Bestprofi Logo

Бұйрық № 63 от 2018-01-31г./Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму жөніндегі министрлігі

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті» мемлекеттік мекемесінің және оның aумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 31.01.2019 г.

Документ на казахском языке

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті» мемлекеттік мекемесінің және оның aумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 63 бұйрығы

Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 31.01.2019 жылғы № 58 Бұйрығына сәйкес

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Маңғыстау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Ақтөбе облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Астана қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;

7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Шығыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;

8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;

9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;

10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Батыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;

11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Қарағанды облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;

12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Қостанай облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;

13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;

14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Павлодар облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;

15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;

16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережесі;

17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Түркістан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;

17-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 15.08.2018 жылғы № 575 Бұйрығына сәйкес (31.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Ақтау және Баутино порттарының теңiз әкiмшілiгi» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;

1-тармақ 19-тармақшамен толықтырылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 15.08.2018 жылғы № 575 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:

1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрық бекітілгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 63 бұйрығына қосымша

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Көлiк комитетi» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – Комитет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінiң (бұдан әрi – Министрлік) өз құзыретi шегiнде реттеуші, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ әуе және құбыржол көлiгiн қоспағанда, көлік саласында Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын ведомствосы болып табылады. Комитеттiң осы ережеге 1-қосымшаға сәйкес аумақтық органдары мен ұйымдары бар.

1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 15.08.2018 жылғы № 575 Бұйрығына сәйкес (31.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды

2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Комитет мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

5. Комитет өз құзыретiндегi мәселелер бойынша төрағаның бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

6. Комитеттiң құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің (бұдан әрі - Министр) келісімі бойынша Министрліктің жауапты хатшысы бекiтедi.

мемлекеттік тілде - «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Көлiк комитетi» республикалық мемлекеттiк мекемесi;

орыс тілінде - республиканское государственное учреждение «Комитет транспорта Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан»

8. Комитеттiң орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты.

9. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.

10. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

11. Комитет кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәніне шарттық қатынастарға түспейді.

Егер Комитетке кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыруға құқық берiлген болса, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2-тарау. Комитеттің негiзгi міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание