• Мое избранное
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 134-VІ

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16,  109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат;  1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727,  731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; №19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат;  № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14,  58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16,  18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125,  134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат;  № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4,  37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат;  № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат;  № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14,  72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 63-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж.,  № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; №15, 78-құжат; №16,  79-құжат; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат;  № 21-I, 128-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 70-құжат; № 12, 87-құжат;  2017 ж., № 4, 7-құжат; № 15, 55-құжат; 2017 жылғы 26 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
319-баптың 5-тармағындағы «сот шешiмiмен немесе мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалардың қорытындысы негiзiнде сенiм бiлдiрiлген жақ белгiлеген оның» деген сөздер «бағалаушы жасаған бағалау туралы есеп негiзiнде сот шешімімен белгіленген немесе сенiм бiлдiрiлген тұлға белгілеген» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124,  125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141,  143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат;  № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62,  65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22,  116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2,  3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50,  54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; 2017 жылғы 26 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2017 жылғы  27 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында 695-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«695-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерін мемлекеттiк тiркеу саласындағы уәкiлеттi орган»;
2) 184-бап мынадай редакцияда жазылсын:
 «184-бап. Қазақстан Республикасының бағалау   қызметі туралы заңнамасын бұзу
1. Бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ақпаратты уақтылы бермеу немесе бермеу, сол сияқты анық емес ақпарат беру –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган тексеру барысында анықтаған Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасын бұзушылықтарды бағалаушылар палатасының жоймауы –
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.  
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
3) 684-баптың бірінші бөлігіндегі «184,» деген цифрлар алып тасталсын;
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«695-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерін мемлекеттiк тiркеу саласындағы уәкiлеттi орган»;
бірінші және екінші бөліктердегі «, бағалау қызметiн реттеу» деген сөздер алып тасталсын;
бірінші бөлік «Кодекстiң» деген сөзден кейін «184,» деген цифрлармен толықтырылсын;
екінші бөліктің 2) тармақшасы «аудиторлық қызмет» деген сөздерден кейін «және бағалау қызметі» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 804-баптың бірінші бөлігінде:
27) тармақшадағы «жасаған кезде), 214» деген сөздер «, бағалаушылар жасаған кезде), 214» деген сөздермен ауыстырылсын;
41) тармақшадағы «, бағалау қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның (184, 185 (Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасын бұзу бөлігінде), 462,» деген сөздер «саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның (462,» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-IV, 151-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 13, 45-құжат):
52-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) «бағалаушы» біліктілігін беру туралы куәліктен айырылған;».
4. «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 165-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14,  205-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 18, 143-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):
32-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі «бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалардың қорытындысы негiзiнде сот шешiмiмен немесе сенiм бiлдiрген тұлғамен белгiленген ағымдық бағалау құны бойынша кепiлге берiлген мүлiктi» деген сөздер «бағалаушы жасаған бағалау туралы есеп негiзiнде сот шешiмiмен белгіленген немесе сенiм бiлдiрілген тұлға белгiлеген ағымдағы бағалау құны бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат;  2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13,  91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11,  56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат;  № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2017 жылғы 26 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы  25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
10-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) бағалаушы;».
6. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23,  140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж.,  № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3,  18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22,  124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5,  24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 63-құжат; № 16, 90-құжат;  № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42, 45-құжаттар; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат;  2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):
21-баптың 1-тармағының екінші және үшінші бөліктеріндегі «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген лицензия негізінде әрекет ететін» деген сөздер алып тасталсын.
7. «Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 14, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат;  № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 25-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23,  143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж.,  № 8-I, 65-құжат; 2017 жылғы 27 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы  26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 1) тармақшасы алып тасталсын;
2) 16-баптың 1-тармағында:
3) тармақша алып тасталсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) сақтандырушы жүргiзген, келтiрiлген зиян мөлшерлерiн айқындаудың және сақтандырушы жүзеге асырған сақтандыру төлемiнің нәтижелерiмен танысуға;»;
3) 17-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) осы Заңда белгіленген мерзімдерде және тәртіппен, сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбірленушінің (пайда алушының) немесе олардың өкілдерінің мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін айқындау туралы өтініші бойынша мүлікке келтірілген зиянның мөлшеріне есептеу жүргізуге және зиянның мөлшері туралы есепті пайда алушыға танысу үшін ұсынуға;»;
4) 18-баптың 1-тармағында:
3) тармақша алып тасталсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) сақтандырушы жүргізген, келтірілген зиян мөлшерлерiн айқындаудың және сақтандыру төлемінің нәтижелерiмен танысуға;»;
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «бағалауды» деген сөз «айқындауды» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Егер сақтандырушы келтірілген зиянның мөлшерін осы баптың  
3-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімде айқындамаса, онда сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері бағалаушының көрсетілетін қызметтерін пайдалануы және мүлікті қалпына келтіруді (кәдеге жаратуды) бастауы мүмкін. Бағалаушының көрсетілетін қызметтері үшін сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері шеккен шығындар, сақтандыру төлеміне қарамастан, сақтандырушының өтеуіне жатады.
Бағалаушы көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындауды уәкілетті органның осы баптың 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актісіне сәйкес жүзеге асырады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайда, бағалаушы жүргізген, көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау нәтижесін сақтандырушы жәбірленушіге (пайда алушыға) немесе оның өкіліне сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қабылдайды.»;
6) 25-баптың 2-тармағының 4-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-2) осы Заңның 22-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда, зиянның мөлшерін айқындау туралы өтініш;»;
2-тармақтың бірінші бөлігі «4-1)» деген цифрлардан кейін «, 4-2)» деген цифрлармен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Тікелей реттеуді жүзеге асыру тәртібі мен шарттары осы  Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.».
8. «Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 179-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2011 ж., № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат):
 12-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «жүргiзген сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн бағалау» деген сөздер «жүргiзген сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн айқындау» деген сөздермен ауыстырылсын.   
9. «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 5, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 16, 100-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж.,  № 18, 84-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1,  2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 14, 84-құжат;  № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-IV, 113-құжат):
1) 1-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;
2) 9-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі «(тәуелсiз сарапшы)» деген сөздер алып тасталсын;
3) 10-баптың 2-тармағының алтыншы абзацындағы «(тәуелсiз сарапшының)» деген сөздер алып тасталсын;
екінші абзацтағы «(тәуелсiз сарапшымен)» деген сөздер алып тасталсын;
төртінші абзацтағы «бағалаушының (тәуелсiз сарапшының)  
есеп-қисаптарын» деген сөздер «бағалаушының бағалау туралы есебін» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші абзацтағы «(тәуелсiз сарапшыны)» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтың тоғызыншы абзацындағы «(тәуелсiз сарапшы)» деген сөздер алып тасталсын;
5) 15-баптың 2-тармағының бесінші абзацындағы «(тәуелсiз сарапшының)» деген сөздер алып тасталсын.  
10. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30,  32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат;  № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I,  19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8,  42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-I, 99-құжат; № 19-II, 103,  105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 145, 148-құжаттар;  № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат;  № 7-II, 56-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат;  № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15,  55-құжат; 2017 жылғы 6 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2017 жылғы  26 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
110-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «сарапшыларды,  сондай-ақ консультациялық, бағалау,» деген сөздер «сарапшыларды, бағалаушыларды, сондай-ақ консультациялық,» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