• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2020 г

Отправить по почте

1

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығының 12-қосымша

Осы Бұйрық 12-қосымшамен толықтырылды ҚР Әділет министрінің м.а. 05.01.2018 жылғы № 18 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 13 маусымнан бастап ҚР Әділет министрінің м.а. 29.05.2020 жылғы № 67 Бұйрығына сәйкес
«Кондоминиум объектiсiн мемлекеттік тiркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 23.11.2018 жылғы № 1550 Бұйрығына сәйкес (05.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде
1. «Кондоминиум объектiсiн мемлекеттік тiркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді..
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлкі объектісінің тіркелген жері бойынша көрсетіледі.
мемлекеттік қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсетушіге түскен сәттен бастап (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бірақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі мерзімінің аяқталуынан бір күн бұрын беріледі);
Мемлекеттік қызмет көрсету бір айдан аспайтын мерзімге мынадай жағдайларда тоқтатылады:
1) сотқа берілген талап және өзге де арыздар (шағымдар) негізінде соттың қаулысы (ұйғарымы) негізінде;
2) прокурорлық қадағалау актілеріне сәйкес заңның бұзылуын жойғанға дейін;
3) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы Заңына сәйкес;
4) егер қажетті құжаттардың болмауы құжаттарды тіркеуге қабылдамауға негіз болып табылмаса, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген барлық құжаттарды көрсетілетін қызметті алушының ұсынбауы;
5) егер көрсетілген мән-жайлар құжаттарды тіркеуге қабылдаудан бас тарту үшін негіздер болып табылмаса, мемлекеттік органдардан шығатын құжаттарда қажетті ақпараттың болмауына немесе осындай құжаттарда қайшылықтардың болуына байланысты осы органдардан түсініктемелер алу немесе қажетті ақпарат сұратып алу үшін;
6) құқық белгілеуші құжаттар негізінде белгіленетін тіркеу объектісі мен өтініште көрсетілген тіркеу объектісі сәйкес келмеген кезде олардың арасындағы қайшылықтарды жою үшін тоқтатылады.
Мемлекеттік тіркеуді тоқтату тұру туралы шешімді көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды мемлекеттік тіркеуге қабылдаған сәттен бастап құжат берілген сәтке дейін, бірақ мемлекеттік тіркеу мерзімі өткеннен кешіктірмей қабылдауы мүмкін.
Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін қызметті алушыға күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минут;
Қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу жүргізілген немесе тіркеуді тоқтата тұру туралы белгісі бар құқық белгілейтін құжат не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3 және 9-тармақтарында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.
6. Мемлекеттiк қызмет тегін түрде жеке және заңды тұлғаларға көрсетiледi (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы):
Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдау және беру – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерiн қоспағанда, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, күн сайын түскі үзiлiссiз сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейiн.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеделдетiлген қызмет көрсетусiз «электрондық» кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті броньға қойылады.
8. Қызмет алушы (құқық иеленуші) немесе оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі мынадай:
жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша немесе оның өкілеттігін растайтын өзге де құжат бойынша:
Тіркеу сенімхаттың негізінде жүзеге асырылатын жағдайларда, сенімхаттың екі нұсқасы ұсынылады, оның ішінде біреуі төлнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі болып табылады.Тіркеуден кейін сенімхаттың төлнұсқасы мәлімдеушіге (уәкілетті өкілге) кері қайтарылады:
1) қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке тұға үшін) (сәкестендіру үшін);
2) осы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес белгiленген нысандағы Кондоминиум объектiсiн мемлекеттік тiркеу туралы өтініш;
3) тіркеу объектісін растайтын құқық белгілеуші және идентификаттау құжаттары, егер кондоминиум объектісін тіркеуден бұрын жер учаскесіне құқықтар тіркелмеген жағдайда;
4) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңында көзделген тәртіппен айқындалған ортақ мүліктегі үлестердің мөлшері.
