Toggle Dropdown
25
Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 133-VІ
Toggle Dropdown
Редакция 25.08.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Осы Заң Қазақстан Республикасында бағалау қызметiн жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ бағалау қызметін реттеудің құқықтық негіздерін айқындайды.
Toggle Dropdown
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Toggle Dropdown
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Toggle Dropdown
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) бағалау – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалау объектiсiнiң ықтимал нарықтық немесе өзге құнын айқындау;
Toggle Dropdown
2) бағалау амалы – бағалау объектiсiнiң ықтимал нарықтық немесе өзге құнын бiр немесе бiрнеше бағалау әдiсiн пайдаланып айқындау тәсiлi;
Toggle Dropdown
3) бағалау әдiсi – бағалау кезінде жасалатын заңдық, қаржылық-экономикалық және ұйымдастырушылық-техникалық сипаттағы іс-қимылдар жиынтығы;
Toggle Dropdown
4) бағалау күні – бағалау объектiсiнiң ықтимал нарықтық немесе өзге құны айқындалатын күн немесе уақыт кезеңi;
Toggle Dropdown
5) бағалау қызметi – бағалау қызметі субъектілерінің белгiлi бiр күнге бағалау объектiсiне қатысты нарықтық немесе осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және бағалау стандарттарында көзделген өзге құнды белгілеуге бағытталған кәсіптік қызметі;
Toggle Dropdown
6) бағалау қызметi саласындағы уәкiлеттi орган – бағалау қызметi саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Toggle Dropdown
7) бағалау стандарты – бағалау қызметi саласындағы уәкiлеттi орган бағалау қызметiнің субъектілері үшін бағалау объектісінің нарықтық немесе өзге құнын айқындауға қойылатын бірыңғай талаптарды белгілейтін нормативтiк құқықтық акт;
Toggle Dropdown
8) бағалау туралы анық емес есеп – осы Заңның 14-бабының 2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы заңнамасының талаптарын бұза отырып, бағалау объектiсiнiң нарықтық немесе өзге құнын бұрмалауға алып келетін анық емес деректердi пайдаланып жасалған жазбаша құжат;
Toggle Dropdown
1
9) бағалау туралы есеп – жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жасалған жазбаша құжат;
Toggle Dropdown
10) бағалау туралы есептің сараптамасы – бағалау туралы есептің Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасының және бағалаушылар палатасы стандарттарының талаптарына сәйкестігін тексеру мақсатында бағалаушылар палатасының сарапшылық кеңесі жүргізетін зерттеу;
Toggle Dropdown
11) бағалаушы – кәсіптік қызметін бағалаушылар палатасы берген «бағалаушы» біліктілігін беру туралы куәліктің негізінде жүзеге асыратын және бағалаушылар палаталарының біреуінің мүшесі болып табылатын жеке тұлға;
Toggle Dropdown
12) «бағалаушы» біліктілігін беру туралы куәлік – адамның арнайы теориялық білімді, практикалық икемдерді, дағдыларды және жұмыс тәжірибесін меңгеруге қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын құжат;
Toggle Dropdown
13) бағалаушылар палатасы – өз мүшелерінің бағалау қызметінің сапасын бақылауды жүзеге асыру, бағалаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында құрылған, кәсіптік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым;
Toggle Dropdown
14) бағалаушылар палатасының қағидасы – бағалаушылар палатасы әзірлейтін және бекітетін, бағалаушылар палатасы мен оның мүшелерінің қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайтын құжат;
Toggle Dropdown
15) бағалаушылар палатасының стандарты – бағалаушылар палатасы әзірлейтін және бекітетін, бағалаушылар палатасы мүшелерінің көрсетілетін қызметтеріне қойылатын бірыңғай және міндетті қағидаттарды, сипаттамаларды олардың көп мәрте пайдалануына арналған талаптар белгіленетін құжат;
Toggle Dropdown
16) біліктілік комиссиясы – бағалаушылар палатасының «бағалаушы», «сарапшы» біліктіліктерін беру туралы куәліктерді алуға үміткер адамдарға біліктілік емтиханын өткізу үшін құрылған мамандандырылған органы;
Toggle Dropdown
16-1) жосықсыз бағалаушылар тізілімі – бағалаушылар палаталарының «бағалаушы» біліктілігін беру туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) куәліктен айыру және (немесе) куәліктің қолданылуын тоқтату туралы мәліметтерінің негізінде жасалған бағалаушылар тізілімі;
