Toggle Dropdown
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VІ
Редакция 12.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі):
1) 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 24-баптың бірінші бөлігі 15) тармақшасы бірінші бөлігінің төртінші абзацын;
2) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін мазмұнындағы 131, 133-баптардың, 16-тараудың, 150 және 433-баптардың тақырыптарын, 19-баптың 2-тармағы 4) тармақшасының екінші бөлігін, 22-баптың 9 және 10-тармақтарын, 48-баптың 9-тармағының 6) тармақшасын, 67-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасын, 82-баптың 2-тармағының үшінші бөлігін, 83-баптың 1-тармағының екінші бөлігін, 97-баптың 5-тармағының төртінші абзацын, 114-баптың 2-тармағының 14) тармақшасын, 116-баптың 2-тармағының үшінші бөлігін, 121-баптың 2-тармағын, 123-баптың 7-тармағын, 129-баптың 2-тармағының 2) тармақшасын, 131, 133-баптарды, 16-тарауды, 145-баптың 6-тармағын, 150-бапты, 152-баптың 4-тармағын, 190-баптың 2-тармағының 2) тармақшасын, 211-баптың 5-тармағы 2) тармақшасының үшінші абзацын, 433-бапты, 434-баптың 2-тармағы жетінші бөлігінің үшінші абзацын;
3) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін мазмұнындағы 176-баптың тақырыбын, 1-баптың 1-тармағының 63) және 71) тармақшаларын, 11-баптың екінші бөлігін, 69-баптың 3-тармағының 7) тармақшасын, 140-баптың 6-тармағын, 142-баптың 1-тармағының 15) тармақшасын, 176-бапты, 215-баптың 6-тармағын, 484-баптың 3-тармағының 2) тармақшасын, 678-баптың 2-тармағын, 709-баптың 4-тармағы екінші бөлігінің үшінші абзацын;
4) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін мазмұнындағы 23, 72-баптардың тақырыптарын, 19-баптың 1-тармағының 8) тармақшасын және 2-тармағының 15) тармақшасын, 23-бапты, 24-баптың бірінші бөлігі 13) тармақшасының бірінші бөлігінің үшінші абзацын және 14) тармақшасын, 26-баптың 13, 14, 15, 16, 17, 18 және 19-тармақтарын, 30-баптың 1-тармағының 15), 16) және 17) тармақшаларын, 69-баптың 5-тармағын, 72-бапты, 73-баптың 1-тармағының 6) тармақшасын, 11-тараудың 2-параграфын, 114-баптың 2-тармағының 6) тармақшасын, 208-баптың 5-тармағын, 209-баптың 4-тармағын, 5-тармағының 5) тармақшасын, 211-баптың 5-тармағының 7) тармақшасын, 212-баптың 5-тармағын, 412-баптың 5-тармағының 12) тармақшасын, 630 – 632-баптарды, 633-баптың 1–3-тармақтарын, 4-тармағының 1) – 4), 6) және 7) тармақшаларын, 5 және 6-тармақтарын, 634-баптың 1-тармағын, 2-тармағының 1) – 3) тармақшаларын, 3 – 5-тармақтарын, 635-бапты;
5) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін мазмұнындағы 11-тараудың 2-параграфының, 636 – 643-баптардың тақырыптарын, 11-тараудың 2-параграфын, 215-баптың 6-1-тармағын, 633-баптың 4-тармағының 5) тармақшасын, 634-баптың 2-тармағының 4) тармақшасын, 636 – 643-баптарды қоспағанда, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілсін.