Гидромелиоративтік кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1) осы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына белгiленген нысандағы Кондоминиум объектiсiн мемлекеттік тiркеу туралы өтініш;
2) су шаруашылығы құрылыстарының гидромелиоративтік жүйесінің паспорты;
3) гидромелиоративтік жүйе элементтері және ортақ үлестік меншік құрамына кіретін басқа да мүлік тізбесімен (каналдар, су беруді реттейтін құрылыстар, коллекторлы-кәрізді желі, тік кәріздеу ұңғымалар, электр желісі, электрлік құрал-жабдықтар, сораптар, осы құрылыстардың бұру жолақтарындағы жерлер) гидромелиоративтік жүйенің сызбасы;
4) гидромелиоративтік кондоминиумның құрамына кіретін және бөлек (жеке) меншікте (өзге құқықта) тұратын барлық жер учаскелеріне құқық белгілеуші және сәйкестендіруші құжаттардың көшірмелеріне қоса гидромелиоративтік кондоминиумға қатысушылардың тізімі;
5) гидромелиоративтік кондоминиумға қатысушылардың келісімімен белгіленген ортақ мүліктегі үлестерінің мөлшері немесе осы Ереженің 23 тармағымен қарастырылған тәртібі бойынша;
6) көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) жеке басын куәландыратын құжат немесе оның құзырлы өкілінің (төлнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын идентификаттау үшін ұсынылады).
Құқық белгілейтін құжаттардың екі нұсқасы ұсынылады, оның ішінде біреуі төлнұсқа немесе нотариалды куәландырылған көшірме болып табылады.
Мемлекеттік ақпарат жүйелерінде қамтылған жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді қызмет көрсетушінің және көрсетілетін қызметті беруші қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Егер «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы», «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңдарында және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші қызметті алушының немесе оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжат ұсынылғаннан кейін көрсетілетін қызмет құжаттары қолхат негізінде беріледі:
жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат немесе оның өкілеттігін растайтын құжат бойынша жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет нәтижесін алуға көрсетілген мерзімде жүгінбесе, көрсетілетін қызметті беруші оны қабылдау жері бойынша көрсетілетін қызметті алушы алғанға дейін сақталуын қамтамасыз етеді.
Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті қарауды тоқтату туралы өтініш білдіруге құқығы бар.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушы өтінішті жылжымайтын мүлік обьектісі орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы береді.
9. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) құқықтық катынастардың субъектiлерiмен объектiлерi, жылжымайтын мүлiкке және өзге де тiркеу объектiлерiне құқық немесе құқық ауыртпалығы түрi не олардың туындау, өзгеру немесе тоқтатылу негiздерi заңнама талаптарына сәйкес келмеген кезде;
2) егер өтініш беруші терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы Заңына сәйкес енгізілсе;
3) объектілердің құрылысы сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау жергілікті атқарушы органдардың тиісті ақпараттарына сәйкес, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі заңнамасының талаптарына сәйкес еместігі.
4) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 21-бабына сәйкес, егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік тіркеуге қажетті құжаттар топтамасын тоқтата тұру кезінде ұсынбаса.
5) тіркеуге ұсынылған құжаттар, нысаны мен мазмұны бойынша заңнама талаптарына сәйкес келмейтін болса;
6) құқықты немесе өзге де мемлекеттiк тiркеу объектiсiн мемлекеттiк тiркеудi болғызбайтын ауыртпалықтар болған кезде;
8) егер тiркеудi тоқтата тұру мерзiмi iшiнде тоқтата тұруға негiз болған мән-жайлар жойылмаған болса;
9) егер бұрын туындаған құқықтың ауысуы, өзгеруі, тоқтатылуы немесе оған қатысты ауыртпалықтың анықталуы тіркеу объектісі болып табылса, мұндай құқық ол туындаған кезде қолданыста болған заңнамаға сәйкес келмеген кезде;
10) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның меншік құқығын және тиісті саланың уәкілетті органының жалдау құқығын тіркеуді қоспағанда, мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына тиесілі жылжымайтын мүлікке құқықтарды және құқықтар ауыртпалығын тіркеуге өтініш білдірген кезде жүзеге асырылады.