Toggle Dropdown
17) мүдделер қақтығысы – бағалаушының, бағалаушы еңбек шартын жасасқан заңды тұлғаның немесе сарапшының мүдделілігі бағалау туралы есептің немесе сарапшылық қорытындының анықтығына әсер етуі мүмкін жағдай;
Toggle Dropdown
18) нарықтық құн – тиісті маркетинг жүргізілгеннен кейін тараптардың әрқайсысы жете хабардар бола отырып, есеппен әрі мәжбүрлеусіз әрекет ететін коммерциялық мәміле нәтижесінде мүдделі тұлға мен сатушы арасында бағалау күніне актив алмасу жасалатын ақшалай есеп айырысу сомасы;
Toggle Dropdown
19) өзге құн – бағалау объектісінің нарықтық құнынан басқа өзге құны, оның түрлері бағалау стандарттарында белгіленеді;
Toggle Dropdown
20) сарапшы – бағалаушылар палатасы сарапшылық кеңесінің «сарапшы» біліктілігін беру туралы куәлігі бар мүшесі;
Toggle Dropdown
21) «сарапшы» біліктілігін беру туралы куәлік – бағалаушылар палатасы белгілеген, сарапшының кәсіптік білім деңгейіне қойылатын талаптарға бағалаушының сәйкестігін растайтын құжат;
Toggle Dropdown
22) тапсырыс берушi – бағалау жүргізу шартын жасасқан жеке және (немесе) заңды тұлға;
Toggle Dropdown
23) үлестес тұлғалар – бағалаушының қызметіне ықпал етуге қабілетті, бағалау объектісінің ықтимал нарықтық немесе өзге құнын айқындау жөніндегі шешімді тікелей және (немесе) жанама түрде қабылдау және (немесе) бір-бірінің (тұлғалардың біреуінің) қабылданатын осындай шешімдеріне, оның ішінде жасасқан мәмілеге орай тікелей және (немесе) жанама түрде ықпал ету мүмкіндігіне ие жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
Toggle Dropdown
24) үшiншi тұлғалар – бағалаушылар, сарапшылар мен тапсырыс берушiлер қатарына кiрмейтiн, бағалау объектісіне, бағалау қызметiне белгiлi бiр қатысы бар тұлғалар;
Toggle Dropdown
25) халықаралық бағалау стандарттары – Бағалау стандарттары жөніндегі халықаралық кеңес қабылдаған бағалау стандарттары.
Toggle Dropdown
2
2-бап. Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы заңнамасы
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттiк мүлiктi бағалауды ұйымдастыру ерекшелiктерi, мүлік мемлекеттiк мүлiктiң құрамына түскен, мемлекеттiк мүлiктi жеке тұлғалардың және (немесе) мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың пайдалануына берген, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiктi иелiктен шығарған кезде мүлiктi бағалау жағдайлары мен ерекшелiктерi «Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-тарауында белгiленедi.
Toggle Dropdown
Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау ерекшеліктері «Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленедi.
Toggle Dropdown
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгiленген болса, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Toggle Dropdown
3-бап. Бағалау қызметі саласындағы реттеудің мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметін дамыту бағалау қызметі саласындағы реттеудің мақсаты болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Бағалау қызметі саласындағы реттеудің міндеттері:
Toggle Dropdown
1) бағалау қызметінің құқықтық негіздерін белгілеу;
Toggle Dropdown
2) бағалау қызметін жүзеге асырудың негізгі қағидаттары мен бағыттарын айқындау;
Toggle Dropdown
3) бағалаушылар палатасы мүшелерінің кәсіби деңгейін арттыру үшін жағдайлар жасау;
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасындағы бағалау институтына деген сенімді нығайту болып табылады.
Toggle Dropdown
3. Бағалау қызметі саласындағы реттеудің қағидаттары:
Toggle Dropdown
1) бағалау қызметін жүзеге асыру кезіндегі заңдылық;
Toggle Dropdown
2) бағалау қызметін жүзеге асыру кезіндегі объективтілік;
Toggle Dropdown
3) бағалауды жүргізу кезіндегі анықтық;
Toggle Dropdown
4) бағалау қызметін жүзеге асыру кезіндегі тәуелсіздік;
Toggle Dropdown
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, бағалау қызметі субъектілерінің бағалауды жүргізу нәтижесінде өздері алатын немесе жасайтын ақпаратты үшінші тұлғаларға беру не ондағы мәліметтерді ауызша жария ету құқығынсыз олардың сақталуы жөніндегі міндеттемені жүзеге асыруы кезіндегі құпиялылық болып табылады.