Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2017 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 900 бұйрығына
2-қосымша
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Toggle Dropdown
Редакция 24.08.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Департамент) «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Комитет) Астана қаласы бойынша техникалық реттеу және өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы, сәйкестікті бағалау саласында және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын бақылауды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
3. Департамент мемлекеттiк мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi бар.
Toggle Dropdown
4. Департамент, егер осыған уәкiлеттiк берілген болса, өз атынан және Комитеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
Toggle Dropdown
5. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша Департамент басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Toggle Dropdown
6. Аумақтық бөлімшенің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің келісімен Республикасы Инвестициялар және даму министрілігінің жауапты хатшысымен бекітіледі.
Toggle Dropdown
7. Департаменттің толық атауы:
Toggle Dropdown
мемлекеттік тілде – «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Toggle Dropdown
орыс тілінде – Республиканское государственное учреждение «Департамент Комитета технического регулирования и метрологии Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан по городу Астана».
Toggle Dropdown
8. Департаменттің орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел көшесі, 11, «Эталон орталығы» ғимараты.
Toggle Dropdown
9. Департаменттің құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан мемлекет болып табылады.
Toggle Dropdown
10. Департамент қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
11. Егер Департаментке заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
Toggle Dropdown
12. Департаментке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Департаменттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.
Toggle Dropdown
2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары,құқықтары мен міндеттері
Toggle Dropdown
13. Міндеті: техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету, аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасы саласында және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында бақылау.
Toggle Dropdown
14. Департаменттің функциялары:
Toggle Dropdown
1) тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге, тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібін сақтауға уәкілетті ұйымның қызметін және ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібін сақтау үшін уәкілетті органның (ұйымның) қызметіне жыл сайын тексеру жүргізу, Кеден одағы тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындау арқылы бақылауды жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттiк метрологиялық бақылауды ұйымдастырады және жүргізу;
Toggle Dropdown
3) тамақ өнімі қауіпсіздігінің саласын қоспағанда, техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
5) асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды, бағалы металдардан жасалған монеталарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
6) зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
7) асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды, бағалы металдардан жасалған монеталарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету кезінде тауардың әрбір партиясына мемлекеттік бақылау актісін беру;
Toggle Dropdown
8) асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуді жүзеге асыру бойынша қызметті бастау немесе тоқтату туралы жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды арнайы есепке қою туралы құжат беру;
Toggle Dropdown
9) өңделмеген табиғи алмастарды сертификаттаудың халықаралық схемасының (Кимберлий процесінің сертификаты) сертификатын беру;
Toggle Dropdown
10) асыл тастар, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымы саласында, сондай-ақ бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу аясында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану;
Toggle Dropdown
11) өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін оның нәтижелері бойынша өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкес келетіні немесе сәйкес келмейтіні туралы шешім қабылданып, тексерілетін тұлғаға бару мүмкіндігі арқылы бақылаудың өзге нысаны тәртібімен рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
12) лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсаттарды иеленушілердің рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгеннен кейін (қызметті жүзеге асыру процесінде) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын сақтауын рұқсаттық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер арқылы жүзеге асыру.
Toggle Dropdown
15. Департаменттің құқықтары мен міндеттері:
Toggle Dropdown
1) заңнамада белгiленген тәртiпте мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажеттi ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
3. Департамент қызметiн ұйымдастыру
Toggle Dropdown
16. Департаментті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын басшы басқарады.
Toggle Dropdown
17. Департамент басшысына демалыс беру, материалдық көмек көрсету, дайындау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстеме ақы және сыйақы төлеу мәселелері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысының бұйрығымен ресімделеді.
Toggle Dropdown
18. Басшының Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын орынбасарлары болады.
Toggle Dropdown
19. Басшы Департаменттің жұмысын ұйымдастырады және оған жетекшілік етеді және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
Toggle Dropdown
20. Осы мақсаттарда Басшы:
Toggle Dropdown
1) өз орынбасарларының және Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен жауапкершілігін айқындайды;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департамент қызметкерлерін өз орынбасарларын қоспағанда лауазымға тағайындайды және босатады;
Toggle Dropdown
3) заңнамамен белгіленген тәртіппен Департамент қызметкерлеріне өз орынбасарларын қоспағанда, тәртіптік жаза береді және көтермелеу шараларын қолданады;
Toggle Dropdown
4) Департамент мүддесін басқа мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда білдіреді;
Toggle Dropdown
5) Департамент бұйрықтарына қол қояды;
Toggle Dropdown
6) Департаменттің жұмыс жоспарын бекітеді;
Toggle Dropdown
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
4. Департаменттің мүлкі
Toggle Dropdown
21. Департаменттің заңнамада көзделген жағдайларда шұғыл басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.
Toggle Dropdown
22. Департаментке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
Toggle Dropdown
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Департамент өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiктен шығармайды немесе өзге тәсiлмен иелік етпейді.
Toggle Dropdown
5. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
Toggle Dropdown
24. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.