетін мүлік;
14-тармақша өзгретілді ҚР 28.12.2018 жылғы № 211-VІ Заңымен (26.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 19.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15) демеушілік көмек – осы көмекті көрсететін тұлға туралы ақпаратты тарату мақсатында өтеусіз негізде:
жарыстарға, конкурстарға, көрмелерге, байқауларға қатысу және шығармашылық, ғылыми, ғылыми-техникалық, өнертапқыштық қызметті дамыту, білім мен спорт шеберлігі деңгейін арттыру үшін жеке тұлғаларға қаржылық (әлеуметтіктен басқа) қолдау түрінде;
өздерінің жарғылық мақсаттарын іске асыру үшін коммерциялық емес ұйымдарға берілетін мүлік;
  • 1
16) дивидендтер – бұл:
акциялар бойынша, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын таза кіріс немесе оның бір бөлігі түріндегі кіріс;
қордың басқарушы компаниясы пайларды сатып алған кезде олар бойынша кірісті қоспағанда, пайлық инвестициялық қордың пайлары бойынша төленуге жататын кіріс;
заңды тұлға өз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза кіріс немесе оның бір бөлігі түріндегі кіріс;
заңды тұлғаны тарату немесе жарғылық капиталды азайту кезiнде, сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтайшыдан, қатысушыдан осы заңды тұлғадағы қатысу үлесін немесе оның бір бөлігін сатып алуы, эмитент-заңды тұлғаның акционерден осы эмитент шығарған акцияларды сатып алуы кезінде мүлікті бөлуден түсетін кіріс;
исламдық қатысу сертификаттары бойынша төленуге жататын кіріс;
акционер, қатысушы, құрылтайшы немесе олардың өзара байланысты тарапы заңды тұлғадан:
тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтық бағасы мен осындай тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің акционерге, қатысушыға, құрылтайшыға немесе олардың өзара байланысты тарапына өткізілген бағасы арасындағы оң айырма;
тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтық бағасы мен осындай тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің акционерден, қатысушыдан, құрылтайшыдан немесе олардың өзара байланысты тарапынан сатып алынған бағасы арасындағы теріс айырма;
заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметіне байланысты емес, оның акционерінде, қатысушысында, құрылтайшысында немесе олардың өзара байланысты тарапында үшінші тұлға алдында туындайтын шығыстардың немесе міндеттемелердің заңды тұлғаға акционері, құрылтайшысы, қатысушысы немесе олардың өзара байланысты тарапы өтемей, заңды тұлға өтейтін құны;
осы Кодекстің 322324-баптарында көрсетілген кірістерді және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін кірістерді қоспағанда, заңды тұлға өзінің акционеріне, қатысушысына, құрылтайшысына немесе олардың өзара байланысты тарапына беретін кез келген мүлік пен материалдық пайда түрінде алатын кіріс.
Осы тармақшада көрсетілген мүлікті бөлуден түсетін кіріс мынадай тәртіппен айқындалады:
К = Қа – Қк,
мұнда:
К – мүлікті бөлуден түсетін кіріс;
Қа – мүлікті бөлу кезінде акционер, қатысушы, құрылтайшы алатын (алған), оның ішінде бұрын енгізілгеннің орнына алатын (алған) мүліктің қайта бағалау мен құнсыздануын есепке алмағанда, беретін тұлғаның бухгалтерлік есебінде көрсетілуге жататын (көрсетілген) беру күнгі баланстық құны;
Қк:
төленген жарғылық капиталдың мүлікті бөлу жүзеге асырылатын акциялар санына тиесілі мөлшері;  
пайдасына мүлікті бөлу жүзеге асырылатын қатысушыда төленген жарғылық капиталдың мүлікті бөлу жүзеге асырылатын қатысу үлесіне тура келетін, бірақ осындай қатысу үлесінің осы Кодекстің 228-бабының 7-тармағында көзделген тәртіппен айқындалатын бастапқы құнынан аспайтын мөлшері.
Екінші бөлігінің сегізінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР 10.12.2020 жылғы № 382-VI Заңына сәйкес (02.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы тармақшада көрсетілген оң немесе теріс айырма салық салу объектілерін түзету кезінде айқындалады. Бұл ретте салық салу объектілерін түзету Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүргізіледі. Осы тармақшаның мақсаттары үшін өзара байланысты тараптар осы баптың2-тармағына сәйкес айқындалады;