Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.05.2022 жылғы № 311 Қаулысына сәйкес
Редакция 01.10.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне берсін.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.12.2019 жылғы № 949 Қаулысымен (29.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жүктелсін.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.12.2019 жылғы № 949 Қаулысына сәйкес (29.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысымен бекітілген
"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы
1. Бағдарламаның Паспорты
2. Кіріспе
2.1. Түйіндеме............................................................................................................5
2.2. Цифрландырудың жаһандық трендтері және халықаралық тәжірибе..........6
3. Ағымдағы жағдайды талдау...............................................................................10
3.1. Экономика салаларындағы цифрлық түрлендірулер....................................12
3.2. Мемлекеттік органдардың қызметін цифрландыру......................................19
3.3. Цифрлық инфрақұрылымды дамыту..............................................................21
3.4. Адами капиталды дамыту................................................................................24
3.5. Инновациялық экожүйе...................................................................................24
4. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері.............................................................................................28
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар................................................................................................................................37
5.1. Экономика салаларын цифрландыру.............................................................37
5.2 Цифрлық мемлекетке көшу.............................................................................47
5.3. Цифрлық жібек жолын іске асыру.................................................................53
5.4. Адами капиталды дамыту...........................................................................56
5.5. Инновациялық экожүйені құру..................................................................57
5.6 Басқару жүйесі..............................................................................................61
6. Қажетті ресурстар...........................................................................................63
Глоссарий.............................................................................................................65
1. Бағдарламаның Паспорты
1-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.12.2019 жылғы № 949 Қаулысымен (29.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Бағдарламаның атауы |
"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы |
Әзірлеу үшін негіз |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Жолдауы |
Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган |
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар |
Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері |
Бағдарламаның мақсаты |
Орта мерзімді перспективада республика экономикасының даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның экономикасын болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшіруге жағдай жасау. |
Бағдарламаның міндеттері |
1. Өнеркәсіпті және электр энергетикасын цифландыру: |
Іске асыру мерзімі |
2018-2022 жылдар |
Нысаналы индикаторлар |
2022 жылы "Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру" секциясы бойынша еңбек өнімділігінің өсуі" – 38,9%. |
Қаржыландыру көздері мен көлемі |
2018 – 2022 жылдары Бағдарламаны іске асыруға 108 683 142 мың теңге*1 көлемінде бюджет қаражаты, оның ішінде: |
2. Кіріспе
2.1. Түйіндеме
2.1-кіші бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.12.2019 жылғы № 949 Қаулысымен (29.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)
"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) мақсаттары орта мерзімді перспективада Қазақстан Республикасы экономикасының даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның экономикасын болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшіруге жағдай жасау болып табылады.
Осы мақсатқа қол жеткізу дамудың екі бағыты бойынша жүруді білдіреді:
"Қазіргі экономиканы цифрландыру" - нақты сектордағы нақты жобалардан тұратын прагматикалық бастауды қамтамасыз ету, экономиканың қазіргі салаларын, мемлекеттік құрылымдарды цифрландыру және оларды технологиялық қайта жабдықтау жобаларын іске қосу және цифрлық инфрақұрылымды дамыту.
"Болашақтың цифрлық индустриясын құру" - адами капиталды дамыту деңгейін көтеру, инновациялық даму институттарын құру және жалпы алғанда, цифрлық экожүйені қарқынды дамыту есебінен ұзақ мерзімді орнықтылықты қамтамасыз ету, елдің цифрлық трансформациялауды іске қосу.
2018-2022 жылдар кезеңінде іске асырылатын Бағдарлама еліміздің флагмандық салаларын технологиялық жаңғыртуға қосымша серпін беруді қамтамасыз етеді және еңбек өнімділігінің ауқымды және ұзақ мерзімді өсуіне жағдай жасайды.
Бағдарламаны іске асырудың бес негізгі бағыты:
1. "Экономика салаларын цифрландыру" - еңбек өнімділігін арттыруға және капиталдандырудың өсуіне алып келетін озық технологиялар мен мүмкіндіктерді пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы экономикасының дәстүрлі салаларын түрлендіру бағыты.
2. "Цифрлық мемлекетке көшу" - қажеттіліктерін күні бұрын біліп халық пен бизнеске қызмет көрсету инфрақұрылымы ретінде мемлекеттің функцияларын түрлендіру бағыты.
3. "Цифрлық Жібек жолын іске асыру" - ішкі контур үшін де, Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін іске асыру үшін деректерді берудің, сақтаудың және өңдеудің жылдамдығы жоғары және қорғалған инфрақұрылымын дамыту бағыты.
4. "Адами капиталды дамыту" - жаңа жағдайға - білім экономикасына көшуді қамтамасыз ету үшін креативті қоғам деп аталатынды құруды қамтитын түрлендіру бағыты.
5. "Инновациялық экожүйені құру" - бизнес, ғылыми сала және мемлекет арасындағы орнықты көлденең байланыстармен технологиялық кәсіпкерлік пен инновацияны дамыту үшін жағдай жасау бағыты. Мемлекет инновацияларды өндіріске шығаруға, бейімдеуге және енгізуге қабілетті экожүйе катализаторы ретінде әрекет етеді.
Көрсетілген бес бағыттың шеңберінде 17 бастама мен 100-ден астам іс-шара қалыптастырылды, оларды іске асырудан түсетін қайтарылымды алдағы жылдардың ішінде айқын көруге болады, сондай-ақ болашақ экономикасының жаңа саласы ретінде цифрлық секторды қалыптастыруға негіз болатын іс-шаралардың негізгі нәтижесін келесі онжылдықтан байқауға болады.
Бағдарламаны іске асыру республикалық бюджет қаражатынан 109 млрд. теңге көлемінде қаржыландыру тартуды болжайды. Сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің 169 млрд. теңгеден астам қаражатын тарту күтілуде.
Бағдарламаны іске асыру бенефициарлары Қазақстан Республикасының барлық халқы, бизнес және мемлекеттік органдары болады, өйткені ол өмірдің барлық салаларына әсер етеді және мемлекеттің әрбір азаматы мен тұрғынының өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған. Бағдарлама жұмыспен қамту құрылымында елеулі өзгерістерге әкеледі - атап айтқанда, 2022 жылға қарай цифрландыру есебінен 300 жұмыс орны құрылады.
Қазақстан экономикасын цифрландырудың қазіргі орташа деңгейі бүгінгі күні кедергі болмайды, бірақ дамуға сапалы серпіліс жасау мүмкіндік, бұл елімізді әлемдік аренада бірінші орынға шығаруға мүмкіндік береді. Ол үшін осы Бағдарламада сипатталған бес бағыт бойынша және оған қосымшада аталған іс-шаралар шеңберінде шаралар кешенін және жүйелі жұмыстар қабылдау болжанады. Іс-шаралар тізбесі жаңартылып отырады.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |