• Мое избранное
«Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 04.01.2021 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 995 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 12 қаңтарда № 16223 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 4 қантардан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.12.2020 жылғы № ҚР ДСМ-264/2020 Бұйрығына сәйкес   
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі 155-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
 1. «Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы  10 қарашадағы № 685 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5918 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары актілерінің № 3 жинағында жарияланған, 2010 жыл) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:  
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидалары мен кезеңділігін белгілеу туралы»;  
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі 155-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:  
«1. Мыналар:
1)осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтары;
2)осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді өткізудің қағидалары мен кезеңділігі белгіленсін.»;
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 1-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеру жүргізу ережесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жіберуді;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М.Ақтаеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 995 бұйрығына
1-қосымша
Профилактикалық медициналық қарап-тексеруге жататын адамдардың нысаналы топтары

р/н

Нысаналы топ

Профилактикалық медициналық (скринингтік) тексеріп-қарау түрі

1.

18 жасқа толмаған балалар

Балаларды профилактикалық медициналық (скринингтік) қарап-тексеру

2.

30-70 жастағы артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, глаукома, онкологиялық патология бойынша скринингтен өтетін әйелдер мен ерлер

Мінез-құлық қауіп факторларын ерте анықтауға профилактикалық медициналық (скринингтік) қарап-тексеру

3.

Жатыр мойны обыры бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын 30-70 жастағы әйелдер

Жатыр мойны обырын ерте анықтауға арналған профилактикалық медициналық (скринингтік) қарап-тексеру

4.

Артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы және қант диабеті бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын 40-70 жастағы ерлер мен әйелдер

Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын және қант диабетін ерте анықтауға арналған профилактикалық медициналық (скринингтік) қарап-тексеру

5.

Глаукома бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын 40-70 жастағы ерлер мен әйелдер

Глаукоманы ерте анықтауға арналған профилактикалық медициналық (скринингтік) қарап-тексеру

6.

Сүт безі бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын 40-70 жастағы әйелдер

Сүт безінің обырын ерте анықтауға арналған профилактикалық медициналық (скринингтік) қарап-тексеру

7.

Полипоз, жуан ішектің обыры бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын 50-70 жастағы ерлер мен әйелдер

Колоректалдық обырды ерте анықтауға арналған профилактикалық медициналық (скринингтік) қарап-тексеру

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 995 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2009 жылғы 10 қарашадағы  
№ 685 бұйрығымен  
бекітілген
Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық қарап-тексеруді өткізу қағидалары мен кезеңділігі  
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық қарап-тексеруді өткізу қағидалары мен кезеңділігі (бұдан әрі – Қағидалар) халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық қарап-тексеруді өткізу тәртібін және кезеңділігін айқындайды.
2. Осы бұйрықта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) Бетесда терминологиялық жүйесі – цитологиялық зерттеу нәтижесін стандарттау;  
2) динамикалық байқау - халық денсаулығының жай-күйін жүйелі түрде байқау, сондай-ақ осы байқаудың нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету;
3) «Емхана» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі – «Амбулаториялық пациенттің статистикалық картасын» автоматты түрде енгізуге және өңдеуге, медициналық ұйымдардың есептік құжаттарын сақтауға және алуға, балалар мен ересектердің профилактикалық медициналық (скринингтік) қарап-тексерулерді жүргізуге арналған ақпараттық жүйе;  
4) Жүрек-қантамырының жалпы қаупін бағалау шкаласы – жақын 10 жылда жүрек-қантамыр ауруларының өлім қаупін бағалау шкаласы (бұдан әрі – SCORE шкаласы);
5) Кетле индексі – ағзаның дене дамуының үйлесімділігін бағалау көрсеткіші, дененің салмағының бойдың ұзындығына қатынасы;
6) сүт безін сәулелік зерттеудің нәтижесін талдау және хаттамалау жүйесінің жіктеуі – маммографиялық зерттеуді стандарттау (бұдан әрі - ВI-RADS жіктеуі).
7) халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық қарап-тексерулер – бұл ауруларды ерте сатыларында анықтау және аурулардың өршуінің, аурулардың пайда болуына әсер ететін қатер факторларының алдын алу, халықтың денсаулығын қалыптастыру мен нығайту мақсатында жаппай әдіспен жүргізілетін жаппай профилактикалық медициналық (скринингтік) қарап-тексерулер (бұдан әрі – скринингтік қарап-тексерулер).
3. Скринингтік қарап-тексерулер Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 28-бабына сәйкес осы қызметтің түріне лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектілерімен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде жүргізіледі.  
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары (бұдан әрі – Басқарма):
1) осы Қағидаларға сәйкес халықтың нысаналы топтарына жыл сайын скринингтік қарап-тексерулерді жүргізуді;
2) скринингтік қарап-тексерулердің электрондық деректер базасын толтыруды;
3) тұрақты жұмыс істейтін скринингтік қарап-тексерулерді үйлестіру, мониторингі және талдау жөніндегі жұмыс тобын құруды қамтамасыз етеді.
5. Скринингтік қарап-тексерулер динамикалық бақылаумен және сауықтырумен медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК ұйымдары) көрсететін мынадай денсаулық сақтау ұйымдарымен жүзеге асырылады:
1) қала халқы үшін –меншік нысанына қарамастан МСАК ұйымдары;
2) ауыл халқы үшін – медициналық пункттер, фельдшерлік-акушериялық пункттер, дәрігерлік амбулаториялар, арнайы автокөлік пен темір жол көлігі базасындағы жылжымалы медициналық кешендерді (пойыз) пайдаланумен аудандық емханалар.
6. МСАК ұйымдары:
1) медициналық ұйымға тіркелген халық санынан скринингтік қарап-тексеруге жататын адамдардың нысаналы тобын қалыптастырады;
2) осы қарап-тексеруді жүргізу үшін бейінді медициналық ұйымдармен сабақтастықты қамтамасыз етеді;
3) халықты скринингтік қарап-тексеруден өту қажеттілігі туралы ақпараттандырады;