1) Салық кодексінің 69-бабы 4-тармағының 7) тармақшасы, 82-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы, 116-бабының 8-тармағы, 121-бабының 8-тармағы, 215-бабы 4-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасы, 225-бабы 2-тармағының 24) тармақшасы, 250-бабының 8-тармағы, 298-бабы 1-тармағының екінші бөлігі, 372-бабы 5-тармағының 34) тармақшасы, 394-бабының 14) тармақшасы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;
2) Салық кодексінің мазмұнындағы 9-тараудың 4-параграфының, 539 және 540-баптардың, 17-бөлімнің тақырыптары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап алып тасталып, Салық кодексінің 24-бабы бірінші бөлігі 13) тармақшасының екінші бөлігі, 74-бабы 3-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацы, 9-тарауының 4-параграфы, 88-бабы 1-тармағының 7) және 9) тармақшалары, 189-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының он үшінші абзацы, 222-бабының 3-тармағы, 228-бабының 9-тармағы, 229-бабының 5-тармағы, 232-бабының 3 және 4-тармақтары, 5-тармағының 11) тармақшасы, 233-бабы 1-тармағының үшінші және төртінші бөліктері, 250-бабы 1-тармағының төртінші бөлігі, 4-тармағы, 293-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы және 4-тармағы, 307-бабы 2-тармағының 8) тармақшасы, 372-бабы 5-тармағының 32) және 33) тармақшалары, 510-бабы 2-тармағының 4) тармақшасы, 521-бабы 3-тармағының 11) тармақшасы, 539 және 540-баптары, 17-бөлімі, 645-бабы 9-тармағының 13) және 14) тармақшалары, 654-бабының 11) және 12) тармақшалары 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;
3) Салық кодексінің 26-бабының 12-тармағы, 189-бабының 1-тармағы 1) тармақшасының он үшінші абзацы, 341-бабы 1-тармағының 14) тармақшасы, 372-бабы 5-тармағының 28) тармақшасы 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;
4) Салық кодексінің 427 және 428-баптары 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;
5) Салық кодексінің 288-бабы 1-тармағының 6) тармақшасы, 293-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы және 3-тармағы, 636-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің жетінші және сегізінші абзацтары және екінші бөлігі, 77-1-тарауы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;
6) Салық кодексінің мазмұнындағы 292-баптың тақырыбы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап алып тасталып, Салық кодексінің 225-бабы 2-тармағының 25) және 27) тармақшалары, 232-бабының 2-тармағы, 5-тармағының 9-1) тармақшасы, 241-бабы 1-тармағының екінші, үшінші және төртінші бөліктері, 250-бабының 1-тармағының төртінші бөлігі, 2-тармағы, 264-бабының 20) тармақшасы, 288-бабы 2-тармағының 10) тармақшасы, 292-бабы, 300-бабының 11-тармағы, 307-бабы 2-тармағының 15) және 16) тармақшалары, 319-бабы 2-тармағының 19), 20) және 42) тармақшалары, 394-бабының 41) тармақшасы, 407-бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшалары, 616-бабының 29) тармақшасы 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.
1) Салық кодексінің 1-бабы 1-тармағы 37) тармақшасының қолданысы 2018 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«37) мұнайды дайындау – мұнайды дайындайтын технологиялық процестердің кешені, оның ішінде жинау, дайындауға жеткізу, ұңғыма сұйықтығының өлшегіш қондырғыларға түсуі, газсыздандыру, сусыздандыру, тұзсыздандыру, тұрақтандыру, демеркаптанизациялау;»;
2) Салық кодексінің 1-бабы 1-тармағы 60) және 73) тармақшаларының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақшалар мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«60) салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы –электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның салық төлеушіге тиесілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық символдардың реттілігі;»;
«73) электрондық салық төлеуші – осы Кодексте белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеушіні тіркеу есебі туралы салықтық өтініші негізінде салық органдарымен электрондық тәсілмен өзара іс-қимыл жасайтын салық төлеуші;».
3) Салық кодексінің 1-бабының 1-тармағы 3) тармақшасының қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«3) әлеуметтік төлемдер – Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес төленетін әлеуметтік аударымдар, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар;».
4-бап. Салық кодексінің 3-бабының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«3-бап. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданыста болады және жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға және олардың құрылымдық бөлімшелеріне қолданылады.
2. Салықтық әкімшілендіру, салықтық есептілікті белгілеу ерекшеліктері, салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жағдайын жақсарту жөніндегі өзгерістер мен толықтыруларды қоспағанда, осы Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізетін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы өзгерген кездегі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері ағымдағы жылғы 1 желтоқсаннан кешіктірілмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кейін қолданысқа енгізілуі мүмкін.».
5-бап. Салық кодексінің 19-бабы 1-тармағы 3) тармақшасы екінші бөлігінің қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«Осы тармақшаның бірінші бөлігінде белгіленген ерекшелік салық органдарының кірістер мен шығыстарға қатысты салықтық тексеру жүргізу барысында қоятын талаптарына қолданылмайды;».
5-1-бап. Салық кодексінің 24-бабы 23) тармақшасының қолданысы 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
1) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«23) уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілеген белгілі бір өлшемшарттар бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операциялар анықталған кезде мынадай жеке тұлғалар бойынша:
жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары);
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары);
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары);
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация тапсыру міндеті жүктелген адамдар бойынша мәліметтер ұсынуға міндетті.
Жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттарын, мәліметтерді ұсыну тәртібін, нысаны мен мерзімдерін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілейді.»;
2) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«23) уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілеген белгілі бір өлшемшарттар бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операциялар анықталған кезде мынадай жеке тұлғалар бойынша:
жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары);
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары);
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары);
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация тапсыру міндеті жүктелген адамдар;
осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері және олардың жұбайлары (зайыптары), сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері және олардың жұбайлары (зайыптары) бойынша мәліметтер ұсынуға міндетті.
Жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттарын, мәліметтерді ұсыну тәртібін, нысаны мен мерзімдерін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілейді.»;
3) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«23) уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілеген белгілі бір өлшемшарттар бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операциялар анықталған кезде мынадай жеке тұлғалар бойынша:
жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары);
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары);
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары);