• Мое избранное
«Шетелдегі қазақтарды қолдаудың 2018-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Шетелдегі қазақтарды қолдаудың 2018-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Шетелдегі қазақтарды қолдаудың 2018-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында берген тапсырмасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Шетелдегі қазақтарды қолдаудың 2018-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ өзге де ұйымдар (келісім бойынша):
1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) жылына бір рет, есептi жылдан кейiнгi қаңтар айының 15-күнiнен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі есептi жылдан кейiнгi жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы « »________
№ ___ қаулысымен
Бекітілген
Шетелдегі қазақтарды қолдаудың 2018-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
 

Р /с №

Атауы

Аяқтау

нысаны

Орында уға

жауаптылар

Орындалу

ме рзімі

Болжанатын шығыстар

Қаржыландыру көздері

 

1

2

3

4

5

6

7

  1. Ш етелдегі этникалық қазақтардың бiлiм алуына және ана тілдерін сақтауына жағдай жасау

1

Шетелде тұратын қазақ-студенттері үшін білім деңгейіне қарай стипендиялық бағдарламаны енгізу



Қазақстан Республикасы ның Үкіметіне есеп

БҒМ

желтоқсан

201 9 жыл



талап етілмейді



2

Шетелдегi қазақ мектептерiн және қазақ мәдени орталықтарын гуманитарлық бағыттағы оқулықтармен және оқу-әдiстемелiк құралдармен қамтамасыз ету

МСМ-ге ақпарат

БҒМ, МСМ, СІМ, ДҚҚ (келісім бойынша)

жыл сайын

2018-2022 жылдар

099 «Мектепте сапалы білім беруге қол жетімділікті қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы,

102 «Орта білім беру саласын әдістемелік қамтамасыз ету»

кіші

бағдарламасы;

021 «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде

РБ

3

Шетелдегi қазақ мәдени орталықтарын сұраныстарына қарай гуманитарлық бағыттағы әдебиеттермен қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы ның Үкіметіне ақпарат



МСМ, СІМ, ДҚҚ (келісім бойынша)

жыл сайын

2018-2022 жылдар

талап етілмейді



4

Шетелдегі қазақтарға арналған оқу-әдістемелік құрал әзірлеп, шығару, сондай-ақ оны интернет-ресурстарға орналастыру

оқу-әдістемелік құрал

МСМ, СІМ, ДҚҚ (келісім бойынша)

2018 жыл желтоқсан

021 «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде



5

Шетелдегі қазақтардың балаларын демалыс уақыттарында білімдік және танымдық бағыттағы Қазақстандағы лагерьлерге тарту

МСМ-ге ақпарат

Астана, Алматы қалалары және облыстардың әкімдіктері, БҒМ (жинақтау), СІМ, ДҚҚ (келісім бойынша)

жыл сайын

2018-2022 жылдар

көзделген қаражат шегінде



6

Шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдерін Қазақстан Республикасында жоғары білім алуы үшін квотамен қамтамасыз ету





МСМ-ге ақпарат

БҒМ, Астана, Алматы қалалары және облыстардың әкімдіктері, ДҚҚ (келісім бойынша)



жыл сайын

2018-2022 жылдар

204 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі

білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы,

100 « Жоғары , жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау және оқушыларға әлеуметтік қолдау көрсету » кіші

бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде

РБ

7

Шетелдегі этникалық қазақтарды Қазақстанның көрнекі жерлерімен таныстыру, сондай-ақ әдеби және рухани құндылықтарын сақтау мақсатындағы «Жалпыұлттық маңызы бар Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясы» көп функционалды виртуалды картасы, «Абай әлемі» онлайн-энциклопедия, «Qazaqstan 3D» мультимедиялық жобасы, «Жетi қазына» мобильді қосымшалары жобаларын Қазақстанның шет елдердегі елшіліктері арқылы таныстыру

МСМ-ге ақпарат

СІМ, ДҚҚ (келісім бойынша)

МТДҚ КҚ, «Отандастар қоры» КЕАҚ



жыл сайын

2018-2022 жылдар

талап етілмейді



  1. Шет елдерде тұратын қазақ диаспорасымен мәдени-гуманитарлық байланыстарды ұстау үшiн жағдай жасау

8

Шет елдерде қазақ мәдени орталықтарын құру мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасы ның Үкіметіне ақпарат

МСМ,СІМ

желтоқсан 2019 жыл

талап етілмейді



9

Шетелде тұратын қазақ диаспорасының ғылыми, мәдени және шығармашылық ұйымдарымен тұрақты қарым-қатынас орнату

МСМ-ге ақпарат

СІМ, БҒМ, ДҚҚ (келісім бойынша)

үнемі

талап етілмейді



10

Шетелдегі қазақ мәдени орталықтарын, қазақ бірлестіктерін қазақтың ұлттық киімдері, ұлттық музыка аспаптары, ұлттық бұйымдарымен қамтамасыз ету

МСМ-ге ақпарат

ДҚҚ (келісім бойынша), «Отандастар қоры» КЕАҚ, Астана, Алматы қалалары және облыстардың әкімдіктері

