• Мое избранное
Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 23.11.2024 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 36 Қаулысы

 Осы Қаулы 2024 жылғы 23 қарашадан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 08.11.2024 жылғы № 938 Қаулысына сәйкес
Редакция 15.04.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.09.2022 жылғы № 720 Қаулысына сәйкес (04.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2023 жылғы № 1246 Қаулысына сәйкес (20.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.  
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 31 қаңтардағы
№ 36 қаулысымен
бекітілген
Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеуді жүргізуге, дактилоскопиялық және геномдық ақпаратты жинауға, өңдеуге және қорғауға, биологиялық материалды іріктеуге, пайдалануға, адамның жеке басын анықтауға немесе растауға уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.09.2022 жылғы № 720 Қаулысына сәйкес (04.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) амплификация – хромосомалық дезоксирибонуклеин қышқылы (бұдан әрі – ДНҚ) учаскелерінің қосымша көшірмелерінің пайда болу процесі;
2) генетикалық профиль – адамның немесе танылмаған мәйіттің жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін ДНҚ-ның белгілі фрагменттері туралы кодталған ақпарат;
3) геномдық ақпарат бойынша сәйкестендіру – анықталып жатқан адамның, танылмаған мәйіттің геномдық профилінің «Жеке басты биометриялық сәйкестендіру» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «ЖБС» ААЖ) геномдық ақпаратының дерекқоры бойынша сәйкес келуін тексеру;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2023 жылғы № 1246 Қаулысына сәйкес (20.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) геномдық ақпаратты жинау – геномдық ақпаратты алуға бағытталған әрекеттер;
5) дактилоскопиялау – материалдық жеткізгіштерде қолдың тырнақ фалангаларының және (немесе) алақан бетіндегі папиллярлық сызықтардан түзетілетін тері бедерінің таңбасын (бұдан әрі – таңбалар) алу;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2023 жылғы № 1246 Қаулысына сәйкес (20.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) дактилоскопиялық ақпарат бойынша сәйкестендіру – жеке басты «ЖБС» ААЖ дактилоскопиялық ақпараттың дерекқоры бойынша жеке тұлғаның немесе танылмаған мәйіттің қол саусақтарының және (немесе) алақандарының папиллярлық бедерлері құрылымының ерекшеліктері туралы биометриялық деректерді тексеру арқылы анықтау;
7) дактилоскопиялық ақпаратты жинау – дактилоскопиялық ақпаратты алуға бағытталған әрекеттер;
8) дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты беру – уәкілетті мемлекеттік органға дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты беруге бағытталған әрекеттер;
9) дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты жинақтау –дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты «ЖБС» ААЖ дерекқорына енгізу арқылы оны жүйелеу жөніндегі әрекеттер;
10) дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты сақтау – дактилоскопиялық немесе геномдық ақпараттың заңмен белгіленген құпиялылығы мен қолжетімділігінің тұтастығын қамтамасыз ету жөніндегі әрекеттер;
11) дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты трансшекаралық беру – Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шет мемлекеттің аумағына, шет мемлекеттің билік органына дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты беру;
12) дербес сәйкестендіргіш – дактилоскопиялық ақпараттың «ЖБС» ААЖ-де қол саусақтарының және (немесе) алақандарының папиллярлық бедерлері құрылымының ерекшеліктері туралы биометриялық деректер бөлігінде ақпараттық жүйелердің интеграцияланған өзара іс-қимыл жасасуы шеңберінде адамның дербес деректерімен байланысына арналған бірегей сәйкестендіргіш;
13) «Жеке басты биометриялық сәйкестендіру» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі – біреуі автоматтандырылған дактилоскопиялық ақпараттық жүйедегі дактилоскопиялық ақпаратты қамтитын, ал екіншісі автоматтандырылған геномдық ақпараттық жүйедегі геномдық ақпаратты қамтитын екі кіші жүйеден тұратын электрондық ақпараттық ресурс;
13-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2023 жылғы № 1246 Қаулысына сәйкес (20.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14) қағаз дактилоскопиялық карта – осы Қағидалардың талаптарына сәйкес дактилоскопияланған адамның қол саусақтарының барлық тырнақ фалангаларының таңбалары, қол саусақтарының бақылау таңбалары, екі қолының алақандарының таңбалары және дербес деректері қамтылатын белгіленген нысандағы бланк;
15) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің орталықтандырылған автоматтандырылған дерекқоры (бұдан әрі – ҚАЖ ОАДҚ) – тергеу изоляторларында, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде ұсталатын, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жүріс-тұрысын есепке алу бойынша ақпараттық жүйе;
16) верификация – жеке тұлға қолдарының саусақтары және (немесе) алақандарының папиллярлық бедерлерінің оның жеке басын куәландыратын құжатта не «ЖБС» ААЖ-дың дерекқорында орналасқан дактилоскопиялық ақпаратпен сәйкес келуін тексеру арқылы жеке басты растау;
17) құзыретті мемлекеттік органдар – өз қызметі шеңберінде дактилоскопиялық және (немесе) геномдық ақпаратты пайдалануға заңмен белгіленген құзыреті бар мемлекеттік органдар;
18) микросхема (байланысты немесе байланыссыз интерфейстері бар чип) – осы құжаттың ішінде орналастырылған, жеке басты куәландыратын құжат иесі туралы электрондық ақпаратты жеткізгіш;
19) полимеразалық тізбекті реакция (бұдан әрі – ПТР) – биологиялық материалда ДНҚ-ның аз концентрациялы белгілі бір фрагменттерін айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік беретін молекулярлық биологиядағы эксперименттік әдіс;
20) тірі адамдардың биологиялық материалын іріктеуге арналған жиынтық – осы Қағидалардың талаптарына сәйкес биологиялық материалды іріктеуге, сақтауға және тасымалдауға арналған арнайы бір реттік қолданылатын стерильденген карта-жеткізгішті жиынтық;
21) халықты құжаттандыруға арналған қолданбалы бағдарламалық қамтылым (бұдан әрі – ҚБҚ) – Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыруға және тіркеуге арналған бағдарламалық өнім;
21-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2023 жылғы № 1246 Қаулысына сәйкес (20.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
22) электрондық дактилоскопиялық карта – электрондық-цифрлық нысандағы дактилоскопиялық карта.
3. Өз өкілеттіктері шеңберінде дактилоскопиялық тіркеуді жүзеге асыруға:
ішкі істер органдары;
сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
Қазақстан Республикасының шет елдерде орналасқан дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері, сондай-ақ консулдық мекемелері (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері);
көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
ұлттық қауіпсіздік органдары қатысады.
4. Өз өкілеттіктері шеңберінде геномдық тіркеуді жүзеге асыруға:
анықтау, тергеу органдары;
сот сараптамасы органдары;
лицензия негізінде сот-сараптамалық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар (бұдан әрі – лицензиаттар);
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелері;
пробация қызметі;
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жедел-криминалистикалық бөлімшесі (бұдан әрі – Ішкі істер министрлігі) қатысады.
3) мыналардың:
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін жүгінген;
Қазақстан Республикасына жұмыс беруші жеке тұлғаларда үй шаруашылығындағы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) мақсатында үй жұмыскерлері ретінде келген;
Қазақстан Республикасының визасын ресімдеген кезде;