Toggle Dropdown
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокері есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 245 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 19 қаңтарда № 16256 болып тіркелді
Редакция 01.01.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокері есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес ақшаның және орналастырылған салымдардың қалдықтары туралы есептің нысаны;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ақшаның және исламдық сақтандыру қорының активтері есебінен орналастырылған салымдардың қалдықтары туралы есептің нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес бағалы қағаздар туралы есептің нысаны;
4-1) осы қаулыға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттарының шеңберінде сақтанушылар активтерінің есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есептің нысаны;
4-2) осы қаулыға 4-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары туралы есептің нысаны;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес исламдық сақтандыру қоры есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есептің нысаны;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес кері репо, репо операциялары туралы есептің нысаны;
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес қайта сақтандырушылардан алынатын сомалар, сақтанушылардан (қайта сақтанушылардан) және делдалдардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары туралы есептің нысаны;
8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес инвестициялық мүлік және негізгі құрал-жабдықтар туралы есептің нысаны;
9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес инвестициялық мүлік және исламдық сақтандыру қоры есебінен сатып алынған негізгі құрал-жабдықтар туралы есептің нысаны;
10) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру резервтерiн есептеу туралы есептің нысаны;
11) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру резервтерiн есептеу туралы есептің нысаны;
12) осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес сақтандыру сыйлықақылары туралы есептің нысаны;
13) осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес ірі сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары туралы есептің нысаны;
14) осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес ірі сақтандыру төлемдері және ірі мәлімделген талаптар туралы есептің нысаны;
15) осы қаулыға 15-қосымшаға сәйкес сақтандыру қызметі бойынша комиссиялық сыйақы түріндегі кірістер мен шығыстар туралы есептің нысаны;
16) осы қаулыға 16-қосымшаға сәйкес сақтандыру төлемдері туралы есептің нысаны;
17) осы қаулыға 17-қосымшаға сәйкес міндеттемелердің көлемі бойынша есептің нысаны;
18) осы қаулыға 18-қосымшаға сәйкес қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақылары туралы есептің нысаны;
19) осы қаулыға 19-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезиденттерімен жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары туралы есептің нысаны;
20) осы қаулыға 20-қосымшаға сәйкес исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің мүшелері туралы есептің нысаны;
21) осы қаулыға 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен мәмілелер туралы есептің нысаны;
22) осы қаулыға 22-қосымшаға сәйкес ірі қатысушыларды немесе сақтандыру холдингтерін қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлері туралы мәліметтердің нысаны;
23) осы қаулыға 23-қосымшаға сәйкес ұлттық және шетел валюталарындағы активтер мен міндеттемелердің мерзімдерін салыстыру туралы есептің нысаны;
24) осы қаулыға 24-қосымшаға сәйкес өзге дебиторлық және өзге кредиторлық берешектер туралы есептің нысаны;
25) осы қаулыға 25-қосымшаға сәйкес басқа заңды тұлғалардың капиталына исламдық сақтандыру қоры есебінен инвестицияланған инвестициялар туралы есептің нысаны;
26) осы қаулыға 26-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен жасалған сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары туралы есептің нысаны;
27) осы қаулыға 27-қосымшаға сәйкес екінші деңгейдегі банктердің қатысуымен жасалған сақтандыру шарттары туралы есептің нысаны;
28) осы қаулыға 28-қосымшаға сәйкес жалпы және әкімшілік шығыстар туралы есептің нысаны;
29) осы қаулыға 29-қосымшаға сәйкес баланстан тыс шоттар бойынша қалдықтар туралы есептің нысаны;
30) осы қаулыға 30-қосымшаға сәйкес экономикалық қызмет түрлері бойынша сақтандыру сыйлықақыларын және сақтандыру төлемдерін жіктеу туралы есептің нысаны;
31) осы қаулыға 31-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша сақтандыру шарттары бойынша қабылданған және жүзеге асырылған сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдері туралы есептің нысаны;
32) осы қаулыға 32-қосымшаға сәйкес сақтандыру өнімдері туралы есептің нысаны;
33) осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес қайта сақтандыру қызметі туралы есептің нысаны;
34) осы қаулыға 34-қосымшаға сәйкес сақтанушыларға («өмірді сақтандыру» саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін) берілген қарыздар туралы есептің нысаны;
35) осы қаулыға 35-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының сақтандыру брокерлерінің қатысуымен жасалған қайта сақтандыру шарттары туралы есептің нысаны;
36) осы қаулыға 36-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының сақтандыру брокерлерінің қатысуымен жасалған сақтандыру шарттары туралы есептің нысаны;
36-1) осы қаулыға 36-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы сақтандыру брокерінің үлестес тұлғалары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-сақтандыру брокерлерінің қатысуымен қайта сақтандыру шарттары туралы және Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерінің сақтандыру тәуекелдерін Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-қайта сақтандыру ұйымдарының қайта сақтандыруына орналастыру талаптары туралы есептің нысаны;
37) осы қаулыға 37-қосымшаға сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық форматта:
1) ай сайын - осы қаулының 1-тармағының 2), 4), 4-1), 4-2), 6), 7), 8), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 23) және 28) тармақшаларында көзделген есептілікті есепті айдан кейінгі айдың алтыншы жұмыс күніне дейінгі (қоса алғанда) мерзімде.
2) ай сайын - осы қаулының 1-тармағының 21) тармақшасында көзделген есептілікті есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күніне дейінгі (қоса алғанда) мерзімде;
3) тоқсан сайын - осы қаулының 1-тармағының 26), 29), 32) және 33) тармақшаларында көзделген есептілікті есепті тоқсаннан кейінгі айдың алтыншы жұмыс күніне дейінгі (қоса алғанда) мерзімде табыс етеді.
Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген есептілікке қосымша осы қаулының 1-тармағының 25) тармақшасына сәйкес есептілікті есепті тоқсаннан кейінгі айдың алтыншы жұмыс күніне дейінгі (қоса алғанда) мерзімде;
4) тоқсан сайын - осы қаулының 1-тармағының 22) тармақшасында көзделген есептілікті есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы жұмыс күніне дейінгі (қоса алғанда) мерзімде;