жыл сайын

2018-2022 жылдар

демеушілік және қайырымдылық қаражаты есебінен





11

Шет елдермен мәдени ынтымақтастық шеңберінде өткізілетін іс-шараларға (фестивальдер, поэзия кештері, ақындар сайыстары, қазақ киносы күндері) қазақ диаспорасы өкілдерiн тарту

Қазақстан Республикасы ның Үкіметіне ақпарат

МСМ, СІМ, ДҚҚ (келісім бойынша)

жыл сайын

2018-2022 жылдар

талап етілмейді



12

Шет елдерде тұратын қазақ диаспорасымен өзара iс-қимыл мәселелерi бойынша қазақтардың кіші құрылтайын өткізу

кіші құрылтай

МСМ, СІМ, ДҚҚ (келісім бойынша)

жыл сайын

2018-2022 жылдар

021 «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде

РБ

13

Шетелдегі қазақтардың қатысуымен халықаралық өнер фестивалін өткізу

халықаралық өнер фестивалі

МСМ, СІМ, ДҚҚ (келісім бойынша)

жыл сайын

2018-2022 жылдар

021 «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде

РБ

14

Шетелдегі қазақтарға Қазақстанның киелі жерлерін таныстыру мақсатында іс-шаралар өткізу:

тарихи киелі орындарда болу;

қазақтың рухани құндылықтары және салт-дәстүрлерімізді сақтау тақырыбындағы семинар-тренинг;

қазақ тілін оқытудың онлайн-курстарын таныстыру

киелі жерлерде болу, семинар-тренинг, таныстыру рәсімі

МСМ, СІМ, ДҚҚ (келісім бойынша), МТДҚ КҚ

жыл сайын

2018-2022 жылдар

021 «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде



РБ

15

Қазақстанның киелі жерлерін таныстыру мақсатындағы ақпараттық-анықтамалық материалдарды әзірлеу және шығару

ақпараттық- анықтамалық материалдар

МСМ, ДҚҚ (келісім бойынша)

жыл сайын

2018-2022 жылдар

021 «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде

РБ

16

Шетелде тұратын отандастар мәселелері бойынша әлеуметтанушылық зерттеу жүргізу

әлеуметтанушылық зерттеу нәтижесі бойынша есеп

МСМ, ДҚҚ (келісім бойынша)

жыл сайын

2018-2022 жылдар

001 «Мәдениет, спорт және туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру» бюджеттік бағдарламасы,

103 «Әлеуметтік, сараптамалық зерттеулер жүргізу және консалтингтік қызметтерін көрсету» кіші

бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде

РБ

3. Шетелде тұратын қазақ диаспорасымен халықаралық байланыстарды дамыту мақсатында ақпараттық-үйлестіруді қамтамасыз ету

17

Шетелдегі танымал қазақтар жайлы «Алыстағы ағайын» фильмдер циклын шығару



фильмдер циклы

МСМ

ДҚҚ (келісім бойынша)

жыл сайын 2018-2022 жылдар

033 «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» бюджеттік бағдарламасы, 104 «Ұлттық фильмдер шығару» кіші

бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде

РБ

18

Қазақ халқының тарихы, мәдениеті және дәстүрлері туралы роликтер сериясын түсіру және оларды көрсетуді ұйымдастыру

роликтер сериясы

АКМ

ДҚҚ (келісім бойынша)

жыл сайын 2018-2022 жылдар

003 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде



РБ

19

Шекаралас елдердің аумағында, әсiресе қазақ диаспорасы тығыз орналасқан жерлерде мемлекеттік телеарналарды көрсетуді ұйымдастыру

МСМ-ге ақпарат

АКМ, СІМ, ДҚҚ (келісім бойынша), Астана, Алматы қалалары және облыстардың әкімдіктері

жыл сайын

2018-2022 жылдар

003 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде



РБ

20

«Қазақстан» телеарнасында шет елдерде тұратын қазақтардың қызметі, сонымен қатар шет елдерден Қазақстанға көшіп келген қазақтар туралы қолданыстағы бағдарламалар аясында ақпараттық сүйемелдеу,

«Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінде арнайы айдар ашу



МСМ-ге ақпарат

АКМ



жыл сайын

2018-2022 жылдар

003 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде





21

Шет елдердегі танымал қазақ диаспорасы өкілдері туралы қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету



МСМ-ге ақпарат

АКМ, СІМ, ДҚҚ (келісім бойынша)

жыл сайын

2018-2022 жылдар

003 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде



РБ

22

«Қиырдағы қазақтар» сериялы деректі фильмдер түсіру

деректі фильм

АКМ

жыл сайын

2018-2022 жылдар

003 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде



РБ

23

Шет елдердегі қазақ диаспорасына арналған «Туған тіл» халықаралық қоғамдық-саяси, әдеби-көркем альманағын әзірлеп, шығару



«Туған тіл» халықаралық қоғамдық-саяси, әдеби-көркем альманағы

МСМ, ДҚҚ (келісім бойынша)