10. Осы стандарттың 9-тармағының 6) тармақшасында белгіленген талаптар тіркеу кезінде қолданылмайды:
1) болған ауыртпалық өз мүддесінде тіркелген тұлғаның өзге ауыртпалықтары болмаған жағдайда, жылжымайтын мүлікке құқықтарының туындағанын;
2) жылжымайтын мүлікке құқықтардың мұраға қалдыру тәртібімен ауысқанын;
3) борышкердiң мүлкiн басқару құқығы оңалтуды не банкроттықты басқарушыға ауысқанын;
4) пайдалану құқығы түріндегі ауыртпалық тіркелген жылжымайтын мүлікке құқықтардың ауысқанын;
6) құқықтық кадастрдың тіркеу парағында қамтылатын құқық иеленуші туралы мәліметтердің өзгергенін;
7) бөлінуіне (бірігуіне) немесе нысаналы мақсатының өзгеруіне әкеп соқпайтын, жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгергенін;
8) кепіл міндеттемелері сомаларының өсуіне әкеп соқпайтын, шарттар талаптарының өзгергенін;
9) кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелердің орындалмауы туралы хабарламаларды;
10) құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы талапты қамтитын шартта (оның ішінде активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шартта) ықтимал ауыртпалықтардың болуы туралы тиісті нұсқау болған кезде үшінші тұлғалардың немесе мемлекеттік органдардың тарапынан осы Заңның 5-бабының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген ауыртпалықтар тіркелген жылжымайтын мүлік кепілі шарттары бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беруді тіркеу кезінде қолданылмайды.
Ауыртпалықтар болған кезде құқықтардың ауысуын тіркеген жағдайда тіркеуші орган тіркеуге өтініш берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде кепіл ұстаушыны немесе шешімі бойынша шектеу қойылған тиісті уәкілетті органды жүргізілген тіркеу туралы хабардар етуге тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған кезде, көрсетілетін қызметті берушіқызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3 Тарау.Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбі
11. «Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша, шешімге шағымдану, іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) мен көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның қызметкеріне шағым: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекен-жайға көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе мына мекен-жай бойынша: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, к. Мәңгілік ел, 10.
11-тармақ өзгертілді ҚР Әділет министрінің 29.07.2019 жылғы № 420 Бұйрығымен (23.11.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 19.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда, портал арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарушы Төрағасының блогіне беріледі (әрі қарай – Төраға блогі).
Шағымды кабылдаған адамның тегі және аты-жөні, аты, әкесінің аты, шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымды қабылдаудың расталуы болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі;
Көрсетілетін қызметті алушының шағымы көрсетілетін қызметті берушінің, мекенжайына келіп түскен уақытынан бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол, пошта, портал арқылы немесе Төраға блогіне жіберіледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген кезде, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген кезде, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіну құқығы бар.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен жүріп-тұру, бейімделу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды көрсетілетін қызметті берушіқызметкері көрсетілетін қызметті алушының тұратын жеріне барумен 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен жүргізеді.
13. Көрсетілетін қызметті беруші орындарының мекенжайлары Көрсетілетін қызметті берушінің – www.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушы порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алады.
«Кондоминиум объектiсiн
мемлекеттік тiркеу» мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша
  _________________________________________________________________
  («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалы)
  ӨТІНІШ №_____________ Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу туралы
_______________________________________________________________________ (кондоминиум қатысушылары)
_______________________________________________________________________ (уәкілетті өкілдің атауы мен деректері)
Негізінде _______________________________________________________________ (уәкілетті өкілдің құжатының деректері)
Тіркеуді сұраймын _______________________________________________________ (мемлекеттік тіркеу объектісінің түрі)
Кондоминиум объектісінің мекен-жайы: ____________________________________
Жалпы пайдаланатын жердің жалпы ауданы ________________________________
_______________________________________________________________________ (атауы, сериясы, нөмірі, кім және қашан берді)
__________________/_____________________________/_______________________ (күні) (өтініш берушінің қолы) (өтініш берушінің Т.А.Ә. (болған жағдайда – әкесінің аты) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
_______________________________________________________________________ (өтінішті қабылдаған маманның Т.А.Ә. және қолы)
Өтінішті орындау /қарау/ нәтижесі _________________________________________
_______________________________________________________________________ (тіркеуші маманның Т.А.Ә. және қолы)
«Кондоминиум объектiсiн
мемлекеттік тiркеу»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша
- әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.) немесе көрсетілетін қызметті алушы ұйымның атауы)
2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, көрсетілетін қызметті беруші Сіздің мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған (мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Осы қолхат 2 данада, әрбір тарап үшін бір данадан жасалды.