тоқсан сайын

2018-2022 жылдар

021 «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде

РБ

24

Шетелдегі қазақтарды мемлекеттік тілді дамыту тележобасына тарту

тележоба

МСМ

жыл сайын

2018-2020 жылдар

021 «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде



РБ

4. Шеттегі және елге көшіп келген қазақ диаспорасын қолдау үшін Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы жұмысын жандандыру

25

Қазақстандық кәсіпкерлерлер мен шетелдегі қазақтар қатарындағы бизнесмендер арасында қарым-қатынастар орнатуға ықпал ету, шетелдерде тұратын қазақтардың Қазақстан аумағында бизнесін өрістетуіне жағдай жасау тетіктерін қарастыру

МСМ-ге ақпарат

ДҚҚ (келісім бойынша), «Атамекен» ҚР ҰКП, ҰЭМ,

СІМ, ЕХӘҚМ





жыл сайын

2018-2022 жылдар

талап етілмейді



26

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда филиалдарын құруға ықпал ету

МСМ-ге ақпарат

ДҚҚ (келісім бойынша), Астана, Алматы қалалары және облыстардың әкімдіктері

жыл сайын 2018-2019 жылдар

талап етілмейді



27

Шетелдегі қазақ диаспорасын қолдау жұмысына сіңген еңбегі үшін жеке және заңды тұлғаларды ынталандыру

МСМ-ге ақпарат

ДҚҚ (келісім бойынша),

«Отандастар қоры» КЕАҚ, «Атамекен» ҚР ҰКП

жыл сайын

2018-2022 жылдар



демеушілік және қайырымдылық қаражаты есебінен



28

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы және «Отандастар қоры» КЕАҚ-ның интернет ресурстарының қызметін қамтамасыз ету

МСМ-ге ақпарат

ДҚҚ (келісім бойынша),

«Отандастар қоры» КЕАҚ



жыл сайын

2018-2022 жылдар



демеушілік және қайырымдылық қаражаты есебінен



29

«Отандастар» қорының жұмыс істеу тетіктері мен қаржы көздерін, оған қазақ бизнесмендерінің өз үлестерін қосу мүмкіндіктерін қарастыру

МСМ-ге ақпарат

ДҚҚ (келісім бойынша), «Атамекен» ҚР ҰКП, Астана, Алматы қалалары және облыстардың әкімдіктері

жыл сайын

2018-2022 жылдар



талап етпейді



30

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы жұмысын жаңғырту мақсатында аталған қауымдастыққа мүшелікке өту жұмыстарын үйлестіру және реттеу

МСМ-ге ақпарат

ДҚҚ (келісім бойынша), Астана, Алматы қалалары және облыстардың әкімдіктері

жыл сайын 2018-2022 жылдар

талап етілмейді



Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
 

ҚР АКМ

-

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

ҚР БҒМ

ҚР ЕХӘҚМ

ҚР ҚМ

-

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

ҚР МСМ

-

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

ҚР СІМ

ҚР ҰЭМ

«Атамекен» ҚР ҰКП

ДҚҚ

МТДҚ КҚ

-

-

-

-

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

«Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы

«Мемлекеттік тілді дамыту қоры» корпоративтік қоры

«Отандастар қоры» КЕАҚ

РБ

-

-

«Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы



республикалық бюджет

 ________ ______________
«Шетелдегі қазақтарды қолдаудың 2018-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
 

Р/с





Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпарат

1.





Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

2.





Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдаудың негіздемесі және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемесі

2017 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Президентінің Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында берген хаттамалық тапсырмасының 1.4-тармағын орындау



3.





Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)

Жоба 2018-2022 жылдарға арналған республикалық бюджеттен бөлінген қаражат, демеушілік және қайырымдылық қаражаты шегінде іске асырылады



4.





Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар





Бiртұтас қазақ ұлтының құрамдас бөлiгі ретiнде шетелде тұратын қазақ диаспорасының әлеуметтiк-экономикалық құқын қорғау және жан-жақты қолдау көрсету

5.





Нақты мақсаттар, күтілетін нәтижелердің мерзімі

Шетелде тұратын қазақ диаспорасының өздері тұратын елдің этникалық ортасында өмір сүре отырып, өздерінің ұлттық ерекшеліктерін сақтап қалуы үшін жағдай жасау

6.





Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Жоқ



7.





Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудің талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы

Талап етілмейді



8.





Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (ол бар болса)

Жоқ

9.





Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі

Талап етілмейді



10 .





Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргiзiлген жағдайда, оның нәтижелері

Жүргізілген жоқ

11.





Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаларды және оларға материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі

Жоқ



12.





Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны)

Жоба ҚР МСМ www . mks . gov . kz интернет-ресурс ына орналастырылды , көлемі 170 Кб

13.





Тауарларды сатуға, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаны, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулының жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады

Жобаның баспасөз хабарламасы ҚР МСМ www . mks . gov . kz интернет-ресурс ына орналастырылды

14.





Халықаралық шартты ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат

Жоба халықаралық келісімдерге жатпайды

Